Айнұр Шерметова: «Балалар тілінде тақпақ жазуға мәжбүрліктен келдім»

Айнұр Шерметова Алматы облысы, Абай ауылындаға «Жайна жадыра» балабақшасының тәрбиешісі. Балақайларды уақыт сұранысына сай тәрбиелеп қана қоймай, түрлі шараларға дайындап, еліміздегі атаулы күндерге бейімдеп отырудың да маңызы зор.

Осы мәселеге орай Айнұрдың өзі «мұндай шараларды өткізу кезінде сценарийден, балапандардың айтатын тақпағынан қиналып қаламын. Өйткені баланың есте сақтау қабілетін жақсарту, сөйлеу тілін қалыптастыру үшін түрлі тақпақтар жаттатуға тырысамыз. Бірақ ыңғайлы тақпақтар таппай кететінмін. Шынымды айтсам, балалар тілінде тақпақ жазуға мәжбүрліктен келдім. Жас кезімде «Ұлан», «Балтырған» секілді балалар басылымына жазып тұратынмын. Сол машығыммен тақпақтарды өзім бастап жазатын болдым. Өйткені кейбір тақпақтарды бергенде ата аналардан да ұялатынмын. Солай қазір мүмкіндігінше олқылықтың орнын өзім толтыруға тырысып жүрмін» дейді.

Төменде Айнұр Бердімұратқызының күзге арналған бірнеше тақпақтарын беріп отырмыз.

Күз

Сұр бұл қаптап аспанды,

Егін орағы басталды.

Жапырақтар сарғайып,

Алтын күзге оранды.

Күз

Алқаптан астықты
Қоймаға жинады.
Молшылық, береке,
Ұнатам мен күзді!

Күз

Ағаштардан жамырап
Ұшты барлық жапырақ.
О, алақай,тамаша,
Күзім келді тағы да!

Заң мен тәртіпті сақтаудың маңыздылығы

       Қазіргі заман талабына сай әрбір  азамат өзінің құқықтары...

В селе Нарынкол Алматинской области открылась новая поликлиника

В селе Нарынкол Райымбекского района Алматинской области введена в...

Алматы облысының Нарынқол ауылында жаңа емхана ашылды

Алматы облысының Райымбек ауданына қарасты Нарынқол ауылында бір ауысымда...

БАҚ ӨКІЛДЕРІНЕ ТЕГІН МЕДИЦИНАЛЫҚ ЧЕК-АП

Түркітілдес журналистер қоры мен Қазақстан әйел журналистер клубы БАҚ...