12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Бала өміріне немқұрайдылық танытпаған абзал

Республикамызда шаңырағы шайқалған отбасылар саны артуда. Бұл жалпы қоғамды алаңдатарлық ауқымды мәселе. Себебі, егемен еліміздің ертеңгі болашағын жас ұрпақ өмірі мен тәрбиесінен бөліп қарай алмаймыз. Ал, отбасының бұзылуы ең бірінші кезекте балаларға зардабын тигізеді. Бала қамы бізден әр отбасының сақталуына ынтымақтаса отырып атсалысуды талап етеді.
Соттар ерлі-зайыптыларды ашу үстінде асығыс шешім қабылдамауға шақырып, оларды райынан қайтарудың бар мүмкіндігін жасайды. Мысалы, отбасылық-тұрмыстық дауларды сотқа дейін немесе сотта татуластыру шараларын қолдана отырып шешу бала мүддесін көздеудің жарқын көрінісі. Жоғарғы Сот тарапынан қолға алынып, тәжірибеге енгізілген  «Отбасылық сот», татуластыру орталығы мен судья медиаторлар еңбегін бұл тұрғыда айрықша атауға болады.
«Отбасылық сот» дауларды тату­ластыру рәсімдері аясында реттеуге, сол арқылы балалардың толыққанды отбасында тәрбиеленуіне жағдай жасауға оң ықпалын тигізуде. Алайда, мұндай шаралар ажырасқысы келетіндерді жүз пайыз ойландырып, жарастырады дей алмаймыз. Сондықтан, өз перзенті алдындағы жауапкершіліктен жалтаратындар жолын кесуде заң нормалары жан-жақты жетілдірілуде. Мысалы, балалар құқығының қорғалуын және оларға тиесілі алименттің уақытылы төленуін қамтамасыз ету мақсатында алиментті өндіріп алу мен неке бұзуға қатысты заң рәсімдері толықтырылды.
Бұдан әрі нақтыласақ, Отбасы жә­не неке (ерлі-зайыптылық) туралы кодекстің 158-бабымен алимент бо­йынша келісім жасауға сот, нота­риустармен қатар, медиаторлар мен адвокаттарға, сондай-ақ, заң консультанттары палатасының мүшелеріне де құзырет берілді. Бүгінде соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісімдерді нотариус – алимент төлеу туралы келісім, медиатор – дау-­жанжалды реттеу туралы келісім, ал, адвокаттар мен заң консультанттары палатасының мүшелері – партисипативтік рәсім тәртібімен алимент төлеу туралы дауды реттеу келісімі арқылы жасайды. Соттан тыс тәртіппен жасалған алимент төлеу туралы келісім жазбаша түрде рәсімделеді.
Конституцияның 27-бабына жүгінсек, балаларына қамқорлық жасап, оларды тәрбиелеу ата-ананың ортақ құқығы әрі міндеті. Демек, бауыр еті баласын кәмелеттік жасқа толғанша бағып-қағуда әрбір ата-ана ар алдында да, заңның алдында да жауапты. Ата-аналар баланы асырау міндетінен босатылмайды. Қамқорлықтағы немесе патронаттық тәрбиедегі әрі асырап алынған балалар да алимент алуға құқылы.
Ерлі-зайыптылар ажырасқан жағ­дайда ұл-қыздарын асырап, тәрбиелеу туралы қандай да бір келісімге келуі, ұрпақ алдында жауапкершілік алуы қажет. Мұндай келісімге келмесе кәмелеттік жасқа жетпеген балаларға алимент сот арқылы өндіріледі. Осы мәселе бойынша, жеке сот орындаушылары мәжбүрлеп орындату шараларын жедел түрде қолданып, алименттерді бірінші кезекте өндіруге барынша мүдделілік танытуы тиіс. Бір ай ішінде мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдамау жеке сот орындаушының лицензиядан айырылуына әкеп соғатынын көпшіліктің бірі білсе, бірі білмейді.
Елімізде 2019–2024 жылдарға арналған отбасын қолдау бағдарламасы бар. Онда некеге тұру туралы өтініштен бастап, баланың өмірге келуі, дағдарыс жағдайлары және ерлі-зайыптыларды ажырасу сатысында жарастыру сынды келелі мәселелер жан-жақты қамтылған.
Қазіргі таңда ата-аналар мен балалардың арасында туындайтын ең өзекті мәселенің бірі алимент болғандықтан, жоғарыда аталған заңдағы өзгеріс балалардың өздеріне тиесілі көмекке қолжеткізу мүмкіндігін арттыруға сеп боларына сенім зор. Әрбір баланың өміріне неқұрайдылық танытпау біздің адамдық борышымыз.

Светлана Суханова,
Жетісу аудандық сотының судьясы
Алматы қаласы

Мәміленің жарамсыздығы және мәміленің түрлері

Азаматтық заңнамада мәміле нысанына белгілі бір талаптар бар. Осылайша, екі...

Азаматтық істердің соттылық мәселесі

Бүгінгі күні барлық соттар үшін ортақ болып соттардың азаматтық...

Шарттық даулар

Шарттық даулар – тараптары ұйымдар, жеке кәсіпкерлер, азаматтар бола...

Сот отырысы хатшысының жұмысы

Сот отырысының хатшысы соттың өзіне жүктелген функцияларды орындауы кезінде...

Әкімшілік істегі медиация

Медиация, медиатор деген ұғымдардың елімізде пайда болуына Қазақстан Республикасының...