Бақсы мен көріпкел қызметіне жүгінгендер жазалануы мүмкін

Тәжікстанның Ішкі істер министрлігі елдегі бақсылық пен көріпкелдікпен күресудің жаңа тәсілін жариялады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Енді Ішкі істер министрлігі бақсылар мен көріпкелдердің өздерін жауапқа тартумен қатар оларға жүгінгендерге да шара қолданады.

«Жедел-профилактикалық іс-шаралардың нәтижесінде көріпкелдер мен бақсыларға жүгінгендер олардың қызметтеріне ақы төлеп, сол қызметті дамытатыны анықталды», — деп хабарлайды ІІМ.

Ведомство мәліметінше, кейінгі бір айда мұндай дерекпен 150-ден астам адам министрлікте тіркеліп, оларға қатысты заң аясында шара қолданылып жатыр.

«Бұл қызметке жүгінген барлық тұлға Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдарына шақырылып, оларға қатысты тиісті хаттамалар толтырылып, олардың деректері мен фотосуреттері департаменттің дерекқорына енгізіледі», — деп хабарлады ІІМ өкілдері.

Айта кетейік, Тәжікстанда бақсылық үшін әкімшілік жауапкершілік 2008 жылы енгізілді, ал 2015 жылдан бастап сиқырлы рәсімдерді орындағаны үшін қылмыстық жаза — 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Қ.Тоқаев президент әкімшілігінде ауыс-түйіс жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігінде ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің басшысын ауыстырды.

Балқашқа үш жылда 40 млрд текше метр су келді: Көлдің қазіргі жағдайы қандай? 

Соңғы үш жылда Балқашқа шамамен 40 млрд текше метр су жіберілді. Көл деңгейі қазір қандай межеде және оны 2040 жылға дейін сақтау үшін не істеліп жатыр?

Елімізде күн қайта жылынады 

27–29 қазан аралығында Қазақстан аумағындағы ауа райын ауқымды антициклон қалыптастырады. «Қазгидромет» синоптиктері күннің жылынатынын болжады.

Мәслихатты сайлауға қатысатын үміткерлерге қанша қаражат бөлінетіні айтылды

29 қарашада өтетін мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысатын үміткерлердің сайлауалды үгітіне мемлекет бюджетінен қаражат бөлінеді.

Рафаэль Уразбахтин «Қайрат» клубының бас бапкері қызметінен кетті

Рафаэль Уразбахтин Алматының «Қайрат» футбол клубының бас бапкері қызметінен өз еркімен кетті.