Бірыңғай жиынтық төлем төлеп келген қазақстандықтар таңдау жасауы керек — Қаржы министрлігі

Қаржы министрлігі Бірыңғай жиынтық төлем – БЖТ алдағы уақытта жойылатынын растады. Ведомство оны төлеген қазақстандықтар не істеу керек деген сұраққа жауап берді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігі мәліметінше, бірыңғай жиынтық төлем бастапқыда 5 жылға (2019 жылдан 2023 жылға дейін) жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген, табысы жылына 4 миллион теңгеден аспайтын өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар үшін уақытша енгізілген.

«Өздеріңіз білетіндей, қазір жеке тұлғалардың кірістері туралы декларацияны кезең-кезеңімен енгізу жүріп жатыр. 2024 жылы кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық азамат: жеке кәсіпкерлер, директорлар, ЖШС құрылтайшылары кіріс декларациясын тапсыруға міндетті. Сондықтан, бұрын кәсіпкерлік қызметін тіркемеген азаматтар таңдау жасауы керек: кәсіпкер болу немесе қызметкер болу«, — деді министрлік Tengrinews.kz сауалына берген жауабында.

Кейіннен бұл азаматтардың табысы салық декларациясында немесе жұмыс берушілерден түскен ақпаратта көрсетілуі тиіс, дейді ведомство өкілдері.

Еске салайық, 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда бейресми жұмыспен қамтылған қызметті салық органдарында тіркеудің оңайлатылған тәртібін көздейтін бірыңғай жиынтық төлемнің (БЖТ) жаңа құқықтық режимі енгізілген болатын.

Ол табысы жеке кәсіпкерлердікінен төмен өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған. Басқа тұлғаларға қызмет көрсететін жеке тұлғалар ғана ЮЖТ төлей алады. Егер тұлға заңды тұлғаларға қызмет көрсетсе, онда салықты толық төлеуге тура келеді.

Тоқаев: Цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы 

Мемлекет басшысы цифрландыру және жасанды интеллектіні дамыту – бүгінгі күннің талабы екенін айтты.

Қорғаныс министрі қаза тапқан әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті 

Қорғаныс министрі қаза тапқан және зардап шеккен әскери қызметшілердің туыстарымен кездесті.

Елімізде 1 қаңтардан бастап кімдердің жалақысы 40%-ға дейін көтеріледі 

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап учаскелік дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жалақысын 40%-ға дейін көтеру жоспарланып отыр.

ЖОО-дағы оқу мерзімі қысқарады. Кімдер университетті 3 жылда аяқтай алады?

Қазақстанда жоғары оқу орындарына бакалавриат бағдарламаларын үш жылда аяқтауға заң жүзінде мүмкіндік берілген. Алайда бұл барлық мамандыққа қатысты емес, ал оқу мерзімі қысқарғанымен, білім беру бағдарламасының көлемі азаймайды.

Германия тарихында алғаш рет әйел адам президент болуы мүмкін 

Германияда әйелді алғаш рет президенттік лауазымға кандидат ретінде қарастырып жатыр.