12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Нұрсерік ШӘРІПОВ, Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы: ҚАСИЕТІҢНЕН АЙНАЛАЙЫН, МАҢҒЫСТАУ!

Қазақ даласының қай қиыры болсын қастерлі, қай өңірі болсын қасиетті. Сондықтан да болар, туған жерін жырға қоспаған ақын, әуенге қосып шырқамаған әнші, картинаға кескіндемеген суретші жоқ шығар-ау, сірә! Мен үшін сондай киелі өңірдің бірі – Маңғыстау.

Адам тағдырдың жазуымен қайда бармаған дейсіз?! Студент кездің сыры бір бөлек те, қызмет бабымен көшіп-қонып жүру, тағдыр айдаған жерге бару – бір бөлек, өміріңдегі ерекше бір әсерлі сәттер екені даусыз. Біздер, судьялар, еліміздің кез келген өңіріне қызмет бабымен ауысып барып, сол жердің дәмін татып, сол жердің ауасын жұтып, сот төрелігін заң шеңберінде жүзеге асыруға бар біліміміз бен тәжірибемізді, күш-жігерімізді аянбай жұмсап жататын тағдырлы мамандармыз. Мен 2008 жылы Маңғыстау облысына жұмыс ауыстырдым. Заңгерлік мамандығыма сай, Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы болып жаңа лауазымға бел шешіп, білек сыбана кірістім. «Көрмеген жердің ой-шұңқыры көп» деген сөз бар халқымызда. Өзіміз кей-кейде аңғара бермейтін көп нәрсені көңілге тоқып, көп мәселені жергілікті жұртпен кеңесе шешіп, алдымызға қойылған жауапты міндетті абыроймен атқаруға алғашқы күндерден ден қойдық. Алдымыздағы мықты тұлғалардың жүріп өткен өнегелі жолын саралап, тәжірибелі әрі беделді әріптестерімізбен қоян-қолтық жұмыс істедік. Одан кейін 2010 жылдың ақпан айынан Маңғыстау облыстық сотының апелляциялық сот алқасының төрағасы болып, еңбек жолын жалғастырдым. Ол уақытта облыстық соттың төрағасы болып Сәкен Абдолла, кейіннен Досжан Әмір қызмет атқарды. Облыстық соттың беделін көтеруде, халықпен етене араласа жүріп, заң үстемдігін жүзеге асыруда бірлесе еңбек еттік. Өмір бір орнында тұрмайды. Кеше ғана Маңғыстау өңірінің ауасын бірге жұтып, ортақ іске жұмыла кірісіп, ащы тердің кермек дәмін татып, ұжымда бірге жүрсек, бүгінгі күні үшеуміздің басымыз Жоғарғы Сотта қайтадан тоқайласты. Бұл да өзінше бір тағдыр. Ойлап қарасам, сол еңбек ұжымында 2012 жылға дейін қайнаған еңбек ортасында жүріп, сом темірдей шынығып, алмас қылыштай шыңдалыппын. Артық айтқандық емес, киелі Маңғыстау өлкесінің құмы да, суы да, ауасы да, тіпті ер көңілді, ашық мінезді адамдары да маған ерекше әсер қалдырды, өмірімнің бір парағындай көңіл беттерінде мәңгілікке жазылып қалды. Кейде сол уақытты сағынышпен еске алатыным бар.

Ондағы сыйлас достарыммен әлі күнге дейін аралас-құраласпыз, пейілі кең, жүрегі жомарт тамаша азаматтардан хабар үзген жоқпын. Өзіңнің мықтылығыңды танытсаң, мәрттігіңді көрсетсең, ел-жер, Отан деп соқса жүрегің, киелі Маңғыстаудың әр азаматы сыйлай да, сыйласа да білетініне сан рет көз жеткіздім, көңілім де әлдеқашан сенді. Маңғыстау маған жақты, жолымды ашты, заңгерлік мақсатымның биік баспалдағына басқан құтты қадамым осынау өскен өңірден бастау алғанын әрдайым мақтан тұтамын және айтып та, жазып та жүремін. Себебі, 2012 жылы осы Маңғыстаудан Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының төрағасы лауазымына тағайындалдым. Бұл мен үшін үлкен мәртебе, маған көрсетілген үлкен сенім, адал еңбек, маңдай терімнің ақталғаны еді! Төрт жылдан астам уақыт еңбек еткенімде Маңғыстауға бауыр басып кетіппін. Қимастық сезім кетер кезімде байқалды. Маңғыстаудан басталған лауазым баспалдағы мені мамандығымның биік шыңына көтерді. Содан да мен осы әулиелі өлкені қатты қастерлеп, ерекше жақсы көріп кеттім. Маңғыстау өңірінің қойны-қонышы тұнған тарих! «Өткенсіз бүгін жоқ» демекші, биылғы 23 наурызда қазіргі Маңғыстау облыстық сотының құрылғанына жарты ғасыр толады! Ата-бабамыздан «Елу жылда – ел жаңа» деген қанатты сөз қалған. Қазіргі 50 жылдық тойын Маңғыстау облыстық соты жаңарған Қазақстанда, әділетті мемлекет құру бағытын ұстанған жаңа бір кезеңде атап өткелі отыр. Кезінде өзім еңбек еткен облыстық соттың еліміздің сот жүйесінде өзіндік орны, даму жолы бар. Бүгінгі мерейтойға үлкен жетістіктерімен жетіп отырған маңғыстаулық әріптестер тойларыңыз құтты болсын, той-тойға ұлассын! Барлық судьялар мен сот қызметкерлеріне зор денсаулық, отбастарына амандық, бақ-береке және қызметтеріне әркез сәттілік тілеймін! Маңғыстау – мен үшін киелі мекен, қастерлі өңір. Қасиетіңнен айналайын, Маңғыстау!

Қазақстанда вейпке тыйым салынды: Тоқаев заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Астанада жылу беру маусымы қашан аяқталады?

Астана әкімдігі жылу беру маусымының аяқталғанын хабарлады.

Қонаевқа жаңа әкім тағайындалды

Асхат Бердіханов Қонаев қаласының әкімі болып тағайындалды.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстандағы су тасқыны: ТЖМ өңірлердегі жағдайды айтты

Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстандағы су тасқыны жағдайы туралы жедел ақпарат берді.