Бахтияр Тлеубеков: АХҚО бүгінде Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпірге айналды

Бүгін Астанада KGIR-2025 жаһандық инвестициялар жөніндегі форум басталды. Инвестициялық қоғамдастықтың, бизнестің және мемлекеттік құрылымдардың басын қосқан жиын тәжірибе алмасуға, жобаларды таныстыруға әрі елімізді инновациялардың өңірлік хабы ретіндегі рөлін нығайтуға  бағытталған. Форум аясында «Инновациялардан тұрақтылыққа: АХҚО Қазақстанның заманауи инвестициялық климатын қалай қалыптастырады» тақырыбында панельдік сессия өтті.

«Астана» халықаралық қаржы орталығының(АХҚО) клиенттермен жұмыс жөніндегі бас директоры Бауржан Канкин панельдік сессияның модераторы болды. Пікірталасқа «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарма төрағасы Бахтияр Тлеубеков, АХҚО соты мен Халықаралық Арбитраж Орталығының (МАЦ) тіркеушісі және аппаратының басшысы Кристофер Кэмпбелл-Холт OBE, АХҚО экспат-орталығының директоры Айнұр Жұматова, GRATA International Астана кеңсесінің кеңесшісі Руслан Бюрабеков қатысты.

Спикерлер инновациялар мен «Астана» халықаралық қаржы орталығының институционалдық шешімдерінің инвесторларға қолайлы орта қалыптастырудағы рөлін, халықаралық іскерлік және құқықтық стандарттарды дамыту мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанның өңірлік қаржы орталығы ретіндегі позициясын нығайту жолдарын талқылады. Жиында АХҚО басқарма төрағасы Бахтияр Тлеубеков Қазақстанның инвестициялық климатын қалыптастыруда инновациялар мен тұрақтылықтың маңыз туралы айтты.

«Біздің түсінігімізде инновация – бұл тек технология ғана емес. Бұл – инвесторлар мен кәсіпкерлерге мүмкіндік беретін тұрақты жүйелерді, мықты институттарды және ашық құқықтық ортаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. АХҚО бүгінде Шығыс пен Батысты байланыстыратын көпірге айналды. Жаһандық капиталды өңірлік мүмкіндіктермен ұштастырып отыр. Бүгін біз инновация мен тұрақты дамуға негізделген бағытымызды жалғастырып, Қазақстанның халықаралық бизнес үшін сенімді және бәсекеге қабілетті позициясын нығайтып келеміз», деді Бахтияр Тлеубеков.

Ақпарат үшін айтар болсақ, «Астана» халықаралық қаржы орталығы – Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия, Таяу Шығыс және Еуропа елдерінің экономикаларын байланыстыратын өңірлік бизнес және қаржы орталығы саналады. АХҚО-ның қолданыстағы құқығы Англия және Уэльс құқығының қағидаттары, заңнамасы мен прецеденттеріне, әлемнің жетекші қаржы орталықтарының стандарттарына негізделген. Оның негізгі мақсаты – бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде сенімді және өтімді капитал нарықтарын дамытумен байланысты.

«Кемел Тоқаев» ордені: Қайрат Закирьянов ерекше марапатқа ие болды

2026 жылғы 20 наурызда Алматы қаласында орналасқан Қазақ спорт...

Тұңғыш Президент саябағында Наурызды бірге қарсы алайық!

Алматы қаласының тұрғындарымен қонақтары, сіздерді 21-ші Наурыз 13:00-де Бостандық...

Казахстан обошёл Францию и Сингапур в мировом рейтинге счастья 

Страна показала высокие результаты в доверии и взаимопомощи. Казахстан занял...

Қазақстан Франция мен Сингапурды басып озып, әлемдік бақыт рейтингінде алға шықты

Қазақстан World Happiness Report 2025 рейтингінде 33-орынға тұрақтап, Францияны...

Әдеп жөніңдегі уәкілдің профилактикалық іс-шарасы

Ағымдағы жылдың 18 наурыз айында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің...