12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бала құқығы заңмен қорғалған

Біріккен Ұлттар Ұйымының бала құқықтары туралы конвенциясының 20-бабына сәйкес, отбасынан уақытша немесе біржола айырылған бала мемлекет тарапынан ерекше қорғауға ие және көрсетілетін көмекті пайдалануға құқылы.
Баланы асырап алу туралы істерді қарауда сот – «Бала құ­қықтары туралы» конвенция­ны, ҚР Азаматтық-процестік кодексін, «Бала құқықтары туралы» заңын, Неке (ерлі-за­йыптылық) және отбасы туралы кодексін және ҚР Жоғарғы Сотының «Соттардың бала асырап алу жөніндегі заңнаманы қолдану практикасы туралы» нормативтік қаулысын, басқа да нормативтік актілерді басшылыққа алады.
Бала асырап алу туралы істерді кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі арнайы сот қарайды. Егер АПК-нің 27-бабы, 3-тармағындағы тәртіппен өтінішхат түсетін болса, онда аудандық сотқа жіберілуі мүмкін.
Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы кодексінің 60-бабында баланың отбасында өмір сүру және тәрбие алу құқығы жарияланған. Өкінішке қарай, мұндай құқық балалардың барлығында бірдей жоқ. Кәмелетке толмағандардың мүдделерін қорғау мақсатында осы кодекстің 13-тарауы толығымен бала асырап алу институтына арналған.
Енді Қазақстан азаматтарының балаларды асырап алуының басымдығына келсек, бала асырап алудың құпиялылығы заңға сәйкес бала асырап алу туралы істерді қарау және шешу жабық сот отырысында жүзеге асырылады. Қолхат алынады. Сот дыбыс-бейнежазба құралдарын қолданбау туралы мәселені де қарастыруы мүмкін.
Алматы облысының №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2019–2020 жылдары туыстық қатынастар арқылы бала асырап алу бойынша 108 азаматтық іс қаралды. Онда баланың мүддесін алға қоя отырып, қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын органның оң қорытындысы негізінде және туыстық қатынасты растап берген куәлардың айғақтарымен қатар балалардың осы отбасында 5-7 жылдан астам уақыт бірге тұрғандарын ескере отырып, 8 шешім шығарылып, Жоғарғы Соттың қаулысымен толық ресімделіп, бекітілді.
Мемлекеттік жеңілдіктер мен артықшылықтарға қол жеткізуге, үкімді орындауды кейінге қалдыруға және бала асырап алуға байланысты артықшылықтарды алу үшін көп балалы ана немесе көп балалы отбасы мәртебесін алу мақсатында бала асырап алуға жол берілмейді. Мұндай жалған фактілерге орын бермеу үшін, сот істі сот талқылауына да­йындау тәртібімен бала асырап алу уәждерін анықтайды. Теріс мақсаттағы талаптар қанағаттандырылмайды. Істі сот талқылауына дайындау кезінде судья бала мүддесін қамтамасыз ету мақсатында арызданушыларды іске қатысуға тарту туралы мәселені шешкені жөн. Іске қатысуға биологиялық ата-аналар тартылған кезде, судья бала асырап алудың құқықтық салдарын түсіндіруге міндетті.
Асырап алған баланың тегі мен әкесінің аты өзгерген кезде, асырап алушылардың тегі уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген тәртіппен жүргізіледі. Бала асырап алу кезінде баланың ұлтын өзгерту соттың құзыретіне кірмейді. Кодекстің 65-бабы ескеріледі. Сот баланың тұрғылықты жерін тек ҚР аумағында ғана өзгертуі мүмкін. Сонымен қатар, соттар «Бала құқықтары туралы» конвенцияның 12-бабының ережелерін және кодекстің 62-бабын ескеруі тиіс. Оларға сәйкес, бала жасына қарамастан, өзінің мүдделерін қозғайтын барлық мәселелер бойынша өз пікірін еркін білдіруге, сондай-ақ, кез келген сот немесе әкімшілік талқылау барысында тыңдатуға құқылы. Он жасқа толған баланың пікірі міндетті түрде ескеріледі. Баланың аты-жөнін, туған күнін, айын, жылын, жерін өзгерту үшін де оның келісімі қажет. Осы жерде айта кететін жағдай, егер бала асырап алушыларды өзінің туған әке-шешесі деп білсе, баланың мүддесін қорғау мақсатында арызданушылардың жазбаша өтініші негізінде баладан жауап алмайды. Асырап алушылар мен асырап алатын баланың жас арасы 16 жастан төмен болмауы тиіс, сот ерекше жағдайларда аталған мерзімді қысқарта алады.
Заңда аталған ереже тек ата-анасы бір аға-інілер мен апа-сіңлілерге (қарындастарға) ғана қолданылатыны, ал кодекстің 1-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына сәйкес, ата-анасы бір балалар жақын туыстар болып табылатыны белгіленбегендіктен, кодекстің 90-бабы, 2-тармағының ережесін қолданған жөн. Психологиялық даярлық бағдарламасының мазмұнына қойылатын талаптар, психологиялық даярлық жөніндегі қызметті ұйымдастыру тәртібі және осындай даярлықтан өткені туралы сертификаттың нысаны «Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын, жетім балаларды, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды өз отбасына тәрбие­леуге қабылдауға тілек білдіргенде қойылады.
Бала асырап алу туралы шешім шығару кезінде соттар бала асырап алушының, сондай-ақ, онымен бірге тұратын отбасы мүшелерінің адамгершілік және басқа да жеке қасиеттерін материалдық, тұрғын үй жағдайларын тексеріп, ес­керуі керек.

Жанар Беимбетова,
Алматы облыстық №2 кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі
мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы

Тараптарды азаматтық істер бойынша хабарландыру

Азаматтық процесс — бұл сот пен процеске қатысушылар арасындағы...

Электронды сот төрелігі

Сот төрелігі - іс жүргізу тәртібімен жасалатын, азаматтық және...

Көліктегі қылмыстар туралы

Механикалық, оның ішінде автомобильдік көлік, дұрыс емес пайдаланған жағдайда...

ЗАҢНАМАДА ӘЙЕЛДЕР ҚҰҚЫҒЫ ҚОРҒАЛҒАН БА?

Әрбір қоғамның құқықтық жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылатын әйелдер...

Электронды сот төрелігінің тиімділігі

Ғылым мен техника қарыштап дамыған қазіргі уақытта өркениетті елдерде...