Халықаралық ұйымдар бірігіп жұмыс істеуге әрқашан әзір

Биыл Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл және Еуропа Кеңесі Венеция Комиссиясына қосылғанына 10 жыл. Осыған орай елордада «Құқық үстемдігін бекітудің конституциялық және халықаралық аспектілері» тақырыбында халықаралық конференция өтті.

Конференция жұмысын Конституция­лық Кеңес төрағасы Қайрат Мәми ашып, БҰҰ және Венеция комиссиясымен ынтымақтастық Қазақстанның жаңа тарихында стратегиялық маңызды рөл атқаратынын атап өтті. 30 жыл ішінде БҰҰ бағдарламалары еліміздің көптеген салаларының прогрессивті дамуына қолдау көрсетті. Соның ішінде, іргелі құқықтық құжаттарға негізделген адам құқықтарын қорғау саласы да бар, олардың көптеген идеялары еліміздің негізгі заңында көрініс тапты. Сондай-ақ, спикер Конституциялық Кеңес қорытынды шешімдерін қабылдау кезінде Қазақстан мойындаған БҰҰ-ның жалпыға бірдей және ратификациялаған халықаралық актілерінің ережелерін әрқашан ескеретінін баса айтты.
«10 жыл бойы біздің серіктесіміз бола отырып, Венеция комиссиясы Қазақстандағы конституционализмді дамытуда үлкен рөл атқарады. Қазақстан тәуелсіз консультативтік-кеңесші орган ретінде комиссияға конституциялық реформалар мен жекелеген заңнамалық актілердің жобалары бойынша қорытындылар алу үшін бірнеше рет жүгінген. Венеция комиссиясының ұсынымдары біздің елде де кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда», – деді Конституциялық Кеңес төрағасы.
Қ.Мәми, сондай-ақ, Қазақстан Респуб­ликасының Президенті Қ.Тоқаевтың жолдауында жариялаған құқық қорғау институттарын одан әрі нығайту саласындағы реформаларға тоқталды, атап айтқанда, Бас прокурорға, Адам құқықтары жөніндегі уәкілге және азаматтарға жаңа органға жүгіну құқығын бере отырып, Конституциялық Сот құру туралы бастама жөнінде айтты.
БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің бас директоры хатшылығының меңгерушісі Д.Чикваидзе, Венеция комиссиясының Төр­ағасы Клэр Бази-Малори, БҰҰ-ның Қазақ­стандағы тұрақты үйлестірушісі М.Фриберг-Стори, Әділет министрі Қ.Мусин, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы елшісі К. Янкаускас, сондай-ақ Францияның Алматыдағы бас консулы А.Шахтахтинский секілді құрметті қонақтар конференцияның маңызын айтып, қатысушыларды құттықтады.
Пленарлық отырыста ұзақ мерзімді жемісті әріптестіктің қорытындысы жайлы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары А.Рахметуллин, ҚР Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан Рес­публикасынан Венеция комиссиясының мүшесі И.Рогов, Конституциялық Кеңестің мүшесі Ү.Шапақ, ҚР Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссияның төрағасы М.Бәшімов, сондай-ақ, БҰҰ мен Венеция комиссиясының сарапшылары сөз сөйледі.
Конференция жұмысын қорытындылай келе, қатысушылар құқық үстемдігін нығайту мәселелерінде одан әрі тығыз өзара іс-қимылдың және бағдарламаларды жүзеге асырудың маңыздылығын атап өтті. БҰҰ мен Венеция комиссиясының өкілдері жүргізіліп жатқан реформаларды құптап, осы бастамаларды жүзеге асыруда Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

ҚР Конституциялық Кеңесінің баспасөз қызметі

Алматы жұртшылығы Шахановты ақтық сапарға шығарып салды

Алматыда халық жазушысы, ақын Мұхтар Шахановты ақтық сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Іс-шара Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында өтті.

Самокаттар мен мопедтерге жаңа талап: 1 шілдеден бастап не өзгереді? 

Жыл сайын жол-көлік оқиғаларынан (ЖКО) 40 мыңға жуық адам жарақат алады.

АИ-92 бензиніне мораторий алынды: Баға қалай өзгерді? 

Қазақстанда жанар-жағармай материалдары нарығындағы жағдай тұрақты сақталуда. Отын тапшылығы жоқ, қажетті қорлар толық көлемде қалыптастырылған.

Қажылыққа барғысы келетіндерге ескерту: Сауд Арабиясы жаңа талап енгізді 

Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Мекке әл-Мукаррама өңірлік филиалы қажылық маусымына байланысты бірқатар маңызды шектеулер мен талаптарды жариялады.

Сынып жетекшілерінің үстемақысы қашан артуы мүмкін? 

ОКҚ алаңында өткен брифингте сынып жетекшілеріне төленетін қосымша ақы көлемін арттыру мәселесі көтерілді. Оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова бұл ұсыныс қазір қаралып жатқанын айтты.