Бас бостандығын шектеу жазасы мен мәжбүрлі еңбекке тарту

ҚРҚК 188 бабымен 1 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу жазасына сотталған М.. Аққайың аудандық ПҚБ есебінде тұр. ҚРҚК 44 б,1 б.негізінде сот үкім шығару кезінде сотталушы М.. тұрғылықты жұмыс орны болмағандықтан күніне 4 сағат, жылына 100 сағаттан аспайтын жергілікті атқарушы органдар белгілейтін барлық жаза өтеу мерзіміне мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы белгіленді. Есепке қойылған сотталған, тұрғылықты мекен жайы бойынша жергілікті аумақтық селолық әкімдікке жіберілді. ҚР ҚАК 63 б,2 б сәйкес Бас бостандығын шектеуге сотталғандарды мәжбүрлі еңбекке тартуды жергілікті атқарушы органдар осы Кодекстің 57 — 59-баптарына сәйкес ұйымдастырады, мәжбүрлі еңбекке тарту қоғамдық жұмысқа тарту секілді іске асырылады, брақ та ол бас бостандығын шектеу жазасына қосымша міндет ретінде тағайындалады. Қоғамдық жұмысқа тарту- адамның өз жұмысымен, отбасымен, таныс ортасымен және оқудан айырылып, қоғамға, мемлекетке жұмыстануына мүмкіндік беретін жаза. Қоғамдық жұмыстар сотталған адамның тұрғылықты жерiнде өтеледi, бұл жаза қоғамдық жұмыстарға тартылған адамдардың тұрғылықты жерiнде жүзеге асырылады. Осылайша, қоғамдық жұмыс объектісі сотталған адам тұрып жатқан елді мекенде немесе күнделікті тұрғылықты жеріне қайтып оралу мүмкіндігі бар ауданда орналасқан, сотталушылар қоғамдық міндеттердің әр түрлерін орындайды: саябақтарды, бақтарды, алаңдарды, көшелерді, ағаштарды отырғызу және декорациялау; қоршауды кескіндеу және жөндеу; балабақшалар мен гүлзарлардың бұзылуы; қоғамдық ғимараттардың және басқа да қоғамдық жұмыстардың жобаларын жасау.

Бұл келесі нәтижелер беруі мүмкін біріншіден, бұл таза ауа, көшелер мен аулаларда тазалық; екіншіден, үлкен білім беру құндылығы. Қылмыскер өз жұмысымен қоғамға келтірілген зиянды тегістейді және оны халық алдында көрсетеді. Мәселен, қоғамдық жұмыстарға сотталған М….., өзінің қылмысын қайта ойластырып, пайдалы жұмыстарымен қоғамға оралуға мүмкіндік алғансынақ…

СҚО бойынша ҚАЖД Аққайың ауданының ПҚБ инспекторы
әділет аға лейтенанты Бекбулатов Дархан Тлеукабилович

Жеке кәсіпкерліктің жүргізушісі түрмеге жасырын телефон өткізбек болған

Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ Департаменттің №12 орта...

Абай облысындағы қауіпсіздігі барыеша жоғары мекемесінде сотталғандар арасында волейбол турнирі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности области Абай прошёл турнир по волейболу среди осуждённых

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

В учреждении №21 города Семей прошёл «Тазару күні»

В учреждении №21 города Семей был организован и проведён...

«Жаңа өмірге мотивация» атты тренинг өтті

Абай облысы, Семей қаласындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде «Жаңа...