12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Бағаға мораторий және мұнай нарығы: Қазақстан энергетикасына әсері қандай?

Өткен аптада Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет мүшелерімен және мемлекеттік органдар басшыларымен кеңес өткізді. Кеңесте 16 қазаннан бастап АИ-92 маркалы бензин мен дизель отыны бағасын өсіруге мораторий жариялады. АИ-92 және дизель отынына бағаны өсіруге жарияланған мораторий елдің энергетика саласына қалай әсер етеді? Бұл шешім мұнай өңдеу зауыттарының жаңғыртылуына және отын нарығының жалпы дамуына қалай ықпал етеді? Cарапшының пікірін білген едік, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазір ірі бекеттерде АИ-92 бензині литріне 213–239 теңге, ал дизель отыны 317–337 теңге аралығында сатылып жатыр.

Көктемде Үкімет мұнай өнімдерінің бағасын еркін нарыққа жіберген болатын. Өкінішке қарай, көрші елдің бензин бағасымен салыстырғанда, Қазақстанда ол екі еседей арзандау. Сондықтан, шекараны жапсақ та, арзан тауар өз жолын табады — Ресейге кетіп жатыр. Келесі жылы дизель отыны мен АИ-92 маркалы бензин бойынша тапшылық туындауы мүмкін, — дейді сарапшы Нұрлан Жұмағұлов.

Оның айтуынша, бұл жағдай мұнай өңдеу зауыттарына еш әсер етпейді, өйткені олар тек мұнайды өңдеумен айналысады. Мұнай-газ компаниялары өз мұнайын зауыттарға тапсырады да, сол мұнайдан өндірілген бензин, дизель отыны мен авиакеросинді жергілікті нарыққа өздері сатады.

Келесі жылы еліміздегі үш ірі мұнай өңдеу зауыты күрделі жөндеу жұмыстарына тоқтайды. Егер келесі жылы да бағаны шектеулі деңгейде ұстап отырса, жанар-жағармай тапшылығы туындауы әбден мүмкін. Ал биылғы жылдың соңына дейін ешқандай дефицит болмайды. Өйткені қазіргі таңда 20–30 күнге жетерлік бензин мен дизель отыны бар. Сондай-ақ, жақын арада Атырау мұнай өңдеу зауыты қайта іске қосылады, — деді ол.

Қызылордадағы Ұлттық құрылтай: Президент тапсырмалары қалай жүзеге асып жатыр?

Қызылорда қаласында өткен Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы мазмұны мен маңызы жағынан алдыңғы жиындардан айқын ерекшеленді. Мемлекет басшысы бұл жолы өңірлік мәселелермен шектелмей, елдің ұзақмерзімді дамуына тікелей әсер ететін энергетика, көлік-логистика, су ресурстары, цифрландыру, әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару жүйесіне қатысты нақты міндеттер жүктеді.

Президент Пәкістанға мемлекеттік сапармен барады

Президент 3-4 ақпан күндері Пәкістан Ислам Республикасына мемлекеттік сапармен барады.

Утильалым өсімі: Көлік бағасы қалай өзгереді?

Қазақстанда Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан әкелінетін автокөліктерге утилизациялық алым мөлшерлемелерін 14,6 еседен 38,8 есеге дейін арттыру ұсынылып отыр.

Президент Ұлттық басылым күнімен құттықтады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан журналистерін Ұлттық басылым күнімен құттықтады.

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы жарияланды

Конституциялық реформалар жөніндегі комиссия Қазақстан Республикасының жаңа Ата Заңының...