«Барыс» демалыс орталығында жасөспірімдер арасында дзюдодан ашық біріншілік өтті

Алматы қаласында орналасқан «Барыс» демалыс орталығы жастар спортын дамыту бойынша жұмыстарын жалғастыруда. Бұл орталық жасөспірімдерге дзюдо секциясына тегін қатысуға мүмкіндік береді. Жақында орталықта 2008–2009 және 2010–2011 жылдары туған жасөспірімдер арасында дзюдодан ашық біріншілік өтті. Бұл жарыста жас спортшылар жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.

Жарыста алтын медальді Конар Айбат отыз сегіз килограмм салмақ дәрежесінде, Ережеп Ислам қырық алты килограмм салмақ дәрежесінде және Стамқұлов Сырым жеңіп алды. Күміс медальді Стамқұл Нұрым елу бес килограмм салмақ дәрежесінде, Тен Вадим елу килограмм салмақ дәрежесінде, Жайдар Әлихан алпыс килограмм салмақ дәрежесінде және Керімбай Нұрмұхаммед иеленді. Қола медальді Абжанқұлов Аслан қырық екі килограмм салмақ дәрежесінде жеңіп алды.

Алматы қаласындағы ең маңызды жастар жобаларының бірі – 100 демалыс орталықтарының қызметін ұйымдастыру. Олардың жұмысы жасөспірімдер мен жастардың бос уақытын тиімді өткізуге және оларды әртүрлі үйірмелер мен секциялар арқылы микроаумақтарда, тұрғылықты мекенжайы бойынша жұмыспен қамту мәселелерін шешуге бағытталған. Бүгінгі таңда 100 демалыс орталығының базасында тұрақты және тегін негізде 300-ден астам үйірме мен секция жұмыс істейді.Аталмыш орталыққа баратын 14 пен 18 жас аралығындағы жастар құрайды. Бұл үйірмелер мен секциялардың жұмысы арқылы 12 000-нан астам жас, соның ішінде әлеуметтік осал топтардан шыққан жасөспірімдер мен жастар қамтылған.

«Барыс» демалыс орталығы – жастар бастамаларының сәтті жүзеге асырылуының жарқын үлгісі. Тегін секциялардың арқасында жасөспірімдер спортпен шұғылданып, жарыстарға қатысып, үлкен жетістіктерге қол жеткізуде. Орталық тәрбиеленушілері Алматы қаласының атынан қалалық, республикалық және халықаралық турнирлерде жоғары нәтижелер көрсетуде. Жыл сайын бос уақытты өткізу орталықтарының базасында мыңнан астам іс-шара өткізіліп, бес жүзден астам бала түрлі жарыстарға қатысады.

Мұндай орталықтардың бастамалары жастардың спорттық рухын ғана қалыптастырып қоймай, оларды тәртіпке, жауапкершілікке және табысқа ұмтылуға баулиды. Бұл – Алматы жастарының болашағына және қаладағы бұқаралық спорттың дамуына қосылған маңызды үлес.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...