Қазақстанда тоғыз су қоймасы пайда болады

Келер екі жылда республикада 9 су қоймасы салынады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Қазір 16 апатты нысанда күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды. Енді мамандар 15 су қоймасында қайта құру жұмыстарын жүргізеді. Президенттің тапсырмасы бойынша республикада 20 резервуар салу керек. Бұл қосымша 800 миллион текше метр су жинауға мүмкіндік береді.

«Халықтың және экономика салаларының қажеттіліктері үшін су тартудың жалпы көлемі шамамен 25 текше шақырым, оның ішінде ауыл шаруашылығына 65 пайыз, өнеркәсіпке 30 пайыз, қалғаны халық үшін пайдаланылады. Әзірленіп жатқан Су кодексінде жаңа тарифтік саясаттың негізгі бағыттары ескеріледі. Саланы цифрландыру және тиімді тариф қалыптастыру мәселені шешуі тиіс», — деді су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Сейілбек Нұрымбетов.

Президенттің сынынан кейін биыл шілдеде Астана су қоймасын тазарту басталды. Астаналық су қоймасы 1970 жылы салынғаннан кейін мүлде тазартылмаған. Бұл Астананы ауыз сумен қамтамасыз ететін жалғыз су қоймасы. Оның жалпы көлемі 410,9 миллион текше метр.

Еске салайық, Қасым-Жомарт Тоқаев 11 шілдеде елорданы дамыту мәселелері жөніндегі кеңес барысында Экология министрлігін сынға алды. Оның айтуынша, елорда толығымен Астана су қоймасына тәуелді, басқа су көздері жоқ, ал бұл өте қауіпті.

Елімізде кейбір мемлекеттік награданы беру тәртібі өзгерді

Мемлекеттік ордендер тізіміне тарихи тұлғалардың есімімен аталған наградалар енгізілді.

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен әйелге айыппұл салынды

Ақтауда мектеп басшысының әйелі тазалықшының шелегін теуіп, оны балағаттағаны үшін ұсақ бұзақылық жасаған деп танылды.

Президент Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл отырысын өткізеді 

Жиын барысында Президент «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басшыларының сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталуына байланысты мемлекеттің позициясын жеткізеді.

Қазақстан ажырасу бойынша әлемнің ТОП-15 еліне кірді: АҚШ-пен көрсеткіші бірдей 

Зерттеу нәтижесі бойынша, Қазақстанда 15 жастан асқан әрбір 1000 адамға шаққанда ажырасу коэффициенті 2,9 болған. Бұл көрсеткішпен еліміз 66 мемлекеттің арасында 14-орынға орналасқан.

Мектептерге жаппай Face ID жүйесін енгізу жоспарланып отыр

Қазақстандағы барлық мектепте Face ID технологиясы арқылы кіруді бақылау жүйесін енгізу жоспарланып отыр.