Бассейнге демалуға барып ұялы телефон ұрлаған күдікті ұсталды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, аудандағы бассейндердің бірінде оның «OPPO A31» маркалы ұялы телефонын белгісіз біреу ұрлап кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі 80 000 теңге. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшылары хабар алған бойда оқиға орнына келді. Олар қылмысты ашу үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Көрген-білгендерден сұрастыру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, аталған қылмысқа қатысы бар күдікті анықталды. Ол жергілікті тұрғын болып шықты. Полицейлер күдікті жас жігітті Полиция басқармасына жеткізді.
Белгілі болғандай, күдікті бассейнге демалу үшін барған. Ол киім ілетін жерде тұрған жәбірленушінің шалбарының қалтасындағы ұялы телефонды ешкімнің байқамай тұрғанын пайдаланып, қолды етіп, оқиға орнынан бой тасалаған. Ұрлаған бөтеннің мүлкін сатып, ақшасын жаратып жіберген. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға ұрлықтың құрбаны болмас үшін, өздеріңіздің бағалы заттарыңызға сақ болыңыздар деп ескертеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Телефоны под прикрытием: водитель ИП пытался провести гаджеты в колонию

В учреждении №12 средней безопасности Департамента по Алматинской области...

Лудомания – ғасыр дерті

Құмар ойындар тек жекелеген адамдардың тағдырына ғана емес, жалпы...

Әлімжеттіктің түрлері және алдын алу жолдары

2026 жылдың наурыз айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Филология факультетінде...

Астанада көктемгі жалпы тазалық жұмысы жүріп жатыр

Елорда коммуналдық қызметі қыс мезгілінен кейін қаланы ауқымды санитарлық...

Верность профессии

В сфере здравоохранения ценны не только профессионализм, но и...