12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бауыржан ЫСҚАҚ, «Тұран-Астана» университетінің профессоры, э.ғ.к.: «НАРЫҚТЫҚ ТРЕНДТЕ БӘСЕКЕ ӘЛСІЗ»

– Бауыржан Мұратбекұлы, ел экономикасының дамуында қаржы секторының алатын орны ерекше екеніне ешкім күмəнданбайды. Экономист ғалым ретінде қоғамдағы қаржылық сауаттылықтың деңгейіне қандай баға берер едіңіз?

– Қазақстандағы қаржы секторы ел экономикасының деңгейі болып саналады. Ол тек банк жүйесімен ғана шектелмейді. Оған – сақтандыру, инвестициялық қорлар, зейнетақы жүйесі, қор нарығы, мемлекеттік қаржы, жеке капитал мен ұлттық активтерді басқару сияқты салалар кіреді. Қаржылық сауаттылық бұл мықты қоғам құрудың алғышарты. Дəл қазіргі уақытта халықтың көп бөлігінде қаржылық жоспарлау, инвестициялау, қарыз алу мен төлеу, сақтандыру сынды ұғымдар бойынша білім деңгейі өте төмен. Қаржы пирамидаларына алданушылар санының көптігінің өзі осыған дəлел. Яғни, мектеп, колледж, жоғары оқу орындарында жүйелі қаржылық білім беру деңгейі жеткіліксіз. Сол үшін де біз болашақта қаржылық сауаттылықты мемлекеттік деңгейде оқыту бағдарламаларын енгізуіміз керек.

– Қаржы институттарының экономиканың тұрақты дамуына қосар үлесі қомақты. Қаржы секторының бүгінгі бағыт-бағдары мен болашақ межесі туралы ойыңыз қандай?

– Қаржы институттары қаржы тұрақтылығының тірегі болып табылады. Ондағы негізгі ойыншылар ретінде – банктер, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, бағалы қағаздар нарығы, микроқаржы ұйымдарын айтуға болады. Оған «Бəйтерек», «Самұрық-Қазына» сияқты даму институттарын жатқызамыз. Қазіргі уақыттағы трендтер – цифрландыру, яғни, банктердің онлайн қызметтерге көшуі, микроқаржыландырудың əлеуметтік осал топтарға бағытталуы. Бұдан бөлек «жасыл қаржы» сияқты қағидалардың да кіріп жатқаны белгілі. Ал болашақ туралы айтар болсақ көп қаржы институттары тəуекелге барудан қорқады. Нарықтық трендте бəсеке əлі де жеткіліксіз. Кредитке қолжетімділік де өңірлерде тең емес.

– Экономиканы қаржыландыру мен инвестиция тартудағы мүмкіндіктер ше? 

– Бұл жердегі мүмкіндіктер, яғни халықаралық қорлар, суверенді қаржы институттары деп айтуға болады. Біріккен Ұлттар Ұйымы, Азия даму банкі, Еуропа қайта құру жəне даму банкі сияқты ұйымдар арқылы инвестициялық мүмкіндіктер бар. Астана халықаралық қаржы орталығының Қазақстанның қаржы хабына айналу үшін талпынысының өзі біздің елдегі мүмкіндіктер. Егер осы салада қандай мəселе бар? Ішкі инвестициялық орта əлсіз дамып жатыр. Корпоративтік облигациялар нарығы əлі де кең көлемде дамымай жатыр. Кəсіпкерлер үшін ұзақмерзімді арзан қаржы көздерінің жетіспеушілігі бар. Оның болашақта қор нарығын дамыту үшін ІРО мен жеке инвесторлардың санын арттыруымыз керек. Шағын жəне орта бизнеске арзан ресурстарды қолжетімді етіп, ислам қаржысы, жасыл облигациялар сынды балама тетіктерді кеңейтуіміз керек.

– Мемлекеттік қаржының тиімділігі туралы да айта кетсеңіз?

– Экономиканы қаржыландыруда мемлекеттік қаржының тиімді жұмсалуы мен есептілігін біз əрдайым ескеруіміз керек. Дəл қазіргі жағдайда мемлекеттік бюджет шығындары өте үлкен. Инфрақұрылым,əлеуметтік бағдарламаларға бағытталған қаржының көп бөлігі мемлекеттік шығындардан кетіп отыр. «Самұрық-Қазына», «Бəйтерек» сияқты квазимемлекеттік сектор арқылы экономикаға инвестиция құйылып жатыр. Бұл жерде қандай мəселе бар? Бюджет қаржысын тиімсіз пайдалану, жемқорлық тəуекелдерінің болуы, тиімділік пен нəтиже көрсеткіштерінің əлсіздігі, жобалардың нақты экономикалық қайтарымы туралы ақпараттың болмауы. Бұл жағдайда не істеуміз керек? Бірінші кезекте қаржылық трансференттілікті, яғни бюджеттің ашықтығын, онлайн бақылауды күшейтуіміз қажет. Сосын нəтижеге бағытталған бюджетті жоспарлауымыз керек. Жобаларды тəуелсіз аудит пен сараптамалардан өткізіп барып жүргізуіміз керек деп айтуға болады.

– Жеке капитал мен активтерді басқаруда қандай тенденциялар бар?

– Мемлекеттік активтерді жекешелендіру. «Самұрық-Қазына» компанияларын ІРО-ға шығару, жеке инвестициялық қорлардың дамуы сияқты салаларды біз көбейтуіміз керек. Бұл жерде активтердің нақты құны мен тиімділігі ашық емес. Қоғамның сенім деңгейі де төмен. Тиімді басқару көрсеткіштері мен тəуелсіз бақылау жүйелерінің əлсіздігін де атап өтуге болады.

– Оның болашағы қандай?

– Болашақта біз Ұлттық активтерді басқарудың ашықтығы мен кəсібилігін арттырсақ керек. Зейнетақы, сақтандыру қорларының инвестициялық құралдарға айналуын қамтамасыз етіп, халықтың жеке инвестициялық мəдениетін дамыту сияқты жұмыстарды да атқаруымыз керек. Қорытындылап айтатын болсақ Қазақстанның қаржы секторы жоғары əлеуетке ие. Бірақ қазіргі таңда бірқатар жүйелік реформалар мен стратегиялық шешімдердің қажет екенін көрсетіп отыр. Қаржылық сауаттылықты арттырып, қаржы институттарының экономиканы қаржыландыруға байланысты жүргізіп жатқан жұмыстарын жөнге келтіруіміз керек. Қаржы секторы экономиканың тамыры, оны тиімді басқару елдің өркендеуінің кепілі. Қаржылық сауаттылық əр азаматтың жеке тұрақтылығы мен ертеңіне салынған инвестиция екенін ескеруіміз керек.

– Сұхбатыңызға рақмет.

Сұқбаттасқан Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Инклюзия и тифлопедагогика

В НАЦИОНАЛЬНОМ НАУЧНО-ПРАКТИЧЕСКОМ ЦЕНТРЕ РАЗВИТИЯ СПЕЦИАЛЬНОГО И ИНКЛЮЗИВНОГО ОБРАЗОВАНИЯ...

О благонадежности в предпринимательской деятельности

В настоящее время каждый предприниматель сталкивается с вопросом проверки...

Аспекты таможенной экспертизы

В этом году исполнилось 30 лет Конституции Казахстана. Напомним,...

Профилактика как гарант законности и порядка

СОТРУДНИКИ ПРОКУРАТУРЫ Г. ШЫМКЕНТА СОВМЕСТНО С ПРЕДСТАВИТЕЛЯМИ УПОЛНОМОЧЕННЫХ ОРГАНОВ...

Вектор развития науки и образования

Преподаватели и студенты Казахского национального университета им. аль-Фараби совместно...