12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ФОРЕЛЬ БАЛЫҒЫН БАҒАЛАЙ БІЛЕМІЗ БЕ?! немесе Жетісудың бір байлығы балық қалай өсірілуде

«Қазақстан Республикасы  Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Балық шаруашылығы комитеті 2022 жылғы 14-15 наурыз аралығында Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданы  Есік қаласы мен Қапшағай қаласында баспасөз турын өткізеді. Онда балық шаруашылығы субьектілерінің жұмысы таныстырылады. Сондай-ақ, 2021-2030 жылдарға арналған мемлекеттік балық шаруашылығын дамыту бағдарламасы бойынша іске асып жатқан жобаларды көрсету жоспарлануда. Айта кету қажет, аталған бағдарламада  2030 жылға қарай өсірілетін балық көлемін жылына 270 мың тоннаға дейін арттыру міндеті қойылған. Осыған орай, өткен жылы Алматы облысында балық өсіру бойынша 5 жобаны жүзеге асыру басталды», деген мәтіндегі хабарлама  Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен түсті. Талапқа сай тіркелдік. Бардық. БАҚ өкілдерін Балық шаруашылығы комитетінің баспасөз хатшысы Аслан Жеңісұлы қарсы алып, бастап жүрді.

Бірінші кезекте  Марлен Тұрсынәлі басқаратын ТМТ GROUP  ЖШС құрамындағы  «Есік Форель» шаруашылығына ат басын тіредік.

 … Осыдан 21 жыл бұрын Мемлекет және қоғам қайраткері марқұм Заманбек аға Нұрқаділов  Алматы облысының әкімі лауазымын атқарып тұрғанда осы «Есік Форель» шаруашылығын салтанатты түрде ашқан еді. Тау өзенінің бір арнасы да ондағы қой тастар мен түйе беліндей тастар да томпайып та, дүңкиіп те  жатыр. Қатарлата қойылған 20 текше литрлік 150  дана алюминий цистерналар  бәз-баяғыдай сақталыпты. Иә, бұл адам қажеттілігін өтейтін дүние… Бірақ ой қозғайды. Көп жайды санаңда жаңғыртады. Сол цистерналардың ішінде және сырттағы бетондалған  бассейндерде  форель балықтары тәкәппарлана  жүзіп жүр. Әрине, бірнеше ұрпағы ауысқан шығар. Көлеміне қарай бөлініп өсірілетіні тағы бар. Қорегі де бөлек. Әйткенімен, асылдығы асқандықтан  форель —  патша балық аталған.  

Тақырып аясындағы сұхбат

Марлен Тұрсынәлі, ТМТ GROUP  ЖШС құрамындағы «Есік Форель» шаруашылығының басшысы   

-Әуелгі кезекте өзіңіз туралы айтып бересіз бе?

— Райымбек ауданы Қарасаз ауылында туып, өстім. Қазақ ұлттық университеті балық шаруашылығы факультетін 2004-2011 жылдары  оқып бітірдім. Сосын, «Болашақ» бағдарламасымен Испанияда балық өсіру саласы бойынша жұмыс істедім. Қазақ балық өсіру институтында зерттеуші, бекіре өсіру шаруашылығында бас маман, директор болдым. Одан көтеріле осы «Есік Форель» шаруашылығын  құрып еңбек етудеміз. Жылына  220 тонна форель балығын, 50 тонна бекіре балығын, 100 тонна африкалық (клариви дейтін) сом балығын  өсіреміз. Шаруашылықтарымызда 50-ге жуық адам еңбек етеді. Өздеріңіз көрген жерді инвестициялық жобамен алдық. Бір ғана проблема су мәселесі жылдан жылға тапшы болып тұр. Су рационалды бөлінбейді. Алатау сілемдерінен басталатын Есік өзені арнасымен ағып келіп жиналып, бөлінетін  су қоймалары жеке адамдарға беріліп кеткен. Соның зардабын қарапайым халық пен балықшылар тартуда. Жергілікті әкімдіктер бұл мәселені жылы жауып қойған. Журналистердің осы проблеманы көтеруін сұраймын.

Форель балығы туралы айтып берсеңіз?

-Кезінде патшалар арнайы өсіртіп жегендіктен патша балық аталған – форель балығы суық суда тау өзендерінде тіршілік етеді. Осы балық уылдырығынан бастап яғни  “құбылмалы бахтах” балығын 5 грамнан 3 килеге дейін өсірумен айналысамыз. Өндіріс көлемі жылына  220  тонна бір түрлі  тауарлы бахтах балығы және оның 2 тонна уылдырығы өндіріледі.

Қалай?

-Шаруашылықта 120 балық өсіруге арналған хауызбен 2 қыстату және 4 үлкен бассейндер бар. Су көзі — Есік көліненен келетін тау өзені.

Жалпы жұмысты қандай бағдарламаға  сүйеніп істейсіздер?

-Қазақстан Республикасының 2021-2030 жылдарға арналған » Балық шаруашылығын» дамыту мемлекеттік бағдарламасына сүйене отырып, «Атамекен ҰКП-мен» бірлесе жұмыс атқарамыз.

Шикізат көзі болып табылатын балық уылдырықтарын қайдан аласыздар?

-Берісі Түрік мемлекетінен одан әрі Польша, Дат мемлекеттерінен уылдырық  күйінде алып үш килеге дейін өсіреміз.

Құпия болмаса сіз құрылтайшысы болып саналатын, яғни осы  форель  шаруашылығы  құрамындағы кәсіби біліктілікке баулу мектебі туралы айтсаңыз?

— Гүлшат  Агментаева директоры болып қызмет істейтін  «Балық Мектеп»  деп аталатын білім ордасы Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласында 2020 жылы  6 шілдеде ашылды.  Қазақстанның —  білім беру саласындағы №1 балық өсіру және кәсіпке баулу мектебі болып саналады. Мектепте оқыту  бағдарламасы  әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ  аға-оқытушыларымен бірлесе  бекітілген.  Сабақ оқытудың  30%  теория,  70% тәжірибеден  тұрады.

Білім беру сапасы туралы не айтасыз?

— Балық мектебі  қазіргі таңда 118  түлекке білім беріп, Қазақстанның барлық аймағынан 20 шаруа қожалықтың ашылып, жұмыс  бастауына негіз болды. Соның ішінде  15 шаруа қожалығында балық өсіру талабына сай  құрылыс жұмысы  жүріп, 5 шаруа қожалығы ашылды.

Оқуға ниеттенген адамды  немен қызықтырасыздар?

-Бір қызығы балық мектебіне келушілердің  жасына немесе мамандығына қарамаймыз. Бізден кәсіпкерлер, мемлекеттік қызметшілер, бизнесмендер, тіпті өнер адамдары да білім алды. 18 жастан бастап елімізде  балық шаруашылығын дамытуға  үлес қосамын деген барлық азаматтар мен  азаматшаларға  есігіміз ашық.

Бір жылда қанша адамды балық өсіру кәсібі бойынша оқыта аласыздар?

-Балық мектебі бір  жылда 300 оқушы қабылдауға дайын. Бұл сөзімді іс жүзінде дәлелдей аламыз.

Сонда..

-Балық мектебі  үш мезгіл тамақпен, жатақханамен және тәжірибеден өткізетін орындармен, алаңдармен қамтамасыз етеміз.

-Басты мақсат не?

-Балық мектебінің міндеті мен мақсаты — 2021-2025жылдары балық өсірумен айналысатын  шаруа қожалықтарының санын 100-ге жеткізу үшін арнайы жасақталып, мамандандырылған командамызбен жүйелі және жоспарлы түрде жұмыс атқару болып табылады. Бұл дегеніміз — Қазақстан Республикасында  балық шаруашылығының дамуына үлес қосу және сапалы білім беру мен нәтижелі өндіріс орындарын ашуға негізделген жұмыс. Түлектерге аз шығынды, көп өнімді  шаруа қожалықтарын ашып, бірлесе жұмыс атқару арқылы ел экономикасын көтеруге үлес қосу!

Біз «Жаңа Қазақстанды»  жаңа бағдарламамен, жаңа бағытта  дамытқымыз келеді. Келіңіздер, біріге балық өсірейік!!!

Біздің анықтама: Алматы облысы бойынша балық өсірумен айналысатын 22 шаруашылық бар. 2021 жылы Алматы облысының бюджетінен тауарлық балық өсіруді субсидиялауға 32,1 млн. теңге қаражат бөлініп,  16,2 млн. теңгесі игерілді. Қалған 15,8 млн. теңге өтініш түспегендіктен бюджетке кері қайтарылды. 2022 жылы облыс бюджетінен тауарлық балық өсіруді субсидиялауға 38,0 млн теңге бөлу жоспарлануда.

Біле білсек, бұл дерек балық шаруашылығын дамытуға  ашылған бір жол. Өкінішке орай Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасынан ысырыла Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары Б.Бименовке ТМТ GROUP  ЖШС құрамындағы «MG» шаруа қожалығы төрағасы М.Тұрсынәлінің  форель шаруашылығын жүргізу үшін белгілі мөлшерде су қажеттілігін реттеуге көмек сұраған ресми хатына  «Сіздің форель өсіру жобаларын жүзіге асыру үшін қажетті сі мөлшерін беру мақсатыңызға жету мүмкін болмай тұр» деп жауап жазған. Небары 16 сөзден тұратын  шұбырма сөйлемде екі граматикалық қате жүр. Бұл мәселені тиісті орындар мен  Еңбекшіқазақ ауданына таяуда ғана тағайындалған  жаңа әкімнің назарына ұсынамыз.

Иә, бұл күні  форель шаруашылығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығын жалпы көлемі 3 га. жер теліміне алған ТМТ GROUP  ЖШС құрамындағы «MG» шаруа қожалығында да болдық. Талапқа сай өзен арнасынан 30-40 метр қашықтыққа балық шаруашылықтары орналасса ешқандай зиян тигізбейтінін мамандар айтуда. Біз келген балық шаруашылығында  өзен арнасынан 100 метрден астам  жерді алып тракторлар қопара қазып бассеиндер  орындарын дайындауда. Сол жерде өсіп тұрған ағаштар тиісті мекемелер рұқсатымен кесіліпті. Неше күнгі жауыннан кейін езіліп жатқан балшықты елемеген  Марлен Тұрсынәлі журналистермен қатарласа жүріп сұрақтарына толыққанды жауап беруде. БАҚ өкілдері шаруа қожалығы төрағасының іскерлігін, форель шаруашылығын жүйелі түрде жүргізе алатын  нағыз жанашыр екендігін көріп, бағалап, жоғарыда жазған анықтамамызды бекіте түсті.

ххх

Сонымен, Алматы облыстық Балық инспекциясы өкілдері журналистерді Есік қаласынан 80 шақырым қашықтықта жатқан  Көлді ауылындағы балық шаруашылығына апарды.  Негізгі су  көзі Лаварь тоғаны болып табылатын аймақта 16- астам шағын көлшіктерге уақытша иелік етіп балық өсірумен айналысатын «Halyk Balyk» ЖШС директорының орынбасары Мейрамбек Пазылов жол бастап, өз жұмысы туралы айтты. Желдің өтінде аялдай беруді жөнсіз санаған топ жол қысқартып, балық өсіретін жабық бассеинге тоқтады. Кеңес заманынан қалған балық шаруашылығы электр жарығымен қамтылып, талапқа сай сақталғанымен кейбір құбырлардан су аға бастапты. Көлшіктерді жалғайтын тоғандардың тазаланбағанына біраз жыл болса керек.

-Бұл бұрынғы Шелек  тоған шаруашылығы, кәзіргі  Halyk Balyk» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде жалпы  3221 гектар жер бар. Соның бір мың гектардан астамын көлдер құрайды. Кәзіргі таңда су жетіспеуіне байланысты әрқайсысы 70-80 гектар жерді алып жатқан 8 тоғанның екеуінде ғана су бар. Шабақ өсіретін 6 тоған бар. Сол тоғандарды жаз бойы суға толтыра алмаймыз. Мамыр, маусым, шілдеде  шаруашылықтар егін алқаптары мен жайылымдықтарын суғару үшін Лаварь тоғанын бөгейді. Кезінде осы шаруашылық жылына 1.5 тоннаға дейін тауарлы балық өсірген. Казір көлдер құрғап қалғандықтан тауарлы балық өсіре алмай отырмыз. Тек қана бір жылдық жаздық шабақтарды жылына 2 млн. данаға дейін ғана өсірудеміз.  Өзімізден асқанын сұранысқа орай сатамыз. Тұқы, амур, дөңмаңлай  аналықтарынан мамыр, маусымда құрт балық шабақтарын сұранысқа орай  50 млн. данадан асыра шығарып отырмыз. Сұраныс болса 100 милионға жеткізетін мүмкіндігіміз бар. Лаварь тоғанын былтыр дихандар әр-әр жерден бөгеп су жібермей қойғанда бір цехтағы 10 млн. жуық құрт шабағымыз өліп қалды.

Осы шаруашылықта 28 жылдан бері еңбек етемін. Осы уақытта 14 бастығым ауысты. Жоғарыда отырған қожайындарға ұнамаса біздің басшыларды ауыстыра салады ғой. Ұзақ жылғы тәжірибем болғандықтан қатардағы балықшы  болып жүре беремін. Кей жылдары шаруашылықты жалға да берді. Келгендер аз шығын шығарып көп пайда тапқылары келеді. Ол тәсіл болмайды. Балыққа күтім, жем, су, балықпен қоректенетін құстарды үркітетін зор дауысты (пушка)  керек. Сол қажеттілігін өтей  алмасаң балық өспейді.

Шаруашылығымыздағы  9-10 жастағы бекіре тұқымды аналықтардан  биыл көктемде уылдырық алсақ па деген ойымыз бар. Құдай бұйыртса, бірінші рет аламыз. Нәтижесін уақыт көрсетеді. Негізгі еңбек қатардағы балықшылардікі. Басшылар сатып алып, пайдаланып, қайта сатып кете береді ғой. Тоғандарда тұқы, амур, дөңмаңдай, ал цехтарда  бекіре, форель бар. Бассеиндерге бір қалыпты 15 градустық температурада жер асты суы келіп тұр. Биыл форельдің уылдырығын шет елден сатып  алдық. Салмағы 3-4 айда  бір грамға жеткенде сатамыз. Негізі форель уылдырығы  жемдеуіңе байланысты екі-үш жылда өсіп, тауарды түріне келеді ғой. Бекіренің жемі қымбат болғандықтан аздап беріп жай өсіреді. Жемді көптеп берсе бір жылда 600-700 грамм болып жүр. Жемінің ерекшелігі сол балықтың еті, витаминдер, минералды қоспалар қосылатындықтан бір килесі 900-1000 теңгеге, ал үлкен балықтарға 600 теңгенің жемін береміз,- деді балықшы  Ғани Сейітжан.

Қорыта айтқанда, әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие болып, қымбат бағаланатын қызыл, балық, ақ балық және қара, қызыл уылдырықтардың басым бөлігі Түркиядан импортқа шығатыны мәлім. Түбін қуаласаңыз дәл осындай балық шаруашылықтарына тірелесіз. Сондықтан ҚР ЭГТРМ  Балық шаруашылығы комитетінің бүгінгі бастамасы қуана құптарлық қадам. Бұл игілік Алматы облысы әкімі тарапынан қолдау тапқанын да баса айтқан дұрыс. Мемлекет басшысының  инвестор әкімнің артынан жүгірмеуі керек. Қайта әкім инвесторды тарта білуі керек  деген  мағынадағы сөзіне жете мән берген ләзім. Қаражаттың басым бөлігі кәсіпкерлер мен бизнесмендер арқылы келіп ел экономикасын көтеретіні анық.

Нұрбол Әлдібаев,

«Заң газеті»

Әзербайжан астанасында Алматы облысының күндері өтуде

Баку тұрғындары мен қонақтары Алматы облысының мәдениеті мен табиғи...

Жетісу облысында 11 жастар ресурстық орталығы жұмыс істейді

Жетісу облысында жастармен, соның ішінде NEET санатындағы жастармен жұмыс...

Қайырымдылық – жүректен: Ұзынағаш тұрғындары «Мектепке жол» акциясына белсене қатысуда

«Қайырымдылық жасасаң, қайырын өзің көресің» дейді қазақ. Жоқ-жітікке қарасу,...

Алматы облысында «Ассамблея жастарының» республикалық слеті өтті

Еліміздің әр аймағынан жиналған белсенділер өңірдің көрікті мекендерін аралап,...

Жетісу облысында көпбалалы аналарға арналған алғашқы тігін цехы ашылды

Бүгін Жетісу облысының Текелі қаласында әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының...