Балалар колониясында Мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті

Алматы қаласының ҚАЖ Департаментіне қарасты №11 мекемесінде  кәмелетке толмаған жазалы жасөспірімдер арасында, 4-маусым Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер күні аталып өтті.  Бұл күн еліміздің мемлекттік рәміздері — Туы, Елтаңбасы, Әнұраны — дүниеге келген күн ретінде мәңгі есте қалады. Бұл күн «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық заңда мемлекеттік мереке ретінде ресми түрде бекітілген. 4 маусым Қазақстанда 2007 жылдан бері тойланып келеді. Іс шара Жамбыл атындағы қалалық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері Сейсембаев Санжар және Изетай Алтынаймен бірлесіп өткізілді. Кітапханшы қызметкерлер рәміздер күніне арналған, қызықты мәліметтер туралы сотталғандарға викториналық сұрақтар қойып, қызықты ойын өткізді. Сұрақтың дұрыс жауабын тапқан қатысушыларға кітаптар сыйлыққа таратылды. Сотталғандар арасындағы әлеуметтік-психологиялық тәрбие жұмысы бөлімі бастығы әділет подполковнигі Бәзілбаева Алма Қойшыбаевна  кітапхана қызметкерлеріне мекеменің атынан алғыс білдірді. Болашақта да осындай жақсы мерекелік шаралардың жиі өтіп тұратынын айта кетті.

                                                                №11 мекеме Еркегүл Жеңісхан                                                   

Алматыда қоғамдық тұрақтылық пен қылмыстың алдын алу басты мақсат!

Алматы қаласында «Қауіпсіз қоғам» қағидасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыстар...

МЯТЕЖНЫЙ ПРОКУРОР, ОБВИНЕННЫЙ В «ПРАВОМ УКЛОНЕ» И «НАРУШЕНИИ РЕВОЛЮЦИОННОЙ ЗАКОННОСТИ»

(Джамбейты-Жымпиты, 1929-1930 гг.) Светлой памяти помощника прокурора Б. Нурмухамедова Аннотация. В...

Тегеран Түркия, Әзербайжан мен Кипрге жасалған шабуылдарға қатысты мәлімдеме жасады

Иран қарулы күштері Кипр, Түркия және Әзербайжанға шабуыл жасаған жоқ. Бұл туралы брифинг барысында Иран Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Исмаил Бағаи мәлімдеді.

Воспитанник досугового центра «Барыс» стал серебряным призёром турнира ASKHATOV OPEN

Воспитанник досугового центра «Барыс» Избакиев Тимур завоевал серебряную медаль...