12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Банкроттықтың өз салдары бар 

«Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы» заң  қарызын қайтара алмай, берешегі көбейген азаматтар үшін өте тиімді.  Сондықтан, заңның басты талаптары мен негізгі қағидаларын қдайы түсіндіру артықтық етпейді. Банкрот болуды сұраған азаматтар талабы сотта заң нормаларына сәйкес келгенде ғана қанағаттандырылады. Мұны айтып отырғанымыз,  азаматтардың көбісі сотқа жүгіну тәртібін түсінбейді. Соның салдарынан талап арызын сотқа жолдауда қателіктерге жол береді. Ал бұл өз кезегінде талап қоюлардың қайтарылуына себеп болады. 

Жоғарыда аталған заң бойынша азаматтар банкроттықтың үш түрін қолдана алады. Бұған соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру рәсімі жатады. Айтып өтерлігі, осы үш жағдайда да сотқа талапты қарыз алушы, яғни, борышкер қояды.

 Соттан тыс банкроттық  банктер, микроқаржы ұйымдары мен коллекторлық агенттіктер алдындағы қарыз бір жыл төленбеген кезде қолданылады. Бұл үшін берешек көлемі1600 АЕК-тен аспауы керек. Осы ретте борышкерде мүлік, оның ішінде ортақ меншіктегі мүлік болмауы шарт. Заңмен белгіленген талаптар сақталған жағдайда соттан тыс банкроттық жүргізіледі.

Ал сот арқылы банкроттықты қолдану үшін борышкердің берешегі 1600 АЕК-тен жоғары болуы тиіс. Бұл мәселеде азаматтардың төлемді бір жыл өтей алмауы, қарызынан құтылу үшін қандай шаралар жасағаны назарға алынады. Сот арқылы банкроттық кезінде борышкердің мүлкі сатылымға түседі. Осы тұста ескеретін жайт, борышкердің жалғыз баспанасы кепіл нысанасы болған жағдайда ғана несие берушіге өтуі мүмкін. Қалған сома борышкердің жосықсыздығы белгілері болмаса есептен шығарылады.

Борышкер талап арызды өзінің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріп, екі жұмыс күні ішінде бұл туралы несие берушіні хабардар етеді. Талап арыз Азаматтық процестік кодекстіңталаптары сақтала отырып берілген кезде  сот оны қабылдап, он жұмыс күнінен кешіктірмей азаматтық істі қозғау туралы ұйғарым шығарады. Бұдан кейін екі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган қаржы басқарушысын тағайындайды. Борышкер өзінің мүлкіне және оның құжаттарына қаржы басқарушысының қол жеткізуін өз міндетіне алады және оған ай сайын ең төменгі жалақы мөлшерінде сыйақы төлейді.

Осы арқылы қаржылық ауыртпалық жеңілдегенімен, аталған заңды қолданудың өзіндік салдарлары бар. Мысалы, сот банкрот деп таныған адамдар бес жыл бойы ешбір банк, қаржы ұйымынан несие ала алмайды. Заң талабына сай, жеті жылдан кейін ғана банкроттыққа қайта жүгіну құқығына ие болады. Тағы бір салдары, банкроттық қолданылған азаматтар үш жыл бойы республика аумағынан шыға алмайды. Бұған қоса  оның қаржылық жағдайына үш жыл мониторинг жүргізіледі. Сондықтан, жеке тұлғалар банкроттыққа жүгінбес бұрын оның салдарынан да хабардар болғандары жөн.

        Айжан Устенова,

Наурызбай аудандық сотының судьясы

Алматы қаласы

Жалын Тлеуберген: Когда главным ресурсом становится идея, общество начинает развиваться по-новому

В Алматы состоялась встреча членов Общенациональной коалиции «За Народную...

«Барыс» хоккей клубының матчы кезінде Конституциялық реформаларды қолдауға арналған ерекше акция өтті

Астанада «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық...

Необычную акцию в поддержку Конституционных реформ провели во время матча столичного хоккейного клуба «Барыс»

В Астане члены общенациональной коалиции «За Народную Конституцию Справедливого...

Абай облысында «Қақпа алдында кездесу» өткізді

Абай облысы бойынша ҚАЖД №20 мекемесінде «Қақпа алдында кездесу»...

Шаг к новой жизни: в женской колонии области Абай состоялось освобождение трёх осуждённых

В женской колонии области Абай Департамент уголовно-исполнительной системы по...