Бақыт Сұлтанов «Даму» қорының директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды

Бақыт Сұлтанов «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Қазақстан қор биржасының (KASE) хабарламасында айтылған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ (…) KASE директорлар кеңесінің 2022 жылғы 4 ақпандағы шешімі бойынша, Бақыт Сұлтанов қордың директорлар кеңесінің төрағасы болып сайланды», — делінген хабарламада.

Енгізілген өзгерістерге сәйкес, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Бақыт Сұлтанов, Елена Бахмутова, Райымбек Баталов, Әсем Нұрғалиева, Рустам Жүрсінов, Тимур Жақсылықов, Әділ Мұхамеджанов, Гаухар Бөрібаева.

Бақыт Сұлтанов 2022 жылдың 11 қаңтарынан бастап премьер-министр лауазымына тағайындалған Әлихан Смайыловтың орнына келді.

Бақыт Сұлтанов қаңтардан бастап премьер-министрдің орынбасары — сауда және интеграция министрі болды.

Алматыда қазақ киносының тарихына арналған саябақ бой көтереді 

Алматыда отандық кино тарихына арналған жаңа қоғамдық кеңістік – «Қазақфильм» кинематография саябағын құру жоспарланып отыр. Қазір жобаның тұжырымдамасы әзірленіп жатыр.

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Елімізде пошта және курьерлік қызметтер көлемі артты

Өңірлер бөліністе пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына тиесілі.

Қазақстанда жұмыссыз мәртебесін беру тәртібі өзгереді 

Қазақстанда жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу тетіктері жетілдіріліп жатыр. 1 қазаннан бастап жұмыссыз мәртебесін беру алдындағы қолайлы жұмыс іздеу мерзімі 2 күннен 13 күнге дейін ұзартылады.

Национальный стандарт чистоты

ЧИСТОТА ГОРОДСКОЙ СРЕДЫ ДОЛЖНА СТАТЬ НЕ РЕЗУЛЬТАТОМ ОТДЕЛЬНЫХ АКЦИЙ,...