БАҒА ҰСЫНЫСЫ

2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына«Заң» Медиакорпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің «Заң газеті»«Юридическая газета» газеттерінде және  www.zanmedia.kz интернет-ресурсында, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аккаунттарымызда сайлауалды үгіт-насихат материалдарын жариялау  шарттары мен ақысы туралы ұсынысы.

«Заң газеті» мен «Юридическая газета» газеттерінің және www.zanmedia.kz интернет-ресурсының, сондай-ақ әлеуметтік желілердегі аккаунттардың меншік иесі болып табылатын «Заң» Медиа-корпорациясы»  ЖШС Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 28-бабы 5-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің 2026 жылғы 1 шілдедегі №1338 «Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауын тағайындау туралы» Жарлығымен 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Құрылтайы сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының саяси партияларына (бұдан әрі – Партия) сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – үгіт материалдары) орналастырудың шарттары мен ақысы туралы хабарлайды.

Сайлауалды үгіт партиялық тізімдерді тіркеу мерзімі аяқталған кезден бастап, яғни 2026 жылғы 23 шілде сағат 18:01-де басталып, 2026 жылғы 22 тамыз сағат 00:00-де аяқталады. Сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру Басылымның дауыс беру күні алдындағы «тыныштық күніне» дейін жарық көретін соңғы санында, яғни, 2026 жылғы 21 тамызды қоса алғанда жүргізіледі.

Үгіт материалдарын газет бетінде, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі аккаунттарда жариялау үшін Басылымның меншік иесі мен Партия немесе оның уәкілетті өкілі арасында жасалған жазбаша шарт негізінде орналастырады. Партиялар немесе олардың уәкілетті өкілдері жариялауға ұсынылатын, белгіленген тәртіппен бекітілген үгіт материалдарының мәтіндерін жоспарланған жариялау күніне дейін кемінде үш күн бұрын ұсынуға міндетті

Газетте, интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарда баспа алаңын беру қазақ және орыс тілдерінде үгіттік мақалалар мен модульдерді орналастыру арқылы жүзеге асырылады.

Үгіттік материалдарды орналастыру үшін баспа алаңын беру туралы шарт жасауға Партия немесе оның уәкілетті өкілі Газет меншік иесі басшысының атына жазбаша өтініш береді. 

Партияның немесе оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде орналастырылатын үгіттік материалдардың саны және оларды орналастырудың болжамды күні көрсетіледі. Аталған мәліметтер Газеттің есепке алу кітабына енгізіліп, кейіннен шартта көрсетіледі.

Жазбаша өтініштер Партиялардың өтініштерін тіркеу журналында келіп түсу кезектілігі бойынша тіркеледі. Әрбір өтінішке реттік нөмір беріліп, оның келіп түскен күні көрсетіледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

1. Партияның мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2. Партия өкілінің өкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3. Өтініш беруші тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

4. Шарт жасасуға өкілеттік берілгенін растайтын құжаттар.

Газетте партиялардың үгіттік материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретіне сәйкес айқындалады.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен кезде өтініште көрсетілген үгіттік материалды орналастыру орны бұған дейін өтініш берген басқа партияға беріліп қойған болса не техникалық мүмкіндіктерге байланысты ұсынылуы мүмкін болмаса, Газет Партияға үгіттік материалдарды орналастыру үшін өзге орынды ұсынады.

Үгіт материалдары Басылымның жоспарланған жариялану күніне дейін кемінде 3 (үш) күнтізбелік күн бұрын қағаз нұсқасында немесе кез келген USB флеш-жинақтауышта әкеледі. 

Үгіт материалдарында олардың төленгені туралы мәлімет, қаржыландыру көздері және ақпаратты ұсынған тұлғаның тегі көрсетілуге тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған партиялар олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарына, оның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкестігі үшін дербес жауапты болады.

Ақпараттық хабарламада көзделген талаптар мен тәртіп сақталмай, тиісті шарттың талаптары бұзылған жағдайда, Басылымда үгіт материалдары жарияланбайды немесе анықталған қателіктер жойылғанға дейін тоқтатыла тұрады.

Басылымның меншік иесі Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпен өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, таптық және рулық араздықты тудыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттау, сондай-ақ заңнамада көзделмеген әскерилендірілген құралымдарды құру идеялары қамтылған үгіт материалдарын жариялаудан бас тартады.

       Басылымның меншік иесі басқа партиялардың ар-намысына, қадір-қасиетіне немесе іскерлік беделіне нұқсан келтіруі мүмкін мәліметтер қамтылған жағдайда да үгіт материалдарын жариялаудан бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда партия Басылым меншік иесінің талабы бойынша материалдарда келтірілген мәліметтердің дұрыстығын растайтын құжаттарды ұсынуға міндетті.

Ақпараттық хабарламада белгіленген үгіт материалдарын орналастыру шарттары мен тәртібі Қазақстан Республикасының уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес өзгертілуі мүмкін.

Басылымда үгіт-насихат материалдарын орналастыру құны: 

«Заң газеті» газеті (баспа нұсқасы):

Тілі – қазақ тілі;

Форматы – А2;

Шығу жиілігі – аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері);

Апталық таралымы – 12 820 дана, оның ішінде:

— сейсенбі күні – 6 410 дана;

— жұма күні – 6 410 дана;

Таратылу аумағы – Қазақстан Республикасы

  •  Газеттің ішкі беттерінде (2 және 3-беттерді қоспағанда) қара-ақ түсте мақала немесе модуль орналастыру құны – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 1 400 (бір мың төрт жүз) теңге, ҚҚС-пен бірге;
  •  Газеттің 2 және 3-ішкі беттерінде қара-ақ түсте мақала немесе модуль орналастыру құны – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 1500 (бір мың бес жүз) теңге, ҚҚС-пен бірге;

Үгіт-насихат материалдары газеттің бірінші және соңғы беттерінде орналастырылмайды.

Басылымда үгіт-насихат материалдарын орналастыру құны:

«Юридическая газета» газеті (баспа нұсқасы):

Тілі – орыс тілі;

Форматы – А2;

Шығу жиілігі – аптасына 2 рет (сейсенбі және жұма күндері);

Апталық таралымы – 20 571 дана, оның ішінде:

— сейсенбі күні – 6 475 дана;

— жұма күні – 12 950 дана;

Таратылу аумағы – Қазақстан Республикасы

  •  Газеттің ішкі беттерінде (2 және 3-беттерді қоспағанда) қара-ақ түсте мақала немесе модуль орналастыру құны – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 1 400 (бір мың төрт жүз) теңге, ҚҚС-пен бірге;
  •  Газеттің 2 және 3-ішкі беттерінде қара-ақ түсте мақала немесе модуль орналастыру құны – 1 (бір) шаршы сантиметр үшін 1 500 (бір мың бес жүз) теңге, ҚҚС-пен бірге;

Үгіт-насихат материалдары газеттің бірінші және соңғы беттерінде орналастырылмайды.

www.zanmedia.kz сайттарында үгіт материалдарын орналастыру құны

  • «Заң газеті» және «Юридическая газета» газеттерінің баспа нұсқаларында үгіт материалдары орналастырылған жағдайда, сол үгіт материалы аталған сайттарда қайталанып тегін орналастырылады.
  • Үгіт материалдарын тек сайттарда орналастыру құны – бос орындарды қоса есептегенде 1 (бір) таңба үшін 70 (жетпіс) теңге.
  • Сайттың жоғарғы бөлігіндегі (header) көлденең баннер (басты беттің жоғарғы жағындағы слайдерде орналастырылады) – 24 сағатқа 40 000 (қырық мың) теңге.
  • Басты беттің ортаңғы бөлігіндегі көлденең баннер (басты беттегі негізгі контент блогынан кейін орналастырылады) – 24 сағатқа 30 000 (отыз мың) теңге.
  • Сайдбардағы шаршы немесе тік төртбұрышты тік баннер (басты беттің оң жақ бағанының ортаңғы бөлігінде орналастырылады) – 24 сағатқа 20 000 (жиырма мың) теңге.
  • Сайттың төменгі бөлігіндегі (footer) тік баннер – 24 сағатқа 15 000 (он бес мың) теңге.

Көрсетілген бағаларға қосылған құн салығы (ҚҚС) енгізілген.

Әлеуметтік желілердегі аккаунттарда 

үгіт-насихат материалдарын орналастыру құны: 

1. Instagram әлеуметтік желісіндегі жарияланым – 30 000 теңге.

2. TikTok әлеуметтік желісіндегі жарияланым – 30 000 теңге.

3. Telegram мессенджеріндегі жарияланым – 30 000 теңге.

4. Facebook әлеуметтік желісіндегі жарияланым – 30 000 теңге.

Көрсетілген бағаларға ҚҚС (қосылған құн салығы) енгізілген.

Орналастыруға қабылданатын баннерлерге 

қойылатын техникалық талаптар

  • Орналастыру үшін дайын баннерлер келесі форматтарда қабылданады: GIF, JPEG, PNG.
  • Баннердің көлемі 150 Кб-тан аспауы тиіс.
  • Анимациялық GIF-баннердің ойнату жылдамдығы секундына 5 кадрдан аспауы тиіс.
  • Баннердегі кескіндер сапалы әрі анық болуы, мәтіні оқуға ыңғайлы болуы тиіс. Бұлыңғыр немесе сапасыз кескіндерді пайдалануға жол берілмейді.
  • Жыпылықтайтын элементтерді, жыпылықтайтын фонды және пайдаланушының назарын шамадан тыс аударатын өзге де тітіркендіргіш визуалды әсерлерді қолдануға тыйым салынады.

Әлеуметтік желілерде жариялауға арналған техникалық талаптар

Instagram және TikTok платформаларындағы жарияланымдарға қойылатын талаптар

  • Сурет өлшемі – 1350×1080 px (4:5). Аккаунттың негізгі бетінде қаралған кезде сурет 1080×1080 px (1:1) форматында көрсетіледі. Бір жарияланымда 10 суретке дейін («карусель» форматында) орналастыруға болады.
  • Жазбаның ең көп ұзындығы – 2 200 таңба (бос орындарымен бірге).
  • Reels форматына ұзақтығы 1 минутқа дейінгі бейнелерді жүктеуге болады. Ұсынылатын көлемі – 1080 × 1920 px (9:16).

* Қолдау көрсетілетін форматтар – MP4, MOV.

* Назар аударыңыз: Reels таспасында бейне 1920 px-ден 1350 px-ге дейін қиылып көрсетіледі, ал аккаунттың жалпы торында 1080 × 1080 px форматында бейнеленеді.

Telegram-арнасы және Facebook платформаларындағы 

жарияланымдарға қойылатын талаптар

  • Қолдау көрсетілетін форматтар – JPEG, PNG.
  • Бір жарияланымға 2 суретке дейін орналастыруға болады.
  • Жарияланымның ең көп көлемі – 1 024 таңба (бос орындарымен бірге).
  • Суреттің ені кемінде 1280 px болуы тиіс.
  • Қолдау көрсетілетін форматтар – MP4, MOV, GIF. Файлдың ең үлкен көлемі – 20 МБ.
  • Жарияланым сипаттамасына: хэштег; сыртқы сілтеме; Telegram-арнасындағы кез келген арнаға, чатқа немесе пайдаланушыға сілтеме (mention) қосуға болады.

Жасалған шартқа сәйкес үгіт-насихат материалдарын орналастыруға ақы Басылымның меншік иесі ұсынған төлем шоты негізінде, шот ұсынылған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде төленеді.

Жазбаша өтініштер Басылымның меншік иесі тарапынан 2026 жылғы 22 шілде, сағат 09:00-ден бастап 2026 жылғы 20 тамыз, сағат 13:00-ге дейін қоса алғанда, демалыс және мереке күндерін қоспағанда, күн сайын сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжай бойынша қабылданады: Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 100-үй (Сейфуллин көшесінің қиылысы), 5-қабат, тарату және жарнама бөлімі.

Факсимильдік байланыс және интернет арқылы жолданған жазбаша өтініштер қабылданбайды.

Құжаттың электрондық нұсқасы

Неотъемлемая часть мировой цивилизации

В АЛМАТЫ СОСТОЯЛИСЬ МЕЖДУНАРОДНЫЕ НАУЧНЫЕ КРУГЛЫЕ СТОЛЫ, ПОСВЯЩЕННЫЕ НОВЫМ...

Апостиль қою тәртібі және eGov порталының мүмкіндіктері

Қазіргі жаһандану дәуірінде азаматтардың шетелде білім алуы, жұмыс істеуі...

Судья әдебі – сот жүйесіндегі негізгі құндылық

Әділдік – адамзат қоғамының ең асыл құндылықтарының бірі. Ал...

заматтардың 86,9%-ы ел Президентіне сенеді – әлеуметтанулық зерттеулердің нәтижелері

2026 жылғы 17 шілдеде Қазақстандық қоғамдық даму институты «2026...