Балаларды мектепке дайындау үшін 37 мың теңге көлеміндегі бірреттік көмекті кімдер ала алады?

Оқушыларға көмек көрсетуге қатысты желідегі хабарламаларға оқу-ағарту министрлігінің балалардың құқықтарын қорғау комитеті түсініктеме берді. Ведомствода ата-аналар жалпы білім беру қоры арқылы әр балаға 37 389 теңгеден көмек ала алатынын атап өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Жақында БАҚ-та Жамбыл облысындағы кейбір көпбалалы ата-аналардың хабарлауы бойынша, мектеп формасы мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алу үшін жергілікті атқарушы органдар 32 500 теңгеден және тек бір балаға бөлетіні туралы ақпарат пайда болды. Балалардың құқықтарын қорғау комитеті қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік осал отбасылар үй ішіндегі әрбір оқушыға жаппай оқыту қоры арқылы көмек алуы тиіс екенін хабарлайды. Сонымен қатар, әрбір мұқтаж оқушы үшін бұл сома 37 389 теңгеден кем болмауы тиіс», – делінген хабарламада.

Комитетте әкімдіктер көмек сомасын көбейте алатынын, бірақ азайтуға құқығы жоқ екенін атап өтті. Кейбір әкімдіктер қазірдің өзінде ең төменгі мөлшерден артық соманы бөліп жатыр.

Мектептерді қаржыландыруды, оның ішінде мектеп оқушыларын қолдауды әкімдіктер жүзеге асырады. Биыл 37 389 теңге көлеміндегі көмекті кем дегенде 440 мыңнан астам бала алады.

Бұрын жаппай оқыту есебінен көмек сомасы 17-ден 37 мың теңгеге дейін болған. Сондай-ақ, мектеп керек-жарақтарын сатып алумен әкімдік қызметкерлері айналысты. Алайда, оқушылардың ата-аналары мектеп формасының дұрыс таңдалмаған мөлшері мен сапасына шағымданатын.

«Көп балалы аналардың шағымдарын ескере отырып, әлеуметтік жағдайы төмен балаларға көмек көрсету ережелеріне өзгерістер енгізілді. Түзетулер ата–аналардың карточкалық шотқа тікелей ақша алуы және әр балаға мектеп формасын, аяқ киім мен оқуға қажетті құрал-жабдықтарын өз бетінше таңдай алуы үшін қабылданды», — деп нақтылады Балалардың құқықтарын қорғау комитеті.

Айта кетейік, «жалпыға міндетті білім беру» қорынан келесі санаттағы оқушылар көмек алу құқығына ие:

  • атаулы әлеуметтік көмек (АӘК)алушылар;
  • АӘК алмайтын, бірақ бір мүшеге табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасылар;
  • жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
  • төтенше жағдайлардан зардап шеккендер;
  • мектептің алқалы органы айқындайтын оқушылардың өзге де санаттары.

Материалды көмек алу үшін ата-аналар тұрғылықты жері бойынша білім бөліміне хабарласуы қажет.

Цифровой контроль ради безопасности 

ДВЕ ТРАГЕДИИ – ГИБЕЛЬ 20-ЛЕТНЕЙ ДИЛЬНАЗ ЖУМАГУЛОВОЙ В ОБЛАСТИ АБАЙ И УБИЙСТВО ЖАЗИРЫ АДАУВОВОЙ В АСТАНЕ ВНОВЬ ПОСТАВИЛИ ВОПРОС О ТОМ, МОЖНО ЛИ ВЫЯВЛЯТЬ УГРОЗУ ДОМАШНЕГО НАСИЛИЯ ДО ТОГО, КАК СТАНОВИТСЯ ПОЗДНО. ДЕПУТАТЫ КУРУЛТАЯ ПРЕДЛАГАЮТ ЗАПУСТИТЬ ПИЛОТНЫЙ ПРОЕКТ «ЭЛЕКТРОННАЯ ЗОНА ЗАЩИТЫ», ОБЯЗАТЬ ПОЛИЦИЮ ДЕЙСТВОВАТЬ ПО ЕДИНОМУ АЛГОРИТМУ И В ЦИФРОВОМ ФОРМАТЕ ФИКСИРОВАТЬ КАЖДЫЙ СИГНАЛ ОБ ОПАСНОСТИ И РЕАКЦИЮ НА НЕГО.

Республика күні Алматыда қайда баруға болады? Мерекелік іс-шаралар тізімі

25 қазанда Алматыда Республика күніне орай концерттер, көрмелер, спорттық жарыстар мен танымдық іс-шаралар өтеді. Мерекелік бағдарламаға Мемлекеттік ту көтеру рәсімі, ашық аспан астындағы концерт және халықаралық қуыршақ театрлары фестивалі кіреді.

1 қаңтарынан бастап еліміздегі барлық балабақша міндетті лицензиялаудан өтеді 

Жаңа талап аясында санитариялық жағдай, өрт қауіпсіздігі, бейнебақылау жүйесі мен білім беру сапасы тексеріледі.

Еңбек ардагерлері, жұмысшы кәсіп, ғылым мен денсаулық сақтау өкілдері – Президент мемлекеттік наградаларды беру туралы Жарлыққа қол қойды 

Ұлттық мерекеміз – Республика күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени-рухани дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі және белсенді қоғамдық қызметі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.

Республика күніне орай Алматыда қандай шаралар өтеді? 

25 қазанда Қазақстанда елдің мемлекеттілігі мен егемендігін білдіретін ұлттық мереке – Республика күні аталып өтеді. Осы мерекеге орай Алматыда қала тұрғындары мен қонақтарына арналған мәдени-көпшілік, спорттық және танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады.