Бұзақылық жасаған ағайынды жас жігіттер ұсталды

Сайрам аудандық Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оны түнгі сағат 00:00 шамасында өзінің тұрғын үйінің жанында белгісіз біреулер ұрып, қашып кеткен. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша тіркеуге алды. Хабарлама келіп түскен бойда полиция қызметкерлері бұзақыларды ұстау үшін қажетті шараларды жүзеге асырды. Олардың тиянақты жұмыстары мен жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде, күдікті екі жас жігіт ұсталды. Тәртіп сақшылары жас жігіттерді полиция бөліміне жеткізді.

Тексеру кезінде күдіктілер ағайындылар болып шықты. Анықталғандай, олар жәбірленушінің үйіне жақын тұратын туысының үйіне қонаққа барған. Сыртта отырған сәтте жәбірленуші мен күдіктілер арасында түсініспеушілік орын алып, соңы жанжалдасуға әкеп соққан. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Түркістан облысының полицейлері тұрғындарға, адамдар арасындағы түсініспеушілік кезінде сабыр сақтауға шақырады. Әрбір әрекет үшін заң алдында жауап беретінді де үнемі еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Сот реформасы халықтың көңілінен шықты

Сот – әділдік салтанат құратын, азаматтар құқығын қорғайтын алаң....

Сотта өкілдік ету жауапкершілігі жоғары

Азаматтық процестегі сот өкілдігі жеке және заңды тұлғаларға заңгерлік...

Мәмілені жасау мен тоқтатудың заңдық тәртібі

Құқықтық мемлекет – азаматтардың алаңсыз өмір сүріп, қауіпсіздігін мінсіз...

Қазақстанда кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін...