Бейбіт Әбдікен: Ғылымға құрмет – ғалымдарға қанат бітіреді 

Қазақстанда мықты математикалық мектеп қалыптасқан, ал соның негізінде компьютерлік ғылымдар да дамып келеді.

Мемлекет басшысы бүгін ғылым саласында еңбек етіп жүрген ғалымдарға құрмет көрсетіп, арнайы төсбелгімен марапаттады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Соңғы жылдары Қазақстанда ғылым саласы қарқынды дамып келеді. Әсіресе, жасанды интеллект саласы ерекше назарға алынып, оны түрлі салада қолдану бағытында нақты жобалар іске асуда.

Бұл бағыттың негізі – математика. Қазақстанда мықты математикалық мектеп қалыптасқан, ал соның негізінде компьютерлік ғылымдар да дамып келеді. Сонымен қатар, жақында ашылған ірі дата-орталықтар жасанды интеллект жобаларын жүзеге асыруға үлкен мүмкіндік беріп отыр. Сондықтан елімізде жасанды интеллект саласы жақсы деңгейде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар, — дейді Бейбіт Әбдікен.

Бейбіт Әбдікен – Астана IT университетінің Жасанды интеллект және ғылыми-инновациялық орталығының директоры, ассистент профессоры.  Оның ғылым саласында 12 жылдық тәжірибесі бар. Ғалым бүгін Мемлекет басшысының жарлығымен «Ерен еңбегі үшін» медалімен наградталды.

Негізгі ғылыми бағытым – жасанды интеллект және оның түрлі салаларда қолданылуы. Ғылыми диссертациялық жұмысым қатерлі ісікті болжаудың математикалық моделіне арналған. Қазіргі уақытта да осы бағыттағы зерттеулерді жалғастырып келеміз. Сонымен қатар нейроғылым, яғни мидың сигналдарын талдау және болжау бойынша жобалармен де айналысамыз, — дейді ол.

Сондай-ақ профессор мемлекеттен ғалымдарға көрсетіліп жатқан мұндай құрмет оларды қанаттандыратынын айтады.

Бүгінгі алып отырған марапатымыз біз үшін өте маңызды. Бұл – ғалымдардың еңбегі еленіп, ғылымның ел үшін маңызы жоғары екенін көрсетеді. Алдағы уақытта да ірі ғылыми жобаларды жүзеге асырып, олардың нәтижесі ел игілігіне қызмет етеді деп сенеміз, — дейді ол.

 Әбдікенов болашақта да жаңа ғылыми жаңалықтар ашуға және осы бағыттағы жұмыстарды одан әрі ілгерілетуге ниетті екенін жеткізді.

Турнир по мини-футболу

17 ОКТЯБРЯ 2026 ГОДА В СПОРТИВНОМ КОМПЛЕКСЕ ФУТЗАЛЬНОГО КЛУБА...

Мақсат ХАЛЫҚ, қаржыгер-экономист: «ШЫҒЫНДАРДЫ ЖАЗЫП ОТЫРУДЫ ДАҒДЫҒА АЙНАЛДЫРУ ҚАЖЕТ»

Қазіргі қоғамда «қарыз, несие» деген ұғымдардың өмірімізге етене еніп...

Дружба, связанная правом и веками 

25 октября в Республике Казахстан отмечается главный национальный праздник...

ЕҰУ жас ғалымдарға баспаналы болу мүмкіндігін сыйлады

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті (ЕҰУ) мен «Отбасы...