12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

ҚАЗАҚСТАНДА ГЕОПАРК НЕГЕ ЖОҚ?

Геомұра нысандарын сақтау бағыттарының бірі ретінде 1990 жылдары басталған Геопарк құру қозғалысы Қазақстанға әлі жете алмай жүр. БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымында (UNESCO) 2002 жылдан Бүкіләлемдік геопарктер желісін құруды қолдайтын арнайы бағдарлама жұмыс істейді. Геологиялық парк – бұл көркем, заманауи жабдықталған табиғи аумақ, оның шегінде геологиялық ескерткіштер, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында ақпараттық түрде жарнамаланған және туризм, ғылыми зерттеулер мен демалыс орны ретінде қызмет ететін жалпыұлттық немесе жалпыәлемдік маңызы бар өзге де объектілер бар.

Геопарктердің негізгі мақсаттарының бірі – аймақтың табиғи және мәдени мұрасын сақтау, жергілікті бірегейлік пен білім беруді нығайту, тұрақты туризмді ілгерілету. Сондықтан 2015 жылдың қарашасында ұйымға мүше мемлекеттер оны ратификациялады. Қазіргі уақытта Бүкіләлемдік геопарк желісіне 48 елдегі 195 нысан кіреді. Оның ішінде әзірге Қазақстан жоқ, көршілерімізден тек Қытай мен Ресей ғана бар. Осы арада 1924 жылы Қаратау тауларында КСРО-дағы тұңғыш «Юра дәуіріндегі Қаратау көлі» палеонтологиялық қорығы ұйымдастырылғанын да айта кеткен жөн шығар. UNESCO-ның геопарктер жөніндегі ұлттық комитетінің төрағасы, геология-минералогия ғылымдарының докторы Саида Нығматованың айтуынша, кезкелген мемлекеттің ұлттық қазынасын, басқалармен қатар, ең алдымен әртүрлі тарихи, мәдени, археологиялық, табиғи ескерткіштер құрайды. Соңғыларының арасында ғылыми, оқу-ағартушылық, тарихи-мемориалдық немесе эстетикалық маңызы зор болғандықтан мемлекет те, жергілікті тұрғындар да ұрпақтан-ұрпаққа таза, сол қалпында жеткізу үшін олардың сақталуына алаңдайтын тірі және жансыз табиғаттың жеке объектілері бар. Жансыз табиғат ескерткіштеріне геологиялық нысандар жатады. – Қазір бүкіл әлемде геотуризмнің дамуына, яғни геологиялық және ландшафттық құндылығы бар табиғи ескерткіштерге маңыз берілуде. Оның үстіне, бұл Қазақстан үшін өзекті мәселе, оның жер қойнауы «Менделеев кестесіндегі» элементерге толы, сонымен қатар елімізді протерозойдан қазіргі заманға дейінгі планета тарихының көрнекі дәлелдері ұсынылған ашық аспан астындағы бірегей геологиялықпалеонтологиялық мұражай деп сипаттауға болады. Бізде қазба-кен орындарының мол көзі бар, әлемдік масштабтағы геологиялық тарихи ескерткіштер мен ең қуатты тектоникалық құбылыстардың іздері, ежелгі жанартаулардың қалдықтары, метеориттердің кратерлері, ежелгі теңіздердің шөгінділері, оларды мекен еткендердің іздері бар. Іс жүзінде әрбір өңірдің өзінің геологиялық нысандары бар, олардың жаһандық ауқымда түрлі эстетикалық және ғылыми құндылығы бар. Осының барлығы әлемнің түкпір-түкпіріндегі ғалымдар мен туристердің назарын аударып отыр, – деген Саида Арапқызының сөзіне қарағанда КСРОдағы алғашқы палеонтологиялық және геологиялық қорықтар Қазақстанда құрылды. Елімізде геомұраны сақтау және геопарктер құру мәселелері 1920 жылдардан бастап көтеріліп келе жатқанына қарамастан, геомұра объектілерін сақтау және геопарктер желісін дамыту туралы мәселе ашық және бұрынғыдан да өзекті болып отыр. Қазіргі уақытта республиканың геомұрасын сақтау проблемасы бірінші орынға шығып отыр: табиғи ресурстарды қарқынды, ұтымсыз игеру салдарынан Қазақстан жыл сайын туристерді тарту нүктесі бола алатын мүмкіндігінен айырылуда. Өңірлерде индустриялық емес, шикізаттық емес экономиканы дамытуға жол ашып, бірегей табиғи геологиялық объектілерге бағдарлану маңызды. Тек осылайша жаңа ұрпақ үшін бірегей табиғи объектілерді сақтап, олардың денсаулығы үшін таза қоршаған орта қалыптастыруға болады. Геопарктер мемлекеттің қолдауымен құрылады, бірақ бастама «төменнен» бастау алады: жергілікті халықтың немесе жергілікті әкімшіліктің белсенділері мәдениет және геомұра объектілерін ұйымдастырады, қорғайды және кірістерді бөліп, бюджетке қажетті салықтарды аударады, геопарктерді дамыту стратегияларын әзірлейді, бекітеді. Қонақ үйлер, халық қолөнері, тамақтану орындары, жылқылар мен көліктерді жалға алу және т. б. дамып келеді. Осыған байланысты Ұлттық геопарктер желісінің дамуы өңірлердің өмірін айтарлықтай өзгертуге және олардың экономикалық тұрақтылығын да, инвестициялық тартымдылығын да күшейтуге мүмкіндік береді. Қазақстан геопарктерді құруда зор әлеуетке ие: әсемдігі жағынан керемет ландшафттар бар, бай, жақсы зерделенген және егжей-тегжейлі зерттелген геологиялық тарихы (қазіргі заманға дейін 600 млн жыл бұрын) бір төбе, инфрақұрылым дамуда: жолдардың саны мен сапасы, әуежайлар желісі ұлғаюда, қонақ үйлер және т. б. дамуда. Әрине, мұндай маңызды мәселені мемлекеттің қатысуынсыз шешу мүмкін емес. Бұл бағыттағы алғашқы қадамдар жасалды. Мәселен, 2023 жылғы 4 сәуірде Алматыда өткен UNESCO және Білім, ғылым, мәдениет жөніндегі ислам ұйымы (ICESCO) істері жөніндегі ұлттық комиссияның отырысында оның төрағасы – ҚР Мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Геология комитетіне геопарктер жөніндегі Ұлттық комитетпен бірлесіп Қазақстанда алғашқы геопарк құру жөнінде және ҚР Ұлттық геопарктер желісін ұйымдастыру процесі бойынша (болашақта UNESCO-ның жаһандық геопарктер желісіне кіру перспективасымен) ұсыныс енгізу тапсырылды. Осы жылдың мамыр айында Геология комитеті, Орман шаруашылығы комитеті, Туризм индустриясы комитеті, Қазақтуризм АҚ басшылығының кездесуі өтті, онда геопарктерді заңнамалық реттеу мәселелері, ұлттық геопарктер желісін құру қажеттілігі және басқа да мәселелер талқыланды. Бұл Қазақстанда геопарктер құру үшін өте маңызды қадам, өйткені бұл процесті жеке ынта-жігер үрдісінен өңірлерді тұрақты дамыту жөніндегі мемлекеттік жобаға аударады. Мәселен қазір Қытайда 180-нен астам ұлттық маңызы бар геопарктердің 41-і әлемдік мәртебеге ие болып үлгерді. Ресейдегі 3 геопарктің біреуі UNESCO Бүкіләлемдік геопарктер желісіне енді. Қырғызстанда қазір 3 геопарк құру жоспарлануда. Бұл үшін Қырғыз Республикасы Президентінің Әкімшілігіне заңнамаға «геопарк» ұғымын енгізу және Қырғыз Республикасының аумағындағы геопарктерді одан әрі дамыту жөнінде ұсыныс енгізілді. Қазақстан геопарк құруды бүкіл елден бұрын бастағанмен, әзірге көш соңында жүр. Бұл олқылықты түзету енді Ұлт жоспары аясында қолдау тауып жатса, қанеки.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ «Заң газеті»

БИШІМБАЕВ СОТЫ: ТӘРБИЕСІЗ БЕРІЛГЕН БІЛІМ – АДАМЗАТТЫҢ ҚАС ЖАУЫ

Өз әйелін айуандықпен өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот процесі аяқталуға жақын. Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта алқабилердің қатысуымен өтіп жатқан бұл процеске қазақстандықтармен қатар шетелдіктер де зор қызығушылық танытып отыр.

Атырауда Жайық өзеніндегі су деңгейі шекті деңгейден асып кетті

Атырау облысының Төтенше жағдайлар жөніндегі жедел штабы Жайық өзеніндегі су деңгейі туралы жедел есеп берді.

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі сот үкіміне қатысты пікір білдірді

Салтанат Нүкенованы өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман сот үкіміне қатысты пікір білдірді.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 14 мамырда Қазақстан тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін айтты.

Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот үкімі шықты

Әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айып тағылған Қуандық Бишімбаев кінәлі деп танылып, 24 жылға сотталды.