Батыс Қазақстан облысында карантин күшейтілді: Демалыс күндері локдаун енгізілді

Батыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері Мұхаметғали Арыспаев шектеу шараларын күшейту туралы жаңа қаулы шығарды. Құжат 20 наурызда күшіне енеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Батыс Қазақстан облысы аумағында келесі шектеу шаралары енгізілсін:

  • ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу және т. б.), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге тыйым салу;
  • барлық ойын-сауық объектілерінің (кинотеатрлардың, театрлардың, мәдениет объектілерінің (дайындық), банкет залдарының, барлық түрдегі ойын алаңдарының (аулаларды қоспағанда), түнгі клубтардың, барлардың, караокенің, бильярдтың, компьютерлік және ойын клубтарының, батут орталықтарының, кальяндық, букмекерлік кеңселердің қызметіне, кейтерингтік қызметтер көрсетуге және мерекелерді ұйымдастыру бойынша қызметтер көрсетуге, меншік нысанына қарамастан мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (кезекші топтарды қоспағанда) қызметіне тыйым салуды;
  • коронавирустық инфекцияның профилактикасына бағытталған және халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған қызметтерді қоспағанда, мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор ұйымдары қызметкерлерінің кемінде 80%-ын (адам саны 15 және одан жоғары) «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыру, сондай-ақ жеке кәсіпкерлік қызметкерлерінің кемінде 50%-ын «қашықтықтан» жұмыс нысанына ауыстыруды ұсынамыз», — делінген қаулыда.

Құжатта 5 (бес) жасқа дейінгі балаларды, сондай-ақ әлеуметтік қашықтық сақтау арқылы қоғамдық тамақтану орындарында тамақтану жағдайларын қоспағанда, қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, оларға қызмет көрсетуге және демалуға арналған үй-жайларда, қоғамдық автокөліктерде, портпен шұғылданбасаңыз, ашық ауада да  медициналық немесе мата бетперделерді кию міндетті екені жазылған.

ХҚКО — ға келетін болсақ, олар жұмыс күндері 9:00-ден 18:00-ге дейін және сенбі күні 9:00-ден 14:00-ге дейін жұмыс істейді. Карантиндік шараларды сақтау үшін ХҚКО-ға және арнайы ХҚКО-ға баруды Egov.kz, телеграмм-бот EgovKZBot 2.0 арқылы алдын ала жазылу керек.

Азық-түлік және азық-түлік емес ашық және жабық базарлар жұмыс күндері сағат 09.00-ден 17.00-ге дейін ашық болады. Сенбі және жексенбі күндері жұмысына тыйым салынады.

Сауда үйлері мен орталықтары сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Бұл оларда орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларға, сұлулық салондарына, химиялық тазартқыштар, гүлдерді сату дүкендеріне, фотосалондарға, банктерге (банкоматтарды) қатысты емес. Сенбі және жексенбі күндері жұмысы тоқтатылады.

Қоғамдық тамақтану объектілеріне сағат 9:00-ден 22.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Бұл ретте ұжымдық, салтанатты, отбасылық және басқа да бұқаралық іс-шаралар өткізілмейді.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...