«Барыс» демалыс орталығының жас дзюдошылары Almaty Judo Club ашық біріншілігінде жүлделі орындарға ие болды

         Алмалы ауданының «Барыс» демалыс орталығының спортшылары Almaty Judo Club ашық біріншілігінде жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды. Алматыда өткен бұл турнирге 2008–2015 жылдары туған жас дзюдошылар арасында өтті.  Бәсекеге қатысқан «Барыс» орталығының шәкірттері өз шеберліктерін дәлелдеп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

         Дзюдошылар жеті алтын, жеті күміс және төрт қола медаль жеңіп алып, жеңіске деген жігерін, шеберлігін және жоғары спорттық дайындықтарын көрсетті. Өз салмақ дәрежелерінде чемпион атанғандар: Бақытбеков Айдын, Стамқұл Нұрым, Стамқұлов Сырым, Қонар Аян, Еркінұлы Сүндетәлі, Баубек Ибрахим және Тоқабай Дастан. Күміс жүлдегерлер: Талғат Сұлтан, Қонар Айбат, Изимов Рамзан, Изимов Тамерлан, Сағым Бекнұр және Нәби Ерқысыл, ал қола жүлдені Шахмат Абдуали, Такишев Абилмансұр, Аманбай Нұрасыл және Амангелді Жәнібек иеленді.

         Жарыстың жарқын қатысушыларының бірі Баубек Ибрахим болды, ол алтын медаль жеңіп алды. Жас спортшы бұл турнирдің өз мансабында ерекше орын алатынын атап өтті: «Әрбір белдесу — тек физикалық күштілікті сынау ғана емес, сонымен қатар мінез-құлыққа да сын. Жеңіске жету үшін тек күш емес, сонымен қатар тактикалық ойлау, төзімділік және өзіңе деген сенім қажет», — деп бөлісті Баубек.

         Жарысты Кекушин будокай каратэ федерациясы ұйымдастырып, спортшылар үшін тамаша жағдай жасады. Бұл турнир жас дзюдошыларды әділ күрес пен жеңіске ұмтылуға ынталандыратын үлкен мереке болды.

         Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді, сондай-ақ оларды жарысқа дайындаған жаттықтырушыларды құттықтаймыз. Бұл жетістіктер – тәртіп, табандылық және үздіксіз еңбектің жемісі, олар жас дзюдошыларды жаңа биіктерге жетелейтіні сөзсіз. 

Жеткізу сәтсіз аяқталды: Алматы облысындағы колонияға тыйым салынған заттарды лақтыру әрекеті тоқтатылды

Алматы облысындағы №14 мекемеге тыйым салынған заттарды лақтыру әрекетінің...

«Кітап оқитын ұлт» ұлттық жобасын – қолдау»

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Кітап оқитын ұлт болуға...

В Алматы продолжается работа по поддержке детей в рамках проекта «Социальная мастерская»

В Алматы в рамках проекта «Социальная мастерская» продолжается системная...

Алматыда «Әлеуметтік шеберхана» жобасы аясында балаларға қолдау көрсету жұмыстары жалғасуда

Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға...

«ZEREN photo fest»: кәсіби фототілшілер ЕҰУ студенттеріне шеберлік сабағын өткізді

17–18 қазан күндері Зерендіде дәстүрлі «ZEREN photo fest» фотофестивалі...