Бас санитар дәрігер астаналықтарға үндеу жасады

Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Сархат Бейсенова Халықаралық әйелдер күніне қатысты астаналықтарға үндеу жасады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Мереке қарсаңында тағы бір рет қала тұрғындары мен елорда қонақтарына карантин шараларын сақтау керегін ескерткім келеді. Маска тағу режимін, әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз, мүмкін болса, адамдар көп жиналатын орындарға бармаңыз. Сондай-ақ, бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырмауларыңызды сұраймыз», — деді Сархат Бейсенова брифингте.

Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына қарсы жүргізілген шектеулер мен эпидемияға қарсы шаралар арқасында Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырғандар көрсеткіші қаңтармен салыстырғанда 33,8 пайызға төмендеген. Ал өткен аптада алдыңғы аптаға қарағанда 4,3 пайызға өскен.

Қазір Нұр-Сұлтан 100 мың тұрғынға шаққанда 54,04 қарқынды көрсеткішімен «сары» аймақта тұр.


Тәулігіне коронавирус жұқтырудың 68 жағдайы тіркелді, оның ішінде 37 — симптомы бар, 31 — симптомсыз. Сондай-ақ, 73 ошақ, 53 үй, 19 ұйым анықталды.

Исследование КИОР: соцсети и телевидение остаются главными источниками информации для казахстанцев

Информационная среда Казахстана сохраняет многоканальный характер. Лидирующие позиции занимают...

Свыше 73% казахстанцев позитивно оценивают доступность детских садов – результаты соцопроса КИОР

Доступность школ, детских садов, учреждений культуры и спортивных объектов...

Қазақстандықтар әлеуметтік инфрақұрылымның қолжетімділігін жоғары бағалайды

Қазақстанның қалалары мен ауылдық елді мекендерінде мектептердің, балабақшалардың, мәдениет мекемелері...

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...