Бақытжан Байжановқа тағылған айыптаудың бірі алып тасталды

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыптардың бірі бойынша ресми түрде ақталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Судья Айжан Құлбаева сотталушы Бақытжан Байжановқа тағылған айыпты өзгерту туралы прокурордың өтініші бойынша қаулыны жария етті.

«Байжановқа 9 қарашада Bau мейрамханасына келіп, VIP-залға кіріп, Нүкенова қозғалмай жатқанын, өмір белгілерін көрсетпегенін, оның өліміне Бишімбаевтың қасақана себепкер болғанын біле тұра, құқық қорғау органдарына сенімді түрде белгілі аса ауыр қылмыс туралы хабарламағаны туралы айып тағылған. Негізгі сот процесінде айыптаушы тарап бұл бөлік бойынша айыптаудан бас тартты. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 337-бабына сәйкес сот осы іс бойынша Байжановқа қатысты қылмыстық кодекстің 434-бабы бойынша — «Белгілі қылмыс туралы хабарламау» бойынша іс жүргізуді мемлекеттік айыптаудан бас тартуға байланысты тоқтатуға қаулы етті», — деп судья шешімді жариялады.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.

Ипотека бағдарламалары. 2027 жылы қалай үй алуға болады?

Қазақстанда 2027 жылы жеңілдігі бар бірнеше ипотека бағдарламасы шығады. Бұлар: «7-20-25», «Наурыз», «Ұмай», өңірлік және әскери ипотека.

Елімізде түнде -8 градусқа дейін аяз болады

4 қарашада Қазақстанның 20 қаласының 18-інде жауын-шашын болмайды. Шымкент...