БАС ҚҰЖАТ – ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ МЕМЛЕКЕТ ҚҰРУДАҒЫ БАСТЫ БАҒДАРШАМ

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАНДАР, ӘРІПТЕСТЕР!

Қазақстан Республикасы Судьялар одағының атынан баршаңызды 30 тамыз Конституция күнімен құттықтаймын!

Конституция – халқымыздың ғасырлар бойғы арманы мен тəуелсіздік жолындағы күресінің жемісі, ел тəуелсіздігінің қорғаушысы, мемлекетіміздің құқықтық негізін қалап, халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығын айқындап отырған ең басты құжат. Ол – жаңа Қазақстанның саяси жүйесінің тірегі, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі жəне еліміздің даму бағдарын айқындаған тарихи құндылық.

Биыл барша қазақстандықтар үшін аса маңызды, тарихи мəні зор мереке – Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толып отыр. Бұл – тəуелсіздіктің мерейлі белесі, халқымыздың демократиялық құндылықтарға деген адалдығының айқын дəлелі. 1991 жылы Қазақстан өз тəуелсіздігін жариялаған сəттен бастап егемен елдің даму жолын айқындайтын жаңа Ата Заң қабылдау қажеттілігі туындады. Алғашқы Конституция 1993 жылы қабылданып, жас мемлекеттің құқықтық жүйесін қалыптастыруға негіз болды.

Дегенмен, қоғамдағы өзгерістер мен жаңа талаптар оны жетілдіруді қажет етті. Осылайша, 1995 жылы 30 тамызда бүкілхалықтық референдум арқылы бүгінгі қолданыстағы Конституция қабылданды. Бұл тарихи оқиға халқымыздың бірлігін, ел болашағына деген сенімін айшықтап, мемлекетіміздің даму бағытын айқындаған тағдырлы шешім болды. Содан бері Конституция еліміздің даму жолында берік тұғыр болып, демократиялық мемлекет құрудағы басты бағдаршамға айналды. Конституциядағы негізгі

қағидаттар – адам құқығы мен бостандығының қастерленуі, халықтың билік көзі ретіндегі мəртебесі, Қазақстанның біртұтас мемлекет ретінде қалыптасуы, ел аумағының тұтастығы, бөлінбейтіндігі мен қол сұғылмаушылығы, заң үстемдігімен əділеттілік қағидалары уақыт сынынан өтіп, Қазақстанның өркендеуіне қызмет етуде.

Осы орайда сот жүйесі де – Конституцияда бекітілген биліктің дербес тармағы болып табылды. Судьялардың тəуелсіздігі, олардың тек заңға бағынуы – құқықтық мемлекеттің басты кепілі. Соңғы отыз жылда елімізде сот төрелігін жүзеге асыруда айтарлықтай өзгерістер мен жаңғыртулар орын алды. Судьялардың кəсіби деңгейін арттыру, сот жүйесінің ашықтығын қамтамасыз ету, халыққа қолжетімділікті күшейту бағытында бірқатар реформалар жасалды.

Сондай-ақ, бүгінгі таңда Конституциямыз мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуінің берік іргетасы болып отыр. Əлемдегі күрделі геосаяси ахуалға қарамастан, еліміздің бейбіт өмірі мен азаматтарымыздың берекелі тіршілігі Ата Заңда бекітілген құндылықтар негізінде қамтамасыз етіліп келеді. Жаһандану дəуірінде Конституция қоғамдағы жаңғыру процестерінің бастауы болып, саяси жүйені демократияландыру, азаматтық қоғамды дамыту, жастардың құқықтық мəдениетін арттыру ісінде үлкен маңызға ие. Əсіресе соңғы жылдары жүргізілген конституциялық реформалар халықтың ел басқару ісіне қатысуын кеңейтіп, мемлекеттік билік тармақтарының арасындағы теңгерімді нығайтты. Қазақстан Конституциясының басты ерекшелігі – оның бүкіл халықтың таңдауы арқылы қабылданғанында. Ол – тек заңдық құжат қана емес, халықтың еркін білдіретін, мемлекеттің болашағын айқындайтын рухани-идеялық негіз. Конституция – көпұлтты Қазақстан халқының ынтымағы мен бірлігін нығайтқан асыл мұра. Сонымен қатар ол – əрбір қазақстандықтың лайықты өмір сүруіне бағытталған ұлы құндылықтар жиынтығы.

Осы айтулы мереке – Конституцияның 30 жылдығы барша халық үшін үлкен қуаныш əрі зор мақтаныш. Бұл – тəуелсіздіктің, əділеттіліктің, бейбітшіліктің мерекесі. Қазақстан Республикасы Судьялар одағы осы тарихи сəтті зор құрметпен атап өтіп, Ата Заңымызды қастерлеуге, оның қағидаттарын қорғауға əрқашан дайын.

Құрметті оқырмандар мен əріптестер! Сіздерді тағы да Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтай отырып, əрбір шаңыраққа бақыт пен береке, денсаулық пен ұзақ ғұмыр, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілеймін! Заң үстемдігін құруды қамтамасыз етудегі күрделі əрі жауапты жұмыстарыңыз əрдайым өз жемісін бере берсін! Ата Заңымыз мызғымас болса, тəуелсіздігіміз тұғырлы, мемлекетіміздің болашағы жарқын болары сөзсіз.

Досжан ƏМІР,

ҚР Судьялар одағының төрағасы,

ҚР Жоғарғы Сотының отставкадағы судьясы

Еліміздің 14 өңірінде аптап ыстық болады

13 тамызда бір өңірлерде аптап ыстық болса, тағы бір өңірлерде нөсер жаңбыр жауып, тіпті бұршақ түседі деп болжанды,

Тоқаев АҚШ-қа барады: Сапар алдында Астана мен Вашингтон келіссөздерді бастады 

Майами қаласында өтетін «G20» саммитіне Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трамптың шақыруымен қатысады.

Колумбияда үш күндік ұлттық аза тұту жарияланды 

10 тамызда Колумбияда болған магнитудасы 7,4 жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 230 адамнан асты.

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам бала бірінші сыныпқа барады 

Жаңа оқу жылында 380 мыңнан астам баланың бірінші сыныпқа баруы күтіледі. Қазір олардың 320 мыңға жуығы мектепке қабылданды.

Мектеп рюкзагын таңдағанда ата-аналар неге мән беруі керек? ДСМ жауап берді 

Негізгі қағида – рюкзак баланың бойына сай әрі ыңғайлы болуы, ал толық жиналған кездегі салмағы оның дене салмағының 10%-ынан аспауы керек.