Байқаушыларды оқыту жалғасуда

Өткен бір ай ішінде Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов бірқатар өңірлерге барып, байқаушылармен сайлауды бақылаудың басым мәселелерін талқылады. Бүгін Т.Күнәділов елорданың байқаушылармен кездесті.

«Біздің алдымызға қойға басты міндет — сайлаудың әділ, ашық, демократиялық сипатта өтуі. Біз сайлау кезеңінде және дауыс беру күні сайлау заңнамасының сақталуын мұқият қадағалайтын боламыз», — деп атап өтті Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов оқыту семинарына қатысушыларға сөйлеген сөзінде.

Кездесуде Төлеген Күнәділов байқаушының міндеттеріне тоқталып, сайлау учаскелерінде қандай заң бұзушылықтарға жиі жол берілетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

Еліміздің барлық өңірлерінде өтіп жатқан оқыту семинарларынан басқа, Партиялық емес байқау орталығының байқаушылары барлық құқықтық қыр-сырын меңгеруге және өз учаскелерінде бақылауға толық дайындалуға мүмкіндік беретін қажетті әдістемелік материалдармен қамтамасыз етілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы ағымдағы жылдың 20 қарашасында өтеді.

Партиялық емес байқау орталығы

ҚАЗАҚСТАН ОРТАЛЫҚ АЗИЯ ЕЛДЕРІ АРАСЫНДА ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ КӨРСЕТУ ЖАҒЫНАН КӨШ БАСТАДЫ

Қазақстан Орталық Азия елдері арасында әлеуметтік қолдау көрсету бойынша...

Социальная поддержка в Казахстане: региональный лидер в Центральной Азии

Казахстан занимает ведущие позиции среди стран Центральной Азии по...

В Казахстане пройдет общереспубликанский открытый урок «Мен таңдаған жол»

​Сегодня, 7 апреля, мы отмечаем Всемирный день здоровья —...

Тіл – тәуелсіздіктің тірегі

Тәуелсіздік – кез келген мемлекеттің ең қастерлі құндылығы. Ал...

Социальная ответственность

В ОБЛАСТИ АБАЙ РАЗВЕРНУЛАСЬ МАСШТАБНАЯ ЭКОЛОГИЧЕСКАЯ КАМПАНИЯ В РАМКАХ...