12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚР ДСМ коронавирусқа қатысты бүгінгі соңғы мәліметті жариялады

«Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырудың 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматы қаласында — 19, Нұр-Сұлтанда — 25 жағдай анықталған. Стационарлық карантинде – 860 адам, үй карантинінде – 2 611 адам жатыр».

Денсаулық сақтау министрлігі 19 наурыз, сағат 18.00-дегі жағдай бойынша, коронавируске қатысты эпидемиологиялық ахуалды баяндады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

«Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырудың 44 жағдайы расталды, оның ішінде Алматы қаласында — 19, Нұр-Сұлтанда — 25 жағдай анықталған. Стационарлық карантинде – 860 адам, үй карантинінде – 2 611 адам жатыр», — делінген ресми хабарламада.

Сонымен бірге, Қазақстанда Қытай Халық Республикасы мен өзге көршілес мемлекеттерден келген азаматтарды бақылау жұмыстары жалғасуда. Барлық санаттар бойынша жалпы 2 885 адам бақылауға алынды, оның ішінде 262 адам — 1 «а» санаты, 1766 адам – 1 «б» санаты, 857 адам 2-санат бойынша бақылануда. Мониторингке алынған 2 885 адамның 724-і бақылаудан алынды.

19 наурыздағы жағдай бойынша, барлығы 2 161 адам бақылауда қалады. Сондай-ақ, 19 наурызда 157 адам дене қызуымен және жедел респираторлы вирустық инфекциялармен ауруханаға жатқызылды, олардың 47-сі 1 «Б» санатына жатқызылды; 2-санат бойынша – 53 адам; 3-санат бойынша – 57 адам. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, бұл науқастар алгоритм бойынша жұқпалы аурулар ауруханасына жатқызылады.

Эпидемияға қарсы барлық қажетті шаралар, соның ішінде оқшаулау, емдеу және дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Атап өтілгендей, коронавирусқа қатысты ахуал Денсаулық сақтау министрлігінің тұрақты бақылауына алынған.

Министрлік коронавирус инфекциясының таралуын болдырмау үшін алдын алу шараларын сақтауды еске салады:

— қол мен бетті сабынмен жиі жуыңыз;

— адам көп жиналатын орындарға бармаңыз;

— науқас адамдармен байланысқа түспеңіз;

— суық тию белгілері (дене қызуы, мұрынның бітелуі, жөтел) болса, үйде жедел жәрдем шақыру керек.

Барлық ресми ақпаратты Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан және Facebook-тегі парақшасынан оқып, кез келген сұрақтар бойынша тәулік бойы жұмыс істейтін call-орталық – 1406 нөміріне хабарласуға болады.

Реальная защита бизнеса 

МИНУВШИЙ ГОД СТАЛ ОДНИМ ИЗ НАИБОЛЕЕ РЕЗУЛЬТАТИВНЫХ ДЛЯ ПАЛАТЫ...

Эйфория наживы Часть 1

В ЗАЛЕ МЕЖРАЙОННОГО СУДА ПО УГОЛОВНЫМ ДЕЛАМ АСТАНЫ, ПОКА...

Приоритеты развития правосудия в области Абай

СОВРЕМЕННЫЙ ЭТАП РАЗВИТИЯ СУДЕБНОЙ СИСТЕМЫ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН ХАРАКТЕРИЗУЕТСЯ ОДНОВРЕМЕННЫМ...

К новой архитектуре законотворчества

В КАЗАХСТАНЕ ПРОДОЛЖАЕТСЯ ОБСУЖДЕНИЕ ОДНОЙ ИЗ КЛЮЧЕВЫХ ИНСТИТУЦИОНАЛЬНЫХ РЕФОРМ ПОСЛЕДНИХ ЛЕТ – ОБНОВЛЕНИЕ ПАРЛАМЕНТСКОЙ СИСТЕМЫ. НА ФОНЕ ШИРОКОГО ОБЩЕСТВЕННОГО ДИАЛОГА И ПОСТУПАЮЩИХ ПРЕДЛОЖЕНИЙ ОТ ГРАЖДАН И ЭКСПЕРТОВ ФОРМИРУЮТСЯ ПОДХОДЫ К БУДУЩЕЙ МОДЕЛИ ПАРЛАМЕНТА, ЕГО ПОЛНОМОЧИЯМ И МЕСТУ В СИСТЕМЕ ГОСУДАРСТВЕННОЙ ВЛАСТИ.

Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы Қызылорда қаласында өтеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысын 2026 жылғы 20 қаңтарда Қызылорда қаласында өткізу туралы шешім қабылдады.