Бас прокуратура сайлау күніне байланысты ескерту жасады

Бас прокуратура 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға байланысты тараған ақпараттарға қатысты үндеу жасады.

Ведомство мәліметінше, әлеуметтік желілерде сот тыйым салған ұйымның 20 қарашада заңсыз митингілерді өткізуге, қатысуға және өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақырулары тарап жатыр.

«Ұлттық және халықаралық құқыққа сәйкес, терроризмді немесе зорлық-зомбылық экстремизмді насихаттайтын осындай ұйымдардың кез келген қызметіне тыйым салынғанын атап өтемін. «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен (5-баптың 6-тармағы, 14-баптың 1-тармағының 2-тармақшасы) олардың осындай акцияларды ұйымдастыруына жол бермеу бекітілген. Егер акциялар мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге, басқа да қылмыстық әрекеттер жасауға бағытталған болса, оларды жүргізуге де жол берілмейді (Заңның 14-бабының 1-тармағының 1-тармақшасы)», — дейді бас прокурордың орынбасары Жандос Өмірәлиев. 

Бұл бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі қағидаттарының бірі — олардың зорлық-зомбылықсыз сипаты мен заңдылығына, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті, денсаулықты сақтауды, басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз етуге байланысты (Заңның 3-бабы).

Бұл заңсыз әрекеттерді жасаумен ұштасқан тыйым салынған ұйымдардың шақырулары, ұйымдастыруы және олармен ұйымдастырылған акцияларға қатысқаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 488-бабы) және қылмыстық жауаптылық (ҚК-нің 179-бабы (билікті күштеп басып алуға шақыру), 405-бабы (сот тыйым салған ұйымдардың қызметіне қатысу)) көзделген.

«Құқық қорғау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзатын адамдарға заңда көзделген шараларды қабылдайды және кез келген құқық бұзушылықтардың жолын кеседі. Атап айтқанда, биыл 17 қарашада Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері прокуратура органдарының ықпалдастығымен жеті адамнан тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті. Олардың билікті күштеп басып алу мақсатында қару-жарақ пен тұтандырғыш қоспаларды пайдалана отырып, жаппай тәртіпсіздіктер мен мемлекеттік және құқық қорғау органдарының ғимараттарына, тіршілікті қамтамасыз ету объектілеріне шабуылдар жасауды, олардың қызметкерлерін өлтіруді жоспарлауға, сондай-ақ дайындауға қатыстылығы туралы құжаттық дәлелдер алынды», — делінген хабарламада. 

Еске салайық, бұған дейін сайлау күні жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғысы келген қылмыстық топ ұсталғаны хабарланған болатын. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті өкілдері айтты.  

Қасым-Жомарт Тоқаев өндіріс озаттарына мемлекеттік наградалар табыстады 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Qarmet» акционерлік қоғамының бір топ қызметкерін жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады.

2 қарашада Қазақстанның бірнеше қаласында жаңбыр мен қар жауады

Қазақстанның бес қаласында 2 қарашада жаңбыр жауады, оның үшеуінде жаңбыр қарға ұласады. Елдің қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Қазақстан мектептерінде қауіпсіздікке арналған жаңа курс енгізілді: кімдер оқиды?

2026-2027 оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде «Жеке қауіпсіздік» курсы өткізіліп жатыр.

Қазақстандықтар 2027 жылғы Жаңа жылда төрт күн қатарынан демалады 

Қаңтар айында бес күндік жұмыс аптасымен еңбек ететін азаматтарды барлығы 13 демалыс күні күтіп тұр.

Алматының электр желілерінде жұмысшыларға арналған ақылды каскалар енгізілді 

Жаңа технология еңбек қауіпсіздігін бақылауды күшейтіп, өндірістік жарақаттану қаупін азайтуға мүмкіндік береді.