spot_img
spot_img

Банк картасына жауапкершілікпен қараған абзал

Заманауи технологиялардың дамуы әлеуметтік желілерге кеңінен жол ашты. Нәтижесінде алаяқтық түрлері көбейді. Солардың бірі дропперлер, бұлар алаяқтық жолмен тапқан ақшаларын шоттан-шотқа аударып, іздерін жасыруға тырысады. Бүгінде дропперлікке жастармен қатар, үлкендер де тартылып жатқаны ащы шындық. Олардың кейбірі ақша табу жолымен алаяқтарға саналы түрде көмектессе, енді бірі аңғалдықтан өзінің заң бұзып жатқанын білмей де қалады. Осы себепті, азаматтардың қаржылық мәселелерде аса сақ болғандары жөн. 

 Интернет алаяқтары өздерінің қулықтарына құрық бойлатпайтындай іс-әрекеттер ойлап тауып жатқанымен, жазасыз қалмайды. Сондай алаяқтық істің бірінен мысал келтірсек, талап қоюшы интернет дүкеннен өзіне қажетті затты сатып алу үшін «Kaspi Bank» арқылы жеке кәсіпкер берген арнайы шот фактураға 600 мың теңге төлем жасаған. Алайда, тауар да, ақша да жоқ сотқа жүгінуге мәжбүр болған.

Азаматтық кодекстің 953-бабына сәйкес, заңдармен немесе мәмiлемен белгiленген негiздерсiз мүлiктi басқа жанның (жәбiрленушiнiң) есебiнен иеленiп алған немесе жинаған адам (сатып алушы), осы кодекстің 960-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, негiзсiз иеленiп алынған немесе жинаған мүлiктi (негiзсiз баю) алдыңғысына қайтаруға мiндеттi. 

Істі қарау барысында талап қоюшының тауарды сатып алу мақсатында жауапкердің шотына 600 000 теңге аударғаны фискальді чекпен расталды және ақшаның түскенін жауапкер жоққа шығармады. Сотта қаржының жауапкердің есепшотына жоқ өнім үшін аударылғаны анықталды. Бұл жағдай өз кезегінде істе негізсіз баю фактісі барын көрсетеді.

Бірақ, жауапкер өзінің де алаяқтың құрбаны екенін, интернеттегі жарнама арқылы ақша табудың мүмкіндіктерін іздеу нәтижесінде  шот фактура ұсынуға мәжбүр болғанын алға тартты. Ол өзінің шотына түскен ақшаны алаяқтардың нұсқауымен үшінші тұлғалардың есепшотына аударғанын бұл туралы полицияға жазған арызы қабылданғанын, осы себепті, талап арызды қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. Алайда, оның бұл уәжі есепке алынбайды, өйткені, оның іске өз қалауымен араласып, ақшаны өзге шотқа өз еркімен аударғаны, т.б. әрекеттері істі зерттеу барысында анықталды. 

Сотта жауапкер талап қоюшыдан ақша алудың заңды негіздерін дәлелдей алмады. Талап қоюшының жауапкерден негізсіз баю сомасын өндіру туралы талап арызы қанағаттандырылды. 

Азаматтарды алаяқтардан сақтандыру мақсатында айтып өтерлігі, белгісіз адамнан ақша түссе оның не үшін түскенін білу үшін банкке хабарласу немесе оны қайтару шараларын қарастырған жөн. Банк картасы жоғалған жағдайда тез арада оны бұғаттату керек. Мұндай шараларды қолданбау сол  картамен жүзеге асырылған қаржы операцияларының тәуекелін көтеруге әкеп соғады.

Айнұр Сырғабаева,

Алматы қаласы

Алмалы ауданының №2 

аудандық сотының судьясы

Конституция қоғамның ортақ құндылықтары мен жауапкершілігін айқындайды – Аида Балаева

Бүгінде Мемлекет басшысының ел дамуының стратегиялық бағдарына негізделген саяси...

Әділ еңбек, қауіпсіз жұмыс, лайықты жалақы: Максим Рожин жаңа Конституцияның маңызды тұсын атады

Жаңа Конституцияның нормалары өндіріс орындарындағы адамдар үшін нақты, өмірлік...

Волонтерліктің ұлттық желісінің басшысы жаңа Конституцияда волонтерлікті ынтыландыруды бекітуді ұсынды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның тоғызыншы отырысында Мәжіліс депутаты, «Ұлттық...

Қазақстан азаматтары қос немесе көп азаматтық ала алмайды: жаңа Конституцияның жобасына нақтылау енгізілді

Конституциялық Сот төрағасының орынбасары Бақыт Нұрмұханов жаңа Конституция жобасын...