Бастауыштың бағбаны аяулы ұстаз

     Жансая Нұрғалиқызы туралы сыр

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз Жансая Нұрғалиқызы Алматы қаласының бір перзенті. Туған жерін тұғыр еткен қарлығаш. Тұлымы желбіреп мектебіне қарай асыға аяңдайтын кішкентай қыз шаңырағының аялаған гүлі, шуақ шашқан күніндей болды. Ұстаздарының айтқанын санасына сіңіріп, берген тапсырмаларын тап-тұйнақтай етіп орындап отыратын сүйкімді қыз мектебін де шырайландырып жүретін. Жансая қыз білімге жақын, ізгілікке іңкәр. Білім шаңырағында мұғалімдерінің ойынан шығып, үйіне келгенде ата-анасының белді көмекшісіндей іс қататын Жансая Нұрғалиқызын бәрі жақсы көретін.

Жұдырықтай жүрегі аппақ армандарына толы қыз есейе келе ұстаздықты қалаған. Қолына қалам ұстатып, әріп үйретіп, білім әлеміне жетелеген мұғалімдердің еңбегін жоғары бағалайтын. Жүрегінің төрінде тұратын асыл да ардақты жандардың алдындағы өтелместей көрінетін қарызы мен парызын осынау «Инемен құдық қазғандай» іспен өтеуді жөн көрген. Жансая Алматы қаласы, Түркісіб ауданында орналасқан  №142 мектебін үздік бітірген айтулы түлектерінің бірі. Биік мақсат, асыл арманының құшағында Алматы  қаласындағы педогогикалық колледждің бастауыш сыныптарды оқыту факультетіне оқуға түсіп, жүрегі қалаған жолға түсті. Көп ұзамай Қазақ мемлекеттік қыздар педогогикалық университетін бітіріп шықты. Кейінен 2023 жылы «Академик Ә. Қуатбеков атындағы халықтар достығы» университетінің «Бастауыш сынып педагогикасы мен әдістемесі» мамандығын аяқтаған. Бүгінде өзі білім алған білім ордасында  бастауыш сынып мұғалімі. Мектеп табалдырығын алғаш аттап, алдына келген шәкірттерін балапандай баурады. Қолдарына «Әліппені» ұстатып, білімге деген талпыныстарын ұштауға бойындағы бар білімін, күш-жігерін жұмсап келеді.

 Менің ойымша бастауыш сыныптың мұғалімі бес аспапты, сегіз қырлы болу керек. Балалармен тек оқу процесімен қатып қалу дұрыс емес. Қажет кезде олармен бірге әнде де айтып, биде билеп көңілдерін көтеру мақсатым. Әр баланың жүрегіне жол тапсам одан артық бақыт жоқ,-дейді ұстаз.

  Бойында білімі мен тәжірибесі мол, еңбекқорлығымен әрі ұйымдастырушылық қабілетімен танылған Жансая үлкен сенімге бөленді.

Мен кішкентай кезімде мұғалім боламын деп армандадым. Сол арманыма түрткі болған өзімнің алғашқы ұстазым —  Пернегүл апайым. Ол кісінің мәдениеттілігі, жүріс-тұрысы, сөйлеу мәнері, бізге сабақ үйретіп тұрған кезі — көз алдымда.  Алғашқы ұстаз оқушының есінде мәңгі сақталады деген рас екен. Сол себепті мен де оқушыларыма жақсы тәлім-тәрбие беріп, бар білгенімді үйреткім келеді. Менің де шәкірттерім тек биіктен көрініп, жемісті — жеңісті күндері көп болып болашақтары жарқын болса екен деп,- армандаймын дейді аяулы ұстаз Жансая Нұрғалиқызы.

Ұстаздық еңбек өтіліне он жеті жылдан асты. Оқушыларға мейірі-пейілімен сабағын оқытады. Бір-бір шаңырақтың гүлдері мен күндеріне жайдары жүзі, жылы жүрегімен қарайды. Шын мәнінде мектеп партасында отырған жас ұрпақтың келешекте Тәуелсіз Отанымыздың тірегі болар қалыптасқан азамат болуын тілейді. Хакім Абайдың «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан!»- деген қанатты сөзі де әрдайым ойында тұрады..

    Мынау жарық дүниеде өсіп келе жатқан жас ұрпақтың тәлімі мен тәрбиесіне негізделген игілікті шаруаның бел ортасында жүрген, өскелең уақыт талабына сай іс-қимыл, әрекет танытып келе жатқан Жансая Нұрғалиқызының еңбегі еленулі. Аудандық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен марапатталған. Еңбегінің қуаныштары әр күнгі ісіне деген ықылас-пейілін арттыра түседі. Үмітін ақтаған шәкірттері мол. Оның бәрі көңілінің төрін нұрландырып жатады. Тәуелсіз мемлекетіміздің тірегі, болашағы болар жас ұрпақ тәрбиелеу ісіне бойындағы барын жұмсауға ден қойды. Міне, содан бері де уақыттар алға тартып келеді. Бәрі жеміссіз емес. Басқаны айтпағанның өзінде ұлағатты ұстаз, білікті ұйымдастырушы, ортасына сыйлы ана.

                                                 ИНДИРА БІРЖАНСАЛ

Қайрат Закирьянов:Қазақстанның басты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ел дамуының жаңа моделіне қатыстыайтқан бастамалары қоғам алдында жаңа міндеттер қойып отыр. Мемлекет басшысының «Қазақстанныңбасты байлығы – мұнай емес, ақыл-ой. Адами капитал ел дамуының негізгі ресурсына айналуы тиіс» дегенсөзі ел болашағының басты бағытын айқындайтын маңызды ұстанымға айналуы керек. Бұл пікірді Қазақспорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов та қолдап, аталған идеяны жүзегеасыруда білім, ғылым, спорт және тәрбие салаларының рөліне ерекше назар аударды. Қайрат Закирьяновтың пайымдауынша, ХХІ ғасырдағы Қазақстанның басты мақсаты – Ұлы даланыңмыңжылдық тарихы мен бай мұрасына сүйене отырып, әлемдегі ең қуатты он экономиканың қатарынақосылу. Алайда мұндай биік мақсатқа тек табиғи ресурстардың арқасында жету мүмкін емес. Ол үшін еңалдымен білімді, дені сау, рухы мықты, бәсекеге қабілетті және отаншыл ұрпақ қалыптастыру қажет. Академия президенті ұлттық идеяны қалыптастыруда әлемдік тәжірибеге де назар аударады. Мәселен,өткен ғасырдың 30-жылдарында АҚШ президенті Франклин Рузвельт елдің экономикалық қуатынарттыруды ұлттық мақсат деңгейіне көтерді. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония «Жапониядажасалған дүниенің бәрі ең жоғары сапалы болуы тиіс» деген қағиданы басшылыққа алып, сапа ментехнологиялық дамуды мемлекеттік басымдыққа айналдырды. Бұл мысалдар нақты ұлттық мақсат пеноған деген қоғамдық жауапкершіліктің ел дамуына серпін беретінін көрсетеді. Қазақстанның да өзіндік ұлттық идеясы бар. Тәуелсіздік жылдарында ел бірлігі, қоғамдық келісім менортақ құндылықтар мемлекеттіліктің берік негізіне айналды. Ендігі міндет – осы жетістіктерді жаңадәуірдің талаптарына сай дамытып, адами капиталды ұлттық дамудың басты қозғаушы күшінеайналдыру. «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044»: жаңа стратегиялық бағдар Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға басымдық беру жөніндегі ұстанымын қолдайотырып, Қазақ спорт және туризм академиясы да өз алдына ауқымды мақсат қойып отыр. Академияның Ғылыми кеңесінде «Қазақстанның спорттық Гарварды – 2044» атты стратегиялықбағдарлама бекітілді. Оның негізгі мақсаты – Қазақ спорт және туризм академиясын әлемдегі жетекшіспорттық жоғары оқу орындарының қатарына қосу. Қайрат Закирьяновтың пікірінше, Академияның 100 жылдық мерейтойына қарай халықаралық деңгейдетанылған, білім беру сапасы, ғылыми зерттеулері, спорттық жетістіктері мен заманауи инфрақұрылымыбойынша әлемдік көшбасшылармен бәсекелесе алатын университет қалыптастыру қажет. Бұл мақсат тек Қазақстан үшін ғана емес, халықаралық спорт және білім беру кеңістігі үшін де маңызды.Болашақта әлемнің әр түкпірінен келген жастар Академияны сапалы білім алатын, озық жаттығуәдістемелерін меңгеретін, ғылыми ізденістермен айналысатын орталық ретінде таңдауы тиіс. Академияның амбициясы – әлемдік білім беру нарығында бәсекеге қабілетті болу, халықаралықстуденттерді тарту және жоғары сапалы білім мен кәсіби даярлықтың беделін қалыптастыру. Бұл өзкезегінде Қазақстанның білім беру экспортының дамуына да ықпал етеді. Дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі Қайрат Закирьянов көтеріп отырған бастаманың тағы бір маңызды қыры – спорттың ұлттық идеяныжүзеге асырудағы орны. Спорт – тек жоғары жетістіктер мен халықаралық жарыстардағы медальдар жиынтығы емес. Ол – ұлтденсаулығының, жастар тәрбиесінің, тәртіп пен табандылықтың, патриотизм мен бірліктің маңыздықұралы. Дені сау, тәні шымыр, рухы мықты ұрпақ қалыптастыру – Қазақстанның ұзақ мерзімді дамуының бастышарттарының бірі. Сондықтан бұқаралық спортты дамыту, спорт ғылымын жетілдіру, жаттықтырушылармен дене тәрбиесі мамандарын даярлау мемлекеттік деңгейдегі басым бағыт болуы тиіс. Академия осы міндеттерді жүзеге асыруға өзінің ғылыми және білім беру әлеуеті арқылы үлес қосудыкөздейді. 2050 жылға дейінгі ұлттық мақсат Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов ұсынған тұжырымдаманың түпкімәні – Мемлекет басшысы айқындаған адами капиталды дамыту бағытын нақты істермен толықтыру. Осыған байланысты «ХХІ ғасырдағы Қазақстан халқының ұлттық идеясын» жүзеге асыруға Академияныңқатысу бағдарламасы 2026 жылғы 20 қарашада өткен Ғылыми кеңесте бекітілді. Ал ұлттық идеяны іскеасырудың межелі мерзімі ретінде 2050 жыл белгіленген. Ұлттық идеяның тезистерін әзірлеу мерзімі – 2027жылғы 31 желтоқсан. Бұл бастаманың негізгі өзегі – Қазақстанды экономикалық тұрғыдан қуатты, ғылыми әлеуеті жоғары, денісау, рухани бай және халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті мемлекетке айналдыру. Қайрат Закирьяновтың Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың адами капиталға қатысты ұстанымынқолдауы – жай ғана саяси пікір білдіру емес, оны білім беру мен спорт саласындағы нақты стратегиялықміндеттермен ұштастыруға бағытталған қадам. Өйткені елдің болашағы жер қойнауындағы байлықпен ғана емес, сол елдің азаматтарының білімімен,денсаулығымен, қабілетімен және жасампаздық әлеуетімен өлшенеді. Қазақстанның басты капиталы – адам. Ал сол капиталды қалыптастыру – білімнің, ғылымның,спорттың және ұлттық тәрбиенің ортақ міндеті.

Выборы депутатов маслихатов: спортсмены проявляют активность и не остаются равнодушными к будущему страны

Сегодня среди участников выборов депутатов маслихатов немало известных казахстанских...

Ғалымдар мен мәдениет қайраткерлері мәслихат депутаттарын сайлауда өз азаматтық ұстанымдарын білдіруде

Бүгін сайлау учаскелерінен танымал тұлғаларды – әртістерді, музыканттар мен...

Информация о явке избирателей на выборах депутатов маслихатов Республики Казахстан по состоянию на 10:00 часов

Центральная избирательная комиссия  сообщает:согласно данным, представленным территориальными избирательными комиссиями...