12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ОТСТАВКАДАҒЫ СУДЬЯЛАР ҚҰРМЕТ ПЕН МӘРТЕБЕГЕ ЛАЙЫҚ

Сот билігі – заманауи мемлекет моделіндегі бір-бірінен тәуелсіз, бірін-бірі тепе-теңдікте ұстайтын «үш алыптың» бірі. Сәйкесінше, бұл сала өзін биліктің тәуелсіз тармағы ретінде көрсеткен. Осы сот тәуелсіздігі құқықтық мемлекеттің тиімді жұмыс істеуінің негізгі кепілі болып табылады. Жалпы, судьяларға адам құқықтарын қорғау және сот төрелігін жүзеге асыру ісінде үлкен ауыртпалық жүктелген. Қазыларға істі заңды түрде дұрыс бағалау және түпкілікті шешім қабылдау оңайға түспейді. Бұл ретте судьялардың тәуелсіздігі заңдылықтың белгісі, азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғаудың негізі десек қателеспейміз. Халықаралық қағидалардың өзі мемлекеттік және өзге де құрылымдарды сот билігінің тәуелсіздігіне бас иіп, құрметтеуге міндеттейді.

Қазақстан Республикасы судьяларының VIII съезінде сөйлеген сөзінде ҚР Президенті Қ.Тоқаев басты міндет ретінде адам құқықтары мен заң үстемдігін қамтамасыз етуді, ал екінші маңызды басымдық ретінде сот жүйесінің тәуелсіздігін атап өтті. Мемлекет басшысы көрсеткендей, бұл – әділетті сот төрелігі мен азаматтардың сот билігіне деген сенімін арттырудың міндетті шарты. Сот шынайы тәуелсіз және өз ұстанымымен әрекет ететін орган болғанда ғана нағыз демократиялық, тәуелсіз сот төрелігін, заң үстемдігін қамтамасыз етуге болады. Сондай-ақ, адам құқықтары мен бостандықтарын нақты қорғаудың құралына айнала алады. Құқықтық мемлекеттегі сот билігінің құқықтық сипаты дербестік және шынайы тәуелсіздік сияқты маңызды принциптерге бағынуымен айқындалады. Соттың осындай тәуелсіздік қағидаты халықаралық құқықтық құжаттарда нақты бекітілген. Жасыратыны жоқ, өздерінің кәсіби қызметін атқару барысында судьяларға артылар жауаптылық пен жүктеме өте көп. Шетелдік зерттеулер судьялар жүктемесінің өсуі мен еңбек өнімділігінің тәуелділігін көрсетеді. Поляк зерттеушілері үлкен жүктемемен жұмыс істегенде судьялардың жиі қате жіберетінін анықтады. Ал Оксфордта шамадан тыс жүктемесі бар судьялар көп шешімді түйсігіне сүйене отырып қабылдауға бейім деп есептейді. Жоғары экономика мектебіндегі судьялардың жүктемесі туралы дайындалған баяндамада көрсетілгендей, ресейлік судья айына орта есеппен 180 іс пен материалды қарайды, ал судьялардың 62%-ы екі есе артық жұмыс істейді. Сарапшылардың пікірінше, жыл сайын тек аудандық соттарға түсетін құжаттардың санын өңдеу үшін, бүкіл Ресей бойынша штаттағы судьялардың саны 2,1 есеге артуы керек. Қазақстан соттарындағы жүктеме де бұдан қалыспайды. Біздің еліміздің соттары күн сайын орташа есеппен алғанда, шамамен 16 500 шешім шығарады. Еңбек жүктемесінің артуымен судьялардың психологиялық-эмоционалды жүктемесі де артатынын айта кеткен жөн. Мұның соңы күйзеліс пен жүрек-қан тамырлары ауруларына алып келетіні ешкімге жасырын емес. Құқық қорғау жүйесінің шырқау биігінде тұрғандықтан, сот жүйесіне ең білікті және тәжірибелі заңгерлердің таңдалып алынуы заңдылық. Судьяға және оның кәсіби қызметіне жоғары талаптар қойылғандықтан, мемлекет те сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметті мінсіз атқаратын судьяларды лайықты кепілдіктермен қамтамасыз етуге міндетті. Судьяның конституциялық мәртебесіне сай, отставкадағы судьяға ерекше мәртебе берілген. Ол сондай-ақ, сот төрелігін тиісті түрде жүзеге асыруға кепілдік береді, судьяларға күнделікті және көп еңбекті қажет ететін қызметінде жоғары талаптар қоюға негіз болады. Қазақстан Республикасы Біріккен Ұлттар ұйымының (БҰҰ) толыққанды мүшесі болғандықтан, сот органдарының шынайы тәуелсіздігін және судьялардың, оның ішінде отставкадағы судьялардың да құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету бойынша қабылданған барлық қарарлар мен ұсынымдарды мойындайды. Сот органдары тәуелсіздігінің негізгі қағидаттарының 11-тармағына сәйкес (БҰҰ-ның қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылармен жұмыс жөніндегі жетінші конгресі қабылдаған, Милан (Италия), 1985 жылғы 26 тамыз – 6 қыркүйек, БҰҰ Бас Ассамблеясының 1985 жылғы 29 қарашадағы қарарларымен мақұлданған), судьялардың өкілеттік мерзімі, олардың тәуелсіздігі, қауіпсіздігі, тиісті сыйақы беру, қызмет ету шарттары, зейнетақылар мен зейнеткерлікке шығу жасына заңмен тиісті түрде кепілдік берілуі керек. 1998 жылғы Судьялардың мәртебесі туралы Еуропалық Хартия оставкаға шығу үшін белгіленген жасқа жеткен және белгілі бір уақыт аралығында сот міндеттерін атқарған судьяларға зейнетақы төленеді, оның мөлшері судья ретіндегі соңғы табыс деңгейіне мүмкіндігінше жақын болуы керек деп кеңес берді. Аталған халықаралық деңгейде мойындалған актілердің мазмұнынан түйгеніміз, отставкадағы судьялар жағдайының қандай да елеусіз қалып, ескерілмеуі, атап айтқанда, басқа құқық қорғау органдарымен салыстырғанда өмір бойы қамту мөлшерінің азаюы БҰҰ қағидаттарын бұзу болып табылады, бұл ҚР Конституциясына тікелей қайшы келеді. БҰҰ-ға кіре отырып, Қазақстан мемлекеттік институттардың жұмыс істеуінің жалпы ережелерін бекітетін БҰҰ-ның барлық негізгі құжаттарын сақтауға міндеттенді. Оның үстіне, бұл ҚР Конституциясында осы туралы тікелей көрсетілген нұсқаудан туындайды. Мәселен, ҚР Конституциясының 4-бабының 3-тармағына сәйкес, Республика ратификациялаған халықаралық шарттар оның заңдарынан басым болады. Егер қазақстандық конституциялық норма халықаралық шарттар қағидаттарынан басым деп танылса, онда олардың номинативтік талаптарын іске асыру отандық құқық қолдану қызметінде кідіріссіз автоматты түрде қолданылуы тиіс. Мәселен, Вена Конвенциясының (Pacta sunt servanda) 26-бабына сәйкес, «Әрбір қолданыстағы шарт оның қатысушылары үшін міндетті және олар адал орындауы тиіс». Бұл жағдайда Конвенцияның 27-бабында: «Қатысушы шартты орындамағанын ақтау үшін өзінің ішкі құқығының ережелеріне сілтеме жасай алмайды» деп ұйғарылғанын атап өту өте маңызды. Қазақстанның негізгі заңы мен халықаралық нормалардың ережелеріне қарамастан, бүгінгі таңда елде отставкадағы судьялар тәуелсіздігінің материалдық және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша кепілдіктері сақталмайды. Мәселен, Конституциялық заңның 35-бабының 2,1-тармақтарында отставкадағы судьяның ай сайынғы зейнетақысының өмірбойы қамтылуының ең жоғары мөлшері көзделген және ол судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының 65 пайызынан және тиісті қаржы жылына арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген айлық көрсеткіштің 109 еселенген мөлшерінен аспауы тиіс екені белгіленген. Тәуелсіз Мемлекеттер достастығы (ТМД) елдерінің тәжірибесі көрсеткендей, бұл елдерде заңдық тұрғыда отставкадағы судьяны әлеуметтік қамсыздандыру бойынша өмір бойы қамту мөлшері ең төменгі немесе басқа есептік көрсеткіштерге ешқандай байланыстырмай, судьяның соңғы атқарған лауазымы бойынша лауазымдық жалақысының 65-85 пайызы аралығында белгіленген. Салыстырмалы талдау көрсеткендей, ҚР Құқық қорғау органдарының зейнеткерлерін зейнетақымен қамсыздандыру отставкадағы судьяларды материалдық қамсыздандырудан едәуір асып түседі. Мысалы, оларда еңбек сіңірген жылдары бойынша, арнаулы атақтар үшін және т.б. төлемдер түріндегі зейнетақыларға қомақты үстемеақылар көзделген. Бұл ретте құқық қорғау органдары зейнеткерлерінің отставкадағы судьялардан айырмашылығы – жоғары конституциялық мәртебеге ие емес. Сонымен қатар, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің зейнетақы төлемдері жыл сайын артып келеді, өкінішке орай, бұл өсім отставкадағы судьяларға қатысты қолданылмайды. Осылайша, судьяның Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген ерекше мәртебесі төмендетілуде. Отставкадағы судья зейнет демалысына жасы бойынша шыққан басқа зейнеткерлерге қарағанда әлеуметтік жағынан қорғалмаған болып шықты. Атап айтқанда, судьялар отставкадағы судья сияқты жоғары мәртебесі жоқ қарапайым зейнеткерлер үшін белгіленген қалалық автобуста тегін жүру, санаторийлерде тегін демалу, медициналық мекемелерде қызмет көрсету, дәрі-дәрмектерді сатып алу кезіндегі және басқа да жеңілдіктерді пайдалана алмайды. Қазіргі таңда отставкадағы судьяның өмір бойы зейнетақымен қамтылуы ең жоғары 65% қамтамасыз етуді айтпағанның өзінде, мемлекет кепілдік берген ең төменгі 50%-ды да құрамайды. Осылайша, ҚР Конституциясымен декларацияланған судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері бұзылуда және судьяның адам және азамат ретіндегі конституциялық құқықтары мен бостандықтары шектелуде. Бұл мәселенің жұмыс істеп жүрген көптеген судьяларды да алаңдататынына күмән жоқ. Өйткені, «өгізге туған күн бұзауға да туады» демекші, бұл жағдайдың отставкаға немесе зейнетке шыққаннан кейін әр судьяның басына түсері хақ.

Өмірсерік ҚОЖАБАЕВ,
«Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының
отставкадағы судьялары»
ҚБ төрағасы

Драйвер роста и комфорта

ШЫМКЕНТ АКТИВНО УКРЕПЛЯЕТ СВОИ ПОЗИЦИИ В ЭКОНОМИКЕ И ИНВЕСТИЦИОННОЙ СФЕРЕ, СОЗДАВАЯ НОВЫЕ ВОЗМОЖНОСТИ ДЛЯ ЖИТЕЛЕЙ И БИЗНЕСА. ГОРОДСКИЕ ВЛАСТИ ПОСЛЕДОВАТЕЛЬНО РЕАЛИЗУЮТ ПРОЕКТЫ, НАПРАВЛЕННЫЕ НА РОСТ ПРОМЫШЛЕННОГО ПРОИЗВОДСТВА, РАЗВИТИЕ ИНФРАСТРУКТУРЫ, УЛУЧШЕНИЕ СОЦИАЛЬНОЙ СРЕДЫ, ПОВЫШЕНИЕ КАЧЕСТВА ОБРАЗОВАНИЯ, ЗДРАВООХРАНЕНИЯ И СПОРТИВНОЙ СФЕРЫ.

Қазақстанда кімдер ең көп табыс табатыны белгілі болды

Қазақстанда қараша айында ең жоғары жалақы ұсынылған мамандықтар анықталды. Бас құрылысшылар, өндірістік учаске басшылары және авиациялық диспетчерлер ең жоғары табыс табатын мамандар қатарында.

Президент Ашхабад қаласына барды

Халықаралық бейбітшілік және сенім жылына арналған форумға қатысу үшін Ашхабад қаласына келген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Түрікменстан Халк Маслахатының Төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов қарсы алды.

Ел аумағына сырттан тауық жұмыртқаларын әкелуге тыйым салынды

Жұмыртқа импортына уақытша тыйым отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.

2026 жылғы мерекелер: қазақстандықтар қанша күн демалады?

2026 жылы қазақстандықтар қалай демалатын болды? Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мерекелік және ауыстырылған демалыс күндері көрсетілген өндірістік күнтізбені жариялады.