Байқоңырда ұсталған британдық блогерге Ресей полициясы айыппұл салды

Байқоңыр ғарыш айлағында ұсталған британдық блогер Рич Бенджаминге Ресей полициясы айыппұл салды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Мен «жағдайымды сұраған» хабарламалардың көптігінен оянып кеттім. Twitter желісіндегі жазбамнан кейін адамдар мені ГУЛАГ-қа апарып тастады деп ойласа керек. Негізінде мені арнайы рұқсатсыз «Буран» зымыранын тексеруге барғаным үшін Ресей полициясы бірнеше сағат бойы жауап алып, 60 фунт стерлинг (шамамен 32,5 мың теңге) айыппұл салды», — деді Бенджамин жексенбі күні мәлімдемесінде.

Ол полицияның өзіне жабық Байқоңыр қаласы мен «ғажайып ғарышкер мозаикасын» құштарлықпен көрсеткенін атап өтті.

«Қазір мен қонақ үйдегі бөлмемде теледидар қарап, «Доширак» жеп отырмын. Бұл енді ГУЛАГ емес шығар. Мені тұтқындаған жоқ. Рұқсат қағаздың болмауы қылмыс емес. Бұл рұқсат етілмеген жерде темекі тарту секілді әкімшілік құқық бұзушылық. Барлық полицейлер достық шырай танытып, содан кейін бізді вокзалға жеткізіп салды. Керемет күн болды. Қалай болғанда да, мен Буранды көрдім және үлкен әсер алдым», — деп қосты Бенджамин.

Еске салайық, 7 мамырда «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі ресейлік мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозин Бенджамин мен оның серігі Беларусь азаматы Алина Зелупа 112 ұшыру алаңында ұсталғанын хабарлаған еді. Рогозиннің айтуынша, олар Қазақстанға тиесілі Буран кешеніне рұқсатсыз кірген.

В Баку  открылась    международная выставка «Традиционная культура казахов»

В Национальном музее истории Азербайджана состоялась торжественная церемония открытия...

ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНДА ІІІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНГРЕСІ ӨТТІ 

2026 жылғы 12 қарашада ҚР Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясының...

ТҰҒЫРЫ БИІК ЖАС ҚЫРАН: БАУЫРЖАН ӘЛИДІҢ ЖЕҢІСТІ ЖОЛЫ

Қасиетті Әулиеата топырағынан түлеп ұшқан жас дарын, бокстан Қазақстан...

Глава государства провел оперативное совещание Совета Безопасности

Под председательством Президента Касым-Жомарта Токаева состоялось оперативное совещание Совета...

Незаконные операции онлайн-казино

АЗАРТНЫЕ ИГРЫ В ИНТЕРНЕТЕ ЧАСТО ВОСПРИНИМАЮТСЯ КАК ПРОБЛЕМА ИГРОКА,...