12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

«БАЛАҢДЫ ДОСЫҢА АЙНАЛДЫР»

Ақмолалық полицейлер «Қауіпсіз қоғам» мемлекет — тік жобасы аясында құқықтық тәртіпті қадағалауды күшейткен. Қауіпсіз қоғам қауіпсіз орта қалыптасқан мемлекетте салтанат құрады. Ал бұл құқықтық қадағалаудың бәрі жастар мен жасөспірімдерді дұрыс бағыттап, адамдардың құқықтарын жанжақты түсіндіруден тұрады.

Осы ретте, Көкшетау қаласы полиция басқармасы өңір тұрғындары мен ата-аналарға мынадай хабарламалар жолдады. Онда полиция қызметкерлері Қылмыстық кодекстің 140-бабының 2-тармағына сәйкес, кәмелетке толмаған балаларға бақылауды күшейту керектігін, одан бөлек баланы қамқорлық пен мейірімге бөлеп, асқан жауапкершілікпен қарау қажеттігін ата-аналардың назарына ұсынды. Көкшетаулық полицейлер кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді ата-анасының немесе осы міндеттер жүктелген өзге адамның балаға қатысты қатыгездікпен қарау немесе кәмелетке толмаған баланы қадағалаусыз қалдыруға болмайтынын айтады. Ата-ана жүзеге асыруға міндетті оқу, тәрбие, емдеу немесе өзге де мекеме педагогінің немесе басқа қызметкерінің орындамауы немесе тиісінше орындамауы 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не 160 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамауға алу арқылы жүзеге асырылады. Бұл мәселеге қатысты полицейлер өз деректерін де оқырман назарына ұсынды. Онда кәмелетке толмаған үш баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс бар. Ювеналды полиция бөлімінің қызметкерлері анықтағандай, ағымдағы жылдың 26 маусымында 39 жастағы жергілікті тұрғын 9 жасар ұлына дене жарақатын салған. Оқиға туралы полицияға көршісі хабарлапты. Бұл факт бойынша полицейлер сотқа дейінгі тергеуді бастады. Полицейлер ерекше бақылауға алған отбасында үш бала тәрбиеленіп жатыр. Қазіргі уақытта қылмыстық істі тергеу жалғасуда. Жергілікті полицияның есебінде бүгінгі таңда 600-ден астам қолайсыз ата-ана бар. Арнайы мамандар мен полиция өкілдері олардың әрқайсысымен жеке профилактикалық жұмыстар жүргізеді. Алайда әр шаңырақтағы күнделікті тыныс-тіршілікті жіті бақылап, оларды күнделікті қадағалап отыру мүмкін болмайтын жағдайлар да кездеседі. Сондықтан да олар әр азамат өзінің азаматтық белсенділігі мен қоғам, отбасы алдындағы жауапкершілігін жоғары қойса дейді. Ақпараттық технология заманы адамдардың уақытын ұрлады. Қарапайым ғана қажеттілік есебіндегі смартфон бүгін кез келген ата-ананың да, баланың да сенімді, айырылмас серігіне айналды. Мұның отбасы құндылықтарының әлсіреуіне үлесі орасан зор. Ата-ана бала тәрбиесін ақсатты, бала ата-анадан алыстады. Бақылаусыз баланың назары көшеге, нашар орта, жаман әдеттерге ауды. Полиция дерегіне сүйенсек, әртүрлі әкімшілік, қылмыстық құқықбұзушылықтар жасөспірімдер тарапынан көп жасала бастаған. Жасөспірімдер қылмысына қатысты статистика артқан. Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, көлік рөліне отыратын кәмелеттік жасқа толмағандар көбейген. Сол себепті құқық қорғаушылар жазғы каникул кезінде балаларға ата-аналар тарапынан қадағалау жоғары болуы қажеттігін айтады. Осы ретте, республика көлемінде «Каникул» іс-шарасы қолға алынған. Ауқымды акцияның мақсаты – балалардың құқықтарын бұзу дерегін анықтау, олардың қадағалаусыз әрі панасыз қалуының алдын алу. Құқық қорғаушылар мұнымен қоса балалар еңбегін пайдалану, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, кәмелетке толмағандармен және оларға қарсы жасалатын қылмыс, әртүрлі құқықбұзу­шылықты болдырмау мақсатында рейдтер жүргізеді. Ресми орган өкілдері сонымен қатар жаз мезгілінде жұмыс, қосымша табыс тапқысы келген жасөспірімдердің курьерлікке орналасатынын, сол арқылы психотроптық заттар тасымалына ұрынатын жағдайлардың көптігіне алаңдаулы. Әрі ондай қылмыстардың жазасы ауыр болатынын, осы тұрғыда балаларға қатаң бақылау қою қажеттігін ескертеді. Оған мысал есебінде кәмелет жасына толмаған оқушының бірі Telegram интернет-қосымшасынан жұмыс тауып, курьерлікке тұрған. Курьердің жұмысына психотроптық заттарды жасырын орындарға жеткізу кіретінін біле тұра, ақшаға қызыққанын, оның аса ірі мөлшердегі есірткіні, психотроптық заттарды, сол тектес заттарды сақтау, тасымалдау ісіне араласып, өкінішке қарай, бұл заңсыз әрекеті үшін мектеп оқушысы 7 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына сотталғаны белгілі болған. Балаларға қатысты қылмыстар мен әртүрлі деректер полиция мәліметтеріне күн сайын тіркеледі. Байқасаңыз, үйінен ескертусіз шығып кетіп, жақынын, айналасын әбігерге салатын жасөспірім көбейді. Ол еркіндіктің аяғы көбінесе қайғылы оқиғалармен аяқталып жатыр. Жақсылықпен аяқталған мысалдар да жоқ емес. Жақында Шортанды ауданында осыған ұқсас бір оқиға болды. Бақытты аяқталатын керемет оқиға 1 шілдеде орын алған. Шортанды ауданы тұрғынының 12 жасар қызы үйіне ескертпей шығып кетеді. «Астана – Петропавл» республикалық трассасында Көкшетау қаласына қарай өз көлігімен келе жатқан Дидар Қызыров деген азамат жасөспірім қызды байқайды. Жалғыз келе жатқан қыздан күдіктенген жүргізуші тоқтап жөн сұрайды, баланың ренішті күйде екенін байқаған Дидар жасөспірімнің жағдайын түсінуге тырысады. Әңгіме барысында қыз Шортанды ауданы, Мықтыкөл ауылында тұратынын және ата-анасына айтпастан өз еркімен үйден кетіп қалғанын айтқан. Шортанды ауданына қайтар жолға көп уақыт қажет болғандықтан, Дидар қызды Ақкөл қаласындағы ең жақын полиция бөліміне әкеліп табыстаған. Бөлімге келгеннен кейін кәмелетке толмағандар жөніндегі учаскелік инспектор, аға лейтенант Мұрат Бекішев қызбен ашық сөйлесіп, оның әңгімесін мұқият тыңдайды. Ата-анасы қызының үйден кеткенін білмеген болып шықты, өйткені бұл кезде олар Көкшетау қаласына жолға шығып кеткен екен. Үйде қалғанына ренжіген жасөспірім облыс орталығына баруға шешім қабылдап, жалғыз өзі жаяулатып жолға шығып кетеді. Полицейлермен әңгіме барысында қыз ата-анасының телефон нөмірін жатқа білмегендіктен, инспектор Мықтыкөл ауылының учаскелік инспекторымен байланысқа шығып, қыздың әкесімен хабарласады. Қобалжыған әкесі қызын жақын туысының алып кететінін айтып, полицияға өтініш білдірген. Оқиға сәтті аяқталғанына қарамастан, қыздың ата-анасы кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Кәмелетке толмаған жасөспірімдер мәселесі қоғамдық бақылауды қажет етеді. Осы ретте, құзырлы орган өкілдері азаматтық қоғамның ересектерге балаларына абай болуды, назардан тыс қалдырмауды өтінеді.

Ж.ҚҰДАЙБЕРГЕН

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында «ЭкоРейнджерлер» қозғалысы құрылды

Алматыда «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында, «ЭкоРейнджерлер» жасағы құрылып,...

Молодежь города Алматы поддержала акцию «Таза Қазақстан»

В Алматы состоялся масштабный субботник в рамках общенациональной экологической...

Алматы жастары  «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Алматы қаласында "Таза Қазақстан" жалпыұлттық акциясы аясында өткен ауқымды...

Атырау облысы бойынша ҚАЖД №75 мекемесінде ашық есік күні өткізілді

25-қазан Қазақстан Республикасы күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖД...

Түркістанда ұрланған көлік Алматыдан табылды

Түркістан қалалық полиция басқармасының қызметкерлері автокөлік ұрлығына қатысы бар...