12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Баланың тұрғылықты жерін айқындауға байланысты дауларды шешудің ерекшеліктері

Қазіргі таңда жастары кәмелетке толмаған балалары бар ерлі-зайыптылардың некелері бұзылғаннан кейін, олар өзара балаларының тұрғылықты жеріне қатысты мәселені шеше алмай, сотқа жүгіну фактілері көбеюде.

Ағымдағы заң талаптарына сай, баладан бөлек тұратын ата-анасының ата-ана құқықтарын жүзеге асыру тәртiбi туралы жазбаша нысанда келiсiм жасауға құқылы. Егер ата-аналары келiсiмге келе алмаса – дауды қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган, ал оның шешімімен келіспеген жағдайда дау осы органның және баланың ата-аналарының қатысуымен медиация тәртібімен шешіледі немесе оны сот шешедi.

Баланың тұрғылықты жерін анықтау немесе баланың тұрғылықты жерін өзгерту  туралы істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттар қарайды.

Соттар балаларды тәрбиелеуге байланысты дауларды қараған кезде ең алдымен кәмелетке толмағандардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуі қажет.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1994-жылғы 8 маусымдағы қаулысымен ратификацияланған «Бала құқықтары туралы» Конвенцияның 27-бабының 2-бөлігінде баланы тәрбиелеуші ата-ана өздерінің қабілеттері және қаржылық мүмкіндіктері шегінде баланың дамуы үшін қажетті өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуге негізгі жауапкершілікті алатыны көрсетілген.

Судья туындаған дауды дұрыс шешу үшін тараптардың дәлелдеуіне жататын мән-жайларды дұрыс айқындап, ата-аналардың не баланы тәрбиелеп отырған өзге адамдардың жеке қасиеттерін сипаттайтын мән-жайларға, сондай-ақ осы адамдардың баламен қалыптасқан өзара қарым-қатынасына ерекше назар аударады.

      Баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы істерді қарау барысында  жасы кәмелетке толмаған баланың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қорғаншылық немесе қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын орган өкілінің қатысуы міндетті.

Балаларды тәрбиелеуге байланысты дауды шешу барысында соттар баланың жасы мен жетілуін ескере отырып, педагогтың және психологтың қатысуымен, мүдделі адамдардың балаға ықпал етуін болдырмайтын жағдайда жасы онға толған баланың пікірін тыңдайды.  Бұл ретте баланың пікірі оған ата-аналарының біреуінің немесе басқа да мүдделі адамдардың ықпалы салдарынан қалыптасқанын, оның осы пікірді білдіру кезінде өз мүдделерін сезінетінін және оның осы пікірді қалай негіздейтінін анықтау қажет.

Кәмелетке толмаған баланың әлеуметтік-психологиялық жағдайын, ата-аналарына деген эмоционалды жақындықтары мен отбасылық жай-күйлерін анықтау мақсатында, істі қарау барысында психолог мамандарға баламен жұмыс жасауға сот тапсырмасы беріліп, психолог мамандардың қорытындысы судьямен шешім қабылдау барысында ескеріледі.

Сот баланың тұрғылықты жерін анықтау немесе өзгерту туралы талаптарды қарау барысында баланың ата-аналарының әрқайсысына, аға-iнiлерiне және апа-сiңлiлерiне үйірлігін, баланың жасын, ата-аналарының адамгершiлiк және өзге де жеке қасиеттерiн, әрбір ата-анасы мен баланың арасындағы қарым-қатынастарды, ата-аналардың баланың дамуы мен тәрбиесі үшiн жағдайлар жасау мүмкiндiгiн, жұмыс режимін, олардың материалдық және отбасылық жағдайын ескере отырып шешім шығарады.

Сондай-ақ, сот бөлек тұратын ата-аналарының арасындағы кәмелетке толмағанның тұрғылықты жері туралы дауды шешу кезінде ата-аналардың құқықтары мен міндеттерінің теңдігін негізге алып, баланың мүдделеріне сәйкес келетін шешім қабылдауы қажет.

Статистикалық мәліметтерге жүгінетін болсақ, Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының өндірісіне 2024 жылдың 5 айында баланың тұрғылықты жерін анықтау туралы 47 талап арыз түсіп, 9 іс бойынша тараптар дауды медиация тәртібімен реттеген, ал 12 іс бойынша талап арыз қанағаттандырылса, 3 іс бойынша талап арызды қанағаттандырудан бас тартылған.

Аталған санаттағы талап арыздарды қарау барысында сот жастары кәмелетке толмаған балалардың пікірлері мен мүдделерін ескере отырып, ата-ананың өзінің міндеттерін дұрыс орындамауы немесе құқықтарын теріс пайдалануы орын алған жағдайда, баланың қалыпты өмір сүруіне жағдай жасалмаған жағдайда, ата-ана баласының мүддесіне қарсы әрекеттер жасаған жағдайда қойылған талапты қанағаттандырып, балалардың тұрғылықты жерін басқа ата-анасымен бірге анықтауы мүмкін.

Сондай-ақ тәжірибеде баласымен бірге тұратын ата-ана баласын басқа тұлғаларға тастап кетіп, өзінің міндеттерін орындаудан жалтарған жағдайда да баланың тұрғылықты жері өзгертіліп, басқа ата-анасына беретін жағдайдар да кездесіп жатады.  

Кей жағдайларда талап қоюшы болмашы себептермен, ешқандай дәлелсіз балаға алимент төлемес үшін, баланың тұрғылықты жерін өзгерту туралы талаптармен жүгініп жатады. Бұндай талап арыздарда балалардың ескі және тар киімдермен жүретінін, анасының балаға дұрыс көңіл бөлмейтінін, балаға төленген алимент соммасын анасының өз қажеттілігіне жарататынын негіздеме ретінде көрсетіп, баланың тұрғылықты жерін екінші ата-анасымен айқындауды сұрап жатады. Бірақ істі қарау барысында талап қоюшының талап арызында көрсетілген уәждері өз дәлелін таппағандықтан, сот бұндай талаптарды қанағаттандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Сондықтан балаларды тәрбиелеуге байланысты даулар бойынша ата-аналар ең басты тұрғыда кәмелетке толмаған балалардың мүдделері мен құқықтарын, жас ерекшеліктерін, психологиялық жай-күйлерін, олардың дәл қазіргі жас кезеңінде өмір сүріп, қалыптасуларына ата-анасының қайсының көбірек қамқорлығы мен ықпалы қажеттілік тудыратынын назарға ала отырып, дауды бейбіт жолмен шешкендері дұрыс деп санаймын.

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Гүлмира Асқарқызы Әлімқұлова

Жаңа кассациялық сот

 Мемлекет басшысы 2025 жылғы 1 шілдеден бастап қылмыстық, азаматтық...

«Е-апостиль электрондық қызметін қалай тез алуға болады

Шетелге шығу кезінде Қазақстан Республикасының аумағында берілген құжаттар басқа...

Как не стать жертвой финансовой пирамиды

Финансовая пирамида (также инвестиционная пирамида, схема или игра Понци)...

Сот отырысында аудио-бейне тіркеу жүйесін пайдалану ережелері

Осы Сот отырысына қатысуды қамтамасыз ететін техникалық байланыс құралдарын...

СОТ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ — ҚОҒАМНЫҢ ТАЛАБЫ

Сот - кез-келген даудың түйінін тарқатып, әділдігін айтып, тура...