Бағдат Мусин «Қазақтелеком» басшысы болды

Бағдат Мусин «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып тағайындалды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің шешімі бойынша, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы болып Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бұрынғы басшысы Бағдат Мусин тағайындалғаны хабарланды.

«Бағдат Мусинге қордың маңызды активтерінің бірін басқаруда үлкен табыс тілеймін. Сондай-ақ, Қуанышбек Есекеевке еліміздегі ең ірі телеком-компанияны 14 жылдан аса басқарғаны үшін алғысымды білдіремін. «Қазақтелеком» АҚ бірінші басшысының қордың негізгі компанияларының бірін дамытуға қосқан үлесі баға жетпес», — деді қордың басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов.

Алматыда 4 қазаннан бастап ақылы тұрақ тарифі өзгереді

Алматыда 4 қазаннан бастап коммуналдық ақылы автотұрақтардың тарифі сараланады. Енді тұрақ құны аумақтағы көлік жүктемесі мен тұрақ орындарына сұраныс көп-азына қарай белгіленеді.

Елімізде 1-3 қазан арасында ауа райы қандай болады?

Қазгидромет елімізде 1-3 қазан арасында күн райы қандай болатынын болжады.

Мемлекет басшысы Қазақстанда микроэлектроника өндірісін дамытуды ұсынды 

Қазақстан Президентінің Германия Федеративтік Республикасына ресми сапары бизнес, өнеркәсіп және технология көшбасшыларының басын қосқан Қазақстан-Бавария технологиялық форумымен қорытындыланды.

Мектепте телефон қолдануға қатысты жаңа талап бекітілді: Оқушылар нені білуі керек? 

Қазақстанда мектеп оқушылары мен тәрбиеленушілерінің сабақ кезінде ұялы телефон пайдалану тәртібі бекітілді.

Халықтың орташа жан басына шаққандағы ақшалай табысы артты

2026 жылдың II тоқсанында Қазақстан халқының жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 410 088 теңгеге жетті. Бұл бір жыл бұрынғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 14%-ға жоғары.