12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Баланың мектепте болуы вакцинациялауға берілген келісімге тең

Қазнетте Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша, баланың вакцинациялау күні мектепте болуы вакцинациялауға берілген келісімге тең деген хабарлама тарады, — деп жазады Stopfake.kz.

Дереккөз мәліметінше, шын мәнінде, хабарлама авторы сүйеніп отырған мәтінді ДДҰ 2014 жылы жариялаған және оның COVID-19 пандемиясына немесе осы ауруға қарсы вакцинациялауға еш қатысы жоқ.

«Сондай-ақ, бұл құжат іс-қимыл нұсқаулығы немесе ережелер жиынтығы емес. Таратылып жатқан постта ұсынылған дәйексөзден алынған абзацтың тақырыбында: «Вакцинациялауға келісім алудың кең таралған жолдары» делінген. Одан әрі мәтінде әр түрлі елдерде қолданылатын жазбаша, ауызша және болжалды келісім алу стандарттары сипатталған», — деп жазады басылым.

Қазақстанда баланың вакциналау күні мектепте болуы процедураға берілген келісім ретінде қарастырылмайтыны айтылады.

«2020 жылғы 7 шілдедегі «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, ҚР кез келген азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық егулерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы. Бұдан басқа, 16 жастағы және одан асқан балалардың профилактикалық және консультациялық-диагностикалық көмек көрсетілуінен хабардар түрде бас тартуға құқылы. Қорыта айтқанда, тарап жатқан ақпарат жалған және COVID-19-ға қарсы вакциналауға да, Қазақстанға да еш қатысы жоқ», — делінген хабарламада.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа Қазақстандағы тұңғыш агротехнопарк таныстырылды

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровқа С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық...

Құжаттама бөліміне жүктелген жауаптылық жоғары

2025 жылғы 1 шілдеде елімізде қылмыстық, азаматтық және әкімшілік...

ОСДП и Ассоциация деловых женщин презентовали проект PANA по созданию сети точек укрытия для женщин и детей

АСТАНА, 19 февраля 2026 года - Общенациональная социал-демократическая партия...

Бүгін Ақтөбе қаласында «Конституциялық реформа – елдің ұзақ мерзімді дамуының негізі» тақырыбында жастар пікірталасы өтті.

Іс-шараның мақсаты – жаңартылған Конституцияның негізгі ережелерін жан-жақты талқылау,...

Жыр алыбы — Жамбыл Жабаев!

Алматы қаласы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты,  №11 мекемесінде кәмелетке...