12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Баланың тағдыры елеусіз қалмауы керек

«Бала – біздің болашағымыз!». Баланың жарқын болашағы толығымен оның ата-анасына байланысты. Дүние атаулының ең ғажайыбы – бақытты отбасы!  Ал ең бақытсызы, ана мен әкенің мейірімін көрмеген  бала болды.

Бүгінде бала тағдыры —  қоғамның ауыр, өзекті мәселесіне айналып отыр. Бала тағдырына жеңіл қарау, жауапкершілікті сезінбеу.

Өміріңнің жалғасы, келешек ұрпақтың жетімдер үйіне түсуі, шетел асып кетуі, тірі әке-шешесі бола тұра жетім атануы көбейіп бара жатыр.

 «Жетім» деп әке-шешесінің екеуінен де айырылған, не жалғызбасты анасы қайтыс болған жағдайда ғана айтады. Алайда, жауапкершіліктен қашқан әке мен без бүйрек аналардың көбеюі қоғамның көкейтесті мәселесі болып отыр. Басына салған сынақ па, әлде тағдыры ма?! Сың айту әрине қиын, себебі «бес саусақ бірдей емес».

Дүниеге әкелген соң, демек сен оған жауаптысың! Баланың балалық шағын ұрлауға ешкімнің хақысы жоқ. Бала – ата -ананың бауыр еті. Бауыр еті балаңның бақытты ғұмыр кешуі, толыққанды отбасында дүниеге келіп, тәрбие алу үшін ата-анасы жанын да, барын да беруге даяр болу керек. Десек те, қоғамдағы бар баланың бәрі бірдей ананың жылы аялы алақанын, жылуын сезбейтіні ащы болса да, шындық.

Бүгінде әрбір  екінші отбасы жұптары жараспай, ажырасып жатады.  Әрбір екінші отбасында кәмелетке толмаған балалары бар. Некелерін бұзып қана қоймай, балаларды бөліске салудан  даулар туындап, сотқа  жетуде.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының соңғы соңғы екі жылдың статистикасын алатын болсақ,  2022 жылы 98 балалардың тұрғылықты жерін айқындау бойынша талап қою түсіп, 29-на шешім шығып, 18-і қанағаттандырылса, 2023 жылы осы талаппен 101 адам жүгінген. Оның 27-не шешім шығып, 15-і  қанағаттандырылған.

Ата-ана құқығынан айыру бойынша 2022 жылы 102 талап арыз түсіп, 67-не шешім шығып, 38 іс бойынша арыз қанағаттандырылған. 2023 жылы 122 талап арыз түссе, 87-не шешім шығып, оның 49-ы қанағаттандырылған.

Ата-ана құқығын шектеу бойынша 2022 жылы 21 арыз түсіп, 14-не шешім шығып, 8-і қанағаттандырылған болса, 2023 жылы 25 арыз түсіп, 17-не шешім шығып, 8-і қанағаттандырылған.

Яғни, бұл немқұрайлы қарайтын мәселе емес. Бұл қоғамның – ауыр дерті. Әрине, бәріне көмектесе алмасақ та, қоғам болып қарсы тұрып, ата-аналарға санасына жеткізетіндей ой тастасақ, күннен күнге өршіп бара жатқан мәселенің алдын алу мақсатының бір бөлігін жасаған болар едік.

Бала – өмірдің жалғасы, мәні мен сәні. Ежелден бабаларымыз баланы көңілдің гүлі, көздің нұры деп ұққан. Десек те, үйдегі ұрыс-керіс, ата-анасының ажырасуы, балаларын сотқа жетектеу кезінде баланың психикалық жағдайын ойлап жатқан кім бар?! Бала қандай күйде!? Оның жан дүниесіне үңіліп көрді ме?! Балаға осы талас қаншалықты әсер етеді?!

Балаға әке де керек, шеше де керек! Шешесі әкесін, әкесін шешесінің орындарын ауыстыра алмайды.

«Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деп ертеден келе жатқан дана сөздеріміз ой тудырса екен. Мен үшін әкенің есіктен кіріп шыққанының өзі, ананың аялы алақанымен маңдайынан сипап, мейірімді көздерімен жеткізген ойының өзі тәрбие деп есептеймін. Балаларды дауларыңызға араластырып, оларға ата-ана арасында таңдау жасатпаңыздар, баланың болашағын ойласаңыздар деймін.

Өкінішке орай, ерлі-зайыптылардың неке бұзылғаннан кейін бір-біріне жау болып, дүние-мүлікті  бөлісіп қана қоймай, балаларды бөліске салудың күн сайын куәсы болуыма тура келеді.

Қаншалықты бала қатты болуға тырысса да, іштегі тұнған сезім сот залында келгенде көз жасына ерік бермей тұра алмайды.

Тағы бір мәселе, жауапкершіліктен қашқан әке, тағдырына көне алмаған шеше, ішімдікке құмар, жеңіл жүрісті қалап, баласының аш-тоғымен шаруасы жоқ ата-аналар мәселесі. Баланың бірде тамағы болса, бірде жоқ. Аяғы жалаң, сабағына бірде барса, айлап бара алмай қалады. Әкесінің қайда екені беймәлім, аналары болса, күнде арам суға тойып, үй көрмей кетеді. Уәкілетті органның ескертуін де елемей, балалары мектеп-интернаттан, балалар үйінен қалай шыққанын да түсінбей қалады.  Әке-шешесін күтіп, оларға шаң жуытпай, терезеден ата-анасын телміріп күткен баланы айтсай?! Көздері жәутеңдеп,  анасын сағынған баладан сұрасаң, олар үшін «ата-аналары ең керемет жандар», толыққанды отбасы болып ата-аналарымен бірге тұрғанды қалайды, армандайды, сағынады. Әттең, санасына кіріп жатқан  ата-ана болсаңшы?!

Мәселе тіпті балаға алып берген қымбат сыйлықтар мен киімде де емес. Балаларға шынайы қуанышыңызды, сүйіспеншілігіңіз бен қамқорлығызды беріп, оларға нәзіктік пен жаныңыздың бір бөлігін салу жеткілікті. Себебі, олар сүйіспеншілікке, қамқорлық пен назарға мұқтаж, көңіл бөлуді қажет етеді.

Бала үшін бұдан артық бақ та, арман да жоқ.

Қазақ халқы ертеден ұрпағын ерекше қадір тұтқан , жетімін жылатпаған халық. Ендеше, «баланың бәрі бақытты, болуы үшін жаралған» — деп ойымды түйіндей келе, осындай қанға сінген қасиетін жоғалтпаған ел болып қала берейік.

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының бас маман-сот отырысының хатшысы

А.А.Аманжолова

Сауаттылық сергелдеңнен құтқарады

Кез келген даудың түйіні сотқа келіп тарқатылады. Сондықтан Ата...

Еңбек дауының алдын алу маңызды

Еңбектің барлық кезде дұрыс бағалана бермейтінін сот тәжірибесі көрсетіп...

Судьялар съезі – жаңа бастамалар мінбері

Судьялар одағы – қазақстандық қазылардың басын біріктіріп, бір мақсатқа...

Сот алдында бәрі тең

Азаматтық процесс барысында таразы басының тең ұсталып, екі тарапқа...

Кеңседегі іс жүргізу мәселелері

 Кеңсе жұмысы әртүрлі бағытта жұмыс жасайды. Бүгінде бұл бағытта...