Базар, жер және кәсіпорындар: қандай нысандар мемлекет меншігіне қайтарылмақ?

Экономикалық ресурстардың заңсыз шоғырлануына қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссия сатып алу-сату шарттарын жарамсыз деп тану және олигополия меншігіне өткен нысандарды мемлекет меншігіне қайтару бойынша жұмыс жүргізіп жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Комиссияның ресми өкілі Зейін Әліпбектің айтуынша, соттар жалпы сомасы 13,5 миллиард теңгеге жуық мүлікті мемлекет меншігіне қайтару туралы прокурордың 10 талап арызын қарап жатыр.

Олардың ішінде:

  • елордалық «Шапағат» базары;
  • Шымкент қаласындағы қоқыс өңдеу кәсіпорындары – «Таза қала» МКК және «ЛТД Тұрмыс» ЖШС;
  • «Қазақ инновациялық университеті» ЖШС меншігіндегі Шымкент қаласындағы 150 гектар жер телімі, құны 4,5 миллиард теңге;
  • «Сарыағаш» санатория-курорт кешенінен 1,44 гектар жер;
  • Ақмола облысында 17 мың гектар жер;
  • Алматы қаласында құны 2,9 миллиард теңге болатын 3,84 гектар жер;
  • «Найза-БН» ЖШС жарғылық капиталының 65 пайызы (Алматы қаласындағы «Барыс-4+» базары) бағалау құны 1,5 миллиард теңге.

«Бұдан басқа, активтерді кейіннен шығару, экономикалық ресурстарды монополиялық (олигополиялық) шоғырландыру мақсатында мемлекеттік мүлікті заңсыз иелену, міндеттемелерден, оның ішінде салықтық міндеттемелерден жалтару деректерін анықтау тұрғысынан азаматтық істер бойынша сот актілеріне тексеру жүргізіледі.

Қазір Жоғарғы сот қарауында жалпы сомасы 21 миллиард теңгеге олигополия өкілдері пайдасына жасалған сот шешімдерін қайта қарау туралы Бас прокуратураның 11 наразылығы жатыр», — деді Зейін Әліпбек.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...