12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бейбітшілік, әділ сот — еліміздің басты байлығы

Бейбітшілік – әр адамның өмір сүруге, еңбек етуге және өз болашағын құруға деген құқығын қорғаушы негізгі күш. Соғыссыз, қақтығыссыз өмір – бұл тек қана ел ішіндегі емес, әлемдегі тұрақтылықтың белгісі. Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді институттар бейбітшілікті сақтауға үлкен үлес қосуда. Тәуелсіз Қазақстанның басты жетістіктерінің бірі – көпұлтты мемлекетімізде ұлтаралық келісімді қамтамасыз етуі. Тұрақты даму мақсаттары (ТДМ)» — бұл Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттер 2030 жылдың соңына дейін қол жеткізуге бағытталған мақсаттарды қамтитын әмбебап әрекетке шақыру.ТДМ-ның 16-мақсаты «бейбітшілік,әділдік және тиімді институттар».Тұрақты даму мақсаттарына жету үшін ең бастысы ел ішіндегі татулық маңызды.Бейбітшілік пен әділдік – адамзат тарихындағы ең үлкен құндылықтардың бірі. Олар қоғамның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізін құрайды. Халықтың бірлігі мен мемлекеттегі тәртіп осы екі ұғымның ұштасуымен ғана мүмкін болады.Бейбітшілік жоқ жерде даму болмайды. Тарихтың өзінен-ақ көрініп тұр: қақтығыстар мен соғыстар елдерді экономикалық құлдырауға алып келді, мәдени мұраны жойды және миллиондаған адамның тағдырына әсер етті. Сондықтан бейбіт өмірді сақтау – әрбір азаматтың және мемлекеттің басты міндеті.

Әділеттілік – қоғамның тұрақты дамуының кепілі. Әділ сот жүйесі әр азаматтың құқығын қорғап, заң үстемдігін қамтамасыз етеді. Егер сот жүйесі әділ болмаса, елде заңсыздық пен жемқорлық орын алады.Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілгендей, сот – құқық пен әділеттің кепілі. Әділ сот арқылы азаматтардың мемлекетке деген сенімі артады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, құқықтық мемлекеттерде экономикалық және әлеуметтік даму деңгейі жоғары болады. Бұл сот жүйесінің әділдігі мен тиімділігінің маңыздылығын айқындайды. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасы кафедрасы өз тарапымыздан жоғарыда аталған мақсаттарға жету жолында үлесімізді қосудамыз. Оқытушылар құрамы студенттермен дөңгелек үстел,акциялар,пікірсайыс т.б өткізуде.Болашақ заң саласының мамандарына қара қақ жарған әділетті болуға және құқықтық мәдениет пен этиканы сақтауға шақырады.

Бейбітшілік пен әділ сот – бір-бірімен тығыз байланысты ұғымдар. Олар болмаса, елдің болашағы бұлыңғыр болмақ. Әділетсіздік пен қақтығыстар тек жеке адамдарға ғана емес, бүкіл қоғамға зиянын тигізеді.Сондықтан әрбір азамат бейбітшілікті сақтауға және әділдікке ұмтылуы тиіс. Мемлекет өз тарапынан осы құндылықтарды қорғау үшін барлық қажетті шараларды қабылдауы қажет. Біздің ортақ міндетіміз – бейбіт те әділ қоғамды құру және оны келер ұрпаққа аманаттау.Бейбітшілік пен әділ сот – кез келген елдің басты байлығы. Олар тек қана мемлекеттің ғана емес, бүкіл әлемнің тұрақты дамуына ықпал етеді. Елімізде бейбіт өмірдің қадірін біліп, әділетті қоғам құруға атсалысайық. Осылайша, біз болашағымызды жарқын ете аламыз.

Нурбакытова Ж.Н.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы, конституциялық және әкімшілік құқық

 кафедрасының оқытушы 

Әкімшілік істерде татуласқан тиімді

Елімізде «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Еститін Үкімет» қағидасын...

Тіл ел байлығы

Тіл -  басты байлығымыз, ол қай ұлтта, қай елде...

Новые изменения в Уголовном кодексе: важные моменты и их значение

5 июля 2024 года Парламент Республики Казахстан принял важный...

Когда может понадобиться административный иск?

Административным процедурно-процессуальным кодексом, действующим в Казахстане с 1 июля...

Жемқорлықты жеңу басты мақсат!

Қазақстан үшін сыбайлас жемқорлықты еңсеру мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының...