12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Балғабаев өзіне тағылған айыптан ақтала ма?

Ақмола облысы, Атбасар қаласының тұрғыны Ернұр Балғабаев өзіне тағылған жалған айыптардың салдарынан сотқа шырмалып қалған болатын. Бұған дейін «Ынтымақ Атбасар» ЖШС-нде бірге жұмыс істеген Жомарт Жұмағұлов есімді азаматтың айтуымен үйін кепілге қойып, қомақты несие рәсімдеген еді. Алайда, Жұмағұловтың компаниялары банкке алған несиесін өтемеген соң, «Қазақстан Халық банкі» 2022 жылы сотқа беріп, Жұмағұловтан және бірнеше компаниядан қарызды өндіру туралы шешім шығарады.
Бірақ Жұмағұлов мұнымен қоймай «Балғабаевқтың үстінен екі айып бойынша шағым түсіріп, «130 млн теңгені қолды қылды» және «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғауға түрткі болады. Мән-жайды түсіндіріп берген Балғабаевтың қорғаушысы Алмагүл Мусина: «Ернұр Балғабаев пен «Ынтымақ Атбасар» ЖШС есепшісі Елена Маныч былтыр ақпан айында Алматы қаласы, Медеу аудандық №2 сотының үкімімен сотталған. Балғабаевқа екі айып, Манычқа бір айып тағылған болатын. Жомарт Жұмағұлов Балғабаевқа «алаяқтық» бабы бойынша, ақша жымқырды» деген бір айып тақса, төрт-бес айдан кейін есепші екеуіне 189-бап бойынша, яғни «сеніп тапсырған компания ақшасын жымқырды» деген екінші айып таққан. Алайда, Алматы қалалық соты алаяқтық іс бойынша ақтап шықты. Ал қазір бірінші, екінші сатылық соттың үкімімен келіспей, «189-бап бойынша да Балғабаев пен Маныч ақталуы керек» деп Жоғарғы сотқа шағым бергенбіз. Жоғарғы сот Алматы қалалық соты бұл бойынша шығарған үкімін жойып, «189-бап бойынша кінәлі ме, жоқ па?» деп қайта қарауға жіберді. Осыған байланысты өткен сот барысында жәбірленуші тарап – Жұмағұловтың өкілдері келіспейтіні туралы пікірін берсе, сотталушылар – Балғабаев пен Маныч атынан адвокаттары шағым түсіріп, қарады», – дейді.
Адвокат Алмагүл Мусина сотталушы Балғабаев пен есепші Манычты 189-бап бойынша кінәлі емес деп есептейді. «Себебі, біріншіден, дәлел жоқ, екіншіден Балғабаев пен Жұмағұлов арасында өзара бас араздығы болған. Бұрын Жұмағұловтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанда Балғабаев оған қарсы түсініктеме берген.

«Осы бар, басқа да арадағы кикілжіңнен кейін Жұмағұлов кек алу мақсатында осындай әрекетке баруы мүмкін», – дейді менің қорғауымдағы Ернұр Балғабаев мырза. Бұл жерде құқық қорғау саласының, яғни тергеу органдары мен прокуратураның әрекеті дұрыс емес. Дәлелдеменің жоқ екенін көре тұра заңсыз баға беріп, сотқа жіберген. Бірінші сатыдағы сот соған қарамастан Балғабаевты 7 жарым жылға соттады. Сол себептен ақтауды сұрап отырмыз», – деді істің анық-қанығын айтқан қорғаушы.


Айта кету керек, бұл қылмыстық іс бойынша жәбірленуші ретінде көрсетілген Жұмағұлов түсірген арыз жалған болып, керісінше Балғабаев ақталған. Ал қазіргі іс «ақша жымқырды» деп тағылған айып бойынша қаралып жатыр.


Істің егжей-тегжейіне тоқталған адвокат Алмагүл Мусина: «Сол бойынша жәбірленуші жеке тұлға Жұмағұлов 131 млн теңгені «Ынтымақ Атбасар» ЖШС компаниясының мүддесіне өндірген. Бір қызығы, ол «Компанияны басқа біреуге рәсімдегем, бірақ қожайыны – өзім» десе де, оның қатысы бар екені ешқандай құжатпен дәлелденбеген. Екіншіден, компания да, ондағы қызметкерлер де «Бізден ашқа жымқырылды» деп ешқашан арыз түсірмеген. Тіпті, олар «мұндай факт болған жоқ» деп растады. Сондықтан Жомарт Жұмағұлов тарапынан жала жабылып тұр. Демек, Балғабаев пен Мамыч ақталуы керек. Сот біздің шағымда қойған талаптарды ескереді деген үміт бар», – деп түйіндеді.


Алматы қалалық Адвокаттар алқасының адвокаты Нұрсұлтан Нұрланов: «Сараптамада соттың жіберген кемшіліктері, тергеу тарапында болған қателіктердің бәрі көрсетілген. Қазіргі таңда апелляциялық алқа соны қарап жатыр. Негізі іс бойынша дәлелдемелер жеткіліксіз деп санаймыз», – деді.
Бұл сот процесіне сотталушылар мен жәбірленушілер онлайн қатысты. Ал келесі сот отырысына сотталғандар Балғабаев пен Мамыч Алматыға жеткізілуі мүмкін.

АСТАНАДА АЛҒАШ РЕТ «АНА ТІЛІ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЗИЯТКЕРЛІК ОЛИМПИАДАСЫ ӨТТІ

2025 жылғы 21 мамырда Астана қаласындағы Л.Н. Гумилев атындағы...

Мемлекеттік қызметші әдебі-қоғам айнасы

Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына...

Антқа адалдық – мемлекетке адалдық

«Ең алдымен адамдар - адамға бағдарланған мемлекет» қағидасы халық мүддесін қорғаумен әлеуметтік...