Бала болашағына ата-ана жауапты

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау – мемлекет саясатының негізгі бағыттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Бала құқықтары туралы» Заң, сондай-ақ «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы әрбір баланың қауіпсіз өмір сүруіне, білім алуына, жан-жақты дамуына құқықтық кепілдіктер береді.

Қазақстан Республикасының  «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексі баланың мүддесін қорғауды ата-анаға жүктейтін негізгі міндет ретінде айқындайды. Ата-ана баланың өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуге; оның білім алуына, тәрбиесіне, психикалық, рухани, адамгершілік және әлеуметтік тұрғыдан толыққанды дамуына қажетті жағдай жасауға, сондай-ақ, баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғай отырып, оны қоғамға бейімдеуге және құқыққа қарсы әрекеттерден сақтауға міндетті.

Егер ата-ана баласына тиісті қамқорлық көрсетпесе, тәрбиесіне қатыспаса, олардың әрекеті немесе әрекетсіздігі баланың құқықтары мен мүдделеріне зиян келтірсе, ата-аналық құқықтарынан айыру туралы мәселе көтерілетін жағдайлар болады. «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодекске сәйкес ата-аналар ата-аналық міндеттерін орындаудан жалтарса, баласын перзентханадан немесе балаларға арналған ұйымдардан алудан дәлелді себепсіз бас тартса, ата-аналық құқықтарын пайдаланып қиянат жасаса, балаға физикалық немесе психикалық зорлық-зомбылық жасаса, сонымен қатар, спирттік ішімдіктерді, есірткі немесе психотроптық заттарды шамадан тыс пайдаланып, бұл баланың қауіпсіздігіне нақты қауіп төндірсе ата-ана құғығынан айыруға негіз болып табылады. Аталған құқықтық нормалар – баланың мүддесін қорғау мақсатында заңмен белгіленген ең қатаң шаралардың бірі. Сот тәжірибесінде, ата-аналық құқықтардан айыру – тек баланың дене немесе психикалық қауіпсіздігіне елеулі зиян келгенде, ата-ананың мінез-құлқы түзелмейтін деңгейде болғанда ғана қолданылатын шара.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 127-бабының 1-бөлігіне сәйкес, ата-ананың немесе басқа заңды өкілдердің кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөніндегі міндеттерді орындамауы әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады. Бұл норма – баланы қараусыз қалдыру, тәрбиесіне жеткілікті көңіл бөлмеу, мектеппен байланыссыздық, кәмелетке толмағанның құқық бұзушылық жасауына себепкер болу сияқты әрекеттердің алдын алуға бағытталған.

Бала – мемлекеттің және қоғамның ең басты байлығы. Құқықтық нормалар кәмелетке толмағандардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз етсе де, олардың өмірі мен болашағының негізгі кепілі – отбасылық тәрбие және ата-ананың жауапкершілігі. Себебі отбасы – баланың алғашқы әлеуметтік ортасы, оның құндылықтары мен мінез-құлқы, құқықтық мәдениеті қалыптасатын негізгі институт. Сондықтан әрбір ата-ана заң алдындағы және моральдық міндетін терең түсініп, баланың жарқын болашағын қамтамасыз етуге тиіс. Ата-ананың өз міндеттерін адал орындауы тек жеке отбасының ғана емес, жалпы қоғамның қауіпсіздігі мен тұрақтылығы үшін де маңызды.

Д.Қыдырбаева,

Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты әкімшіснің бас маманы-сот отырысының хатшысы

Кассациялық сот – әділ сот төрелігінің жаңа кезеңі

Құқықтық мемлекет құру жолында сот жүйесінің әділдігі мен ашықтығы...

Халықаралық құжат айналымындағы апостиль рөлі

Көпшілік үшін «апостиль» сөзі тек құжат рәсімдеумен байланысты қарапайым...

Аумақтан тыс соттылық – маңызды құқықтық қадам

Қазіргі қоғамда сот жүйесіне деген сенім – құқықтық мемлекетттің...

С начала года государственные театры Казахстана посетили свыше 600 тысяч зрителей

Сегодня в Казахстане функционирует более 70 театров, из которых...

Жыл басынан бері мемлекеттік театрларға 600 мыңнан астам көрермен барды

Бүгінде Қазақстанда 70-тен астам театр жұмыс істейді, оның 59-ы...