Банкрот деп танылған тұлғалардың нақты бір қызметпен айналысуына тыйым салына ма

Банкрот деп танылған тұлғалардың нақты бір қызметтермен айналысуына тыйым салына ма? Бұл сауалға ҚР Қаржы бірінші вице-министрі Марат Сұлтанғазиев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бастапқыда заң жобасында біз бұл мәселені талқылаған едік. Жекелеген қызмет түрімен айналысуға, айталық нотариус немесе адвокат болуға, заңды тұлға құруға шектеу ұсынылған-ды. Заңның соңғы жобасында мұндай шектеулер жоқ», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында БАҚ өкілдерінің сауалына орай. Бірінші вице-министрдің атап өтуінше, бұл заң жобасы азаматтардың төлем қабілетін қалпына келтіруі және белсенді экономикалық өмірді бастауы үшін әзірленіп отыр. «Сол себепті шектеу қоймаймыз. Бірақ, жекелеген сарапшылар тарапынан банкрот болған тұлғаларға мемлекеттік қызметпен айналысуға, қаржы мекемелерінде қандай да лауазымда қызмет етуге тыйым салуға қатысты ұсыныстар бар. Бұл мәселелер әлі талқыланады», — деді Марат Сұлтанғазиев.

Наука как ширма для хищений

Государственная поддержка научных разработок призвана приближать будущее: превращать идеи...

Криминальный стартап Дело врачей №3 

В ОСНОВЕ ПРИНЯТИЯ РЕШЕНИЙ, В ТОМ ЧИСЛЕ И ПО...

Учимся грамотно зимовать

​​​​​​​РЕЗКО-КОНТИНЕНТАЛЬНЫЙ КЛИМАТ ВОСТОЧНОГО КАЗАХСТАНА ЧАСТО ПРЕПОДНОСИТ НЕПРЕДСКАЗУЕМЫЕ «СЮРПРИЗЫ»: ОБИЛЬНЫЕ...

Закон на языке школьников

​​​​​​​ЗАКОН МОЖНО ИЗУЧАТЬ ПО УЧЕБНИКАМ, А МОЖНО ПРОВЕРЯТЬ СВОИ...

Как оформить дарение квартиры: от документов до регистрации 

​​​​​​​ОТЕЦ ХОЧЕТ ПОДАРИТЬ ДОЧЕРИ КВАРТИРУ В АСТАНЕ, НО ЖИВЕТ...