Басты міндет – халыққа адал қызмет

Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі «100 нақты қадам» ұлт жоспарында мемлекеттік аппаратты кәсібилендіруге айрықша көңіл бөлінген. Соның негізінде мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалар жаңартылып, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге жоғары талаптар қойды. Себебі, республикамыздың дамуы мен халықтың әл-ауқатының артуын, сондай-ақ,  тағы басқа да өзекті мәселелердің оңынан шешілуін мемлекеттік қызметшілердің еңбегінен бөліп қарай алмаймыз.

Халықпен тығыз байланыста жұмыс істейтін мемлекеттік қызметшілерге азаматтардың мүддесін әділ қорғап, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету, яғни,  өз қызметтерін мінсіз атқару міндетінің жүктелуі де осыдан.

Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізін Конституция, Еңбек кодексі, Мемлекеттік қызмет туралы заң, сондай-ақ, өзге де нормативтік құқықтық актілер құрайды. Демек, мемлекеттік қызметшілер осы заңдардың талабын мүлтіксіз сақтай және ел мүддесін әрқашан да жоғары қоя отырып, әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етеді, сол арқылы мемлекеттің беделін арттырады. Сыбайлас жемқорлық көріністеріне қарсы тұрып, құқық бұзушылықтарға жол бермеу мемлекеттік қызметшілердің басты міндеті.

Мемлекеттік қызмет саласында жүзеге асырылып жатқан реформалар нәтижесіз емес. Тың реформалар мемлекеттік қызметтің бәсекеге қабілетті, сауатты мамандармен толығуына жол ашуда.

Мемлекеттік қызметтің басты қағидаттарының бірі – әдептілік екенін ескерсек, сот қызметкерлерінің қызметтік міндеттерін атқару кезіндегі әдеп қағидаттары мен мінез-құлық ережелерін қатаң сақтауына баса мән беріледі. ҚР Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі  олардың моральдық-этикалық келбетін ғана емес, сондай-ақ, қызметтен тыс кезде де өзін-өзі ұстау мәнерінің базалық стандартын белгілейді. Әдеп жөніндегі уәкіл институты халықтың мемлекеттік органдарға деген сенімін,  мемлекеттік аппараттың беделін нығайту мақсатында этикалық нормаларды сақтаудың бақылау жүйесін нық қалыптастырды. 

Мемлекет басшысы айтқандай, «Сапа  –  мемлекеттік қызметшінің жаңа өмір салты, ал өзін-өзі жетілдіру – оның басты қағидаты болуы тиіс». Мемлекеттік қызметшілер қызметтік әдепті сақтау арқылы мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыратынын ұдайы есте ұстағандары жөн.

Алаш ардақтысы Әлихан Бөкейханның «Ұлтқа қызмет ету – білім­нен емес, мінезден» деген сөзі қай заманда болсын маңызын жоймайды. Олай дейтініміз, мемлекетшіл жан  ұлттық мүдделердің мәнін ұғады. Яғни, бұл қағида әрбір мем­ле­кет­тік қызметшіні  мемлекетшіл болуға үндейді.  

Елдің бүгіні мен ертеңіне, жас ұрпақтың болашағына алаңдайтын әрбір қазақстандық өзінің адал еңбегін мемлекеттің өсіп-өркендеуі жолына арнаса    нұр үстіне нұр болар еді.

Баян Кенесбаева,

Ақтау қалалық соты әкімшісінің басшысы

Сотталғандарды еңбекпен қамтуды ұйымдастыру мәселелері бойынша кеңес өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты орташа қауіпсіздік мекемесінде...

​Мемлекеттік тіл – мемлекеттік мүдде

​​Тіл — қай ұлтта болмасын, оның бағы мен соры,...

№20 мекемеде Абай атындағы кітапхана ұйымдастыруымен кітап көрмесі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №20 мекемеде...

Медиация: Дауды шешудің ең тиімді жолы

Қоғам дамыған сайын адамдар арасындағы қарым-қатынастар күрделене түсіп, түрлі...

Жаңа Конституция – ел дамуының жаңа кезеңі

Жаңа Конституция – мемлекеттің даму бағытын айқындайтын, қоғамның жаңаруына...