БАЛАНЫҢ БОЛАШАҒЫН БҮГІННЕН ЖОСПАРЛАУ КЕРЕК

Елімізде 2023 жылдың ақпанында іске қосылған Bilim-Life бағдарламасы Ақмола облысында белсенді жұмыс істеуде. Бұл туралы толығырақ Көкшетау қаласындағы «Халық Life» АҚ филиалының директоры Динара Жунусова баяндап, біздің сұрақтарымызға жауап берді.

– Динара Қуанышпайқызы, Көкшетауда «Келешек» бағдарламасы қанша жылдан бері жұмыс істейді?

– Егер біз мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберіндегі сақтандыру бағдарламасы туралы айтатын болсақ, онда біздің компанияда 2023 жылдың ақпанында іске қосылған Bilim-Life бағдарламасы бар. Аз уақыттың ішінде бұл жоба ақмолалықтардың көңілінен шықты деуге болады. Себебі, әрбір ата-ана өз баласының сапалы білім алуын қалайды, бұл сұрақта Bilim-Life жобасы үлкен көмек көрсетеді деген ойдамын. Себебі, баланың кішкентай кезінен аздап болсын, жоғары білім алуына қаржы жинауға толық мүмкіндік берілген.

– Көкшетау мен облыста «Келешек» полисін қанша адам сатып алды?

– Ақмола облысы бойынша 137 ата-ана өз балаларына арналған мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде сақтандыру шартын жасасты. Күннен күнге көкшетаулықтар мен өңір тұрғындарының жобаға деген қызығушылықтары артып келеді. Біздің әріптестеріміз бірқатар мекемелердің ұжымдарына тегін ақпарат беруде, ол жұмыс әлі де жалғасын таппақ.

– Бүгінгі таңда жинақтаудың ең төменгі сомасы қандай? Бағдарламаның пайдасы неде?

– Ай сайынғы сақтандыру жарнасының ең төменгі мөлшері 10 мың теңгені құрайды, әрине, салынатын ақшаның көлемі клиенттің қаржылық мүмкіндіктеріне байланысты. Мысалы, біздің тұтынушыларымыз ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет, сондай-ақ жылына бір рет жарна сомасын және оны төлеу кезеңдерін таңдай алады. Қалай салса да, жоба өзінің берер пайдасын жоғалтпайды. Егер де бағдарламаның пайдасы жайында тереңірек тоқталсақ, Bilim-Life келесі қызметтерді ұсынады: Мысалы, бүкіл жинақтау кезеңіне, яғни, тәулік бойы, әлемнің кез келген нүктесінде жинақтаушы ата-ананың өмірін сақтандыру. Оған қоса, бүкіл жинақтау мерзіміне 8% дейінгі кепілдендірілген кірістілік ставкасы және жинақтау сомасының 7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы. Сонымен қатар, ата-аналарға арналған салықтық жеңілдіктер беріледі.

– Келешек бағдарламасында қандай тәуекелдер бар?

– Ешқандай қауіп жоқ, Bilim-Life бағдарламасы бойынша жинақтауға «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ кепілдік береді, кепілдік сомасы шектелмейді.

– Соңғы уақытта жобада қандай игі өзгерістер мен жаңалықтар болды?

– Егер бұрын клиенттер қағаздағы өтініштерді толтырса, өз шарттарын қағаз тасығышта бірнеше күн күткен болса, қазір бұл процесс автоматтандырылған, оны электронды түрде рәсімдеуге болады. Жақын арада шартты ресімдеу клиент үшін мобильді қосымшада қолжетімді болады. Сондай-ақ биыл біздің компания өз клиенттері үшін акция өткізеді. Қатысушылардың бас жүлдеге біріккен араб әмірліктеріндегі Legoland-қа саяхатты жеңіп алу мүмкіндігі бар.

– Көбінесе ата-аналар балаларының қандай бағытта білім алуын қалап, қай бағытқа көбірек ақша жинайды?

– Bilim-Life бағдарламасы бойынша сақтандыру шартының арқасында ата-аналар біздің елімізде де, шетелде де балаға арналған кәсіптік-техникалық және жоғары білім ақысын төлеуге қажетті соманы кепілдікке бере алады. Балалардың Қазақстанның және басқа елдердің беделді жоғары оқу орындарында білім алуға мүмкіндіктері бар. Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі шеңберінде жинақтаушы сақтандыру шартының ең аз қолданылу мерзімі 3 жылды құрайтынын, ал бағдарламаның өзі нарықта небәрі бір жарым жыл бұрын пайда болғанын ескерсек, бірде-бір сақтандыру шарты бойынша жинақтау мерзімі аяқталған жоқ. Сондықтан жинақтарды пайдалану жағдайлары әлі болған жоқ. Қалай болғанда да, егер клиент мерзім аяқталғаннан кейін жинақтарды мақсатсыз пайдаланғысы келсе, олар мұны істей алады. Бірақ бұл жағдайда мемлекет барлық жылдарға есептеген сыйақыны мемлекеттік бюджетке қайтарады. Өйткені сыйақы мақсатты болып табылады – сыйақы тек баланың білім алуы үшін қосылады.

Бетті дайындаған Бақыт ЖҰМАБАЙ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерін Грузия арқылы әлемдік нарыққа шығармақ

Қазақстан мал шаруашылығы өнімдерінің экспорт географиясын кеңейтіп, Грузия арқылы...

СЛУЖБА ПРОБАЦИИ: ВТОРОЙ ШАНС ПОД КОНТРОЛЕМ ЗАКОНА

Контроль без изоляции Суть пробации заключается в том, что осуждённый...

Переломить тревожную динамику

В КАЗАХСТАНЕ СНОВА ЗАФИКСИРОВАН РОСТ ДЕТСКИХ СУИЦИДОВ ПОЧТИ НА...

Обеспечение безопасности туристов 

НА ПОБЕРЕЖЬЕ ОЗЕРА АЛАКОЛЬ С УЧАСТИЕМ АКИМА ОБЛАСТИ АБАЙ...