12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

«Бөтен көлік» мінгендер билікке өкпелі

Өз елімізде бағасы қымбат болғандықтан, амалсыз шекара асып, Армения, Қырғыз елдерінен көлік алып келгендер бүгінгі күні көшеде емін-еркін жүре алмай отыр. Шарасыздық қамытын кигендер саны да аз емес, бақандай 170 мың. Мұндай жағдайдың бір күнде қалыптаспасы тағы белгілі. Наразылық танытып, назын айтқандар мұндай қадамға өзгелерден ерекшелену үшін емес, қаржысын үнемдеп, қалтасына салмақ түсірмеудің қамы үшін барғандарын айтып, биліктен сауға сұрауда. Жалпы, тіркелмеген көліктер саны 170 мыңға жеткенше құзырлы орындар не істеп келген? Оларды «ұйқыдан оятқан» не?

Халықтың қалтасымен кім санасады?

«Машина арзан болған соң біз автокөлікті Армения асып, 3 мың км жол жүріп барып алып келдік. Сол кезде бізге ешкім ескерткен жоқ. Тіпті «Осындай кедергі болады» деп шекарадан өткенде қағаз да берген жоқ. Келген соң ел ішінде еркін жүрдік. Енді бір күнде жағдай өзгеріп отыр. Армениядан көлікті 4 миллион теңгеге алдым. Енді есептесем, рәсімдеу үшін оның үстіне 3 миллион теңге ақша қосуым керек», дейді наразылық танытқан жүргізшілердің бірі Руслан Сатымбайұлы.

Рас, заңға бағыну керек. Бірақ ол заң сенің құқығыңды бұзып тұрса, қалтаңда жоқ қаржыны талап етіп, әлеуметтік жағдайыңмен санаспаса ше? Сондықтан наразылық танытқан көлік жүргізушілері өз көліктерін уақытша есепке алуды, не болмаса көліктерін есепке қою үшін кедендік баж салығына жеңілдік жасауды сұрап отыр. Жалпы ел заңнамаларының қарапайым халықтың жағдайымен санаса бермейтіні қынжылтады. Кедендік салыққа сай қаржы төлей алатын болса, көлік жүргізушілері шекара асып көлік іздемей-ақ еліміздегі қымбат көліктердің бірін сатып алып отыра бермес пе еді?!

Шынымен шетелдік көлік қана тәртіп бұза ма?

Алайда құзырлы орындар негізгі түйткілдің бетін бүркемелеп елдің назарын басқа жаққа аударып әлек. Дәл осы «трюк» кезінде оң жақ рөлді көліктерге тыйым салу кезінде де қолданылған еді. Онда да статистиканы алға тартқан бастамашылар жол көлік апаттарының басым бөлігін оң жақ рөлді көлік иелері жасайды дегенге келтіргені есімізде. Әлеуметтік желіні желдей ескен қазіргі жазбалардан да жолдағы жүгенсіздіктерге Армения, Қырғызстан көліктерін мінгендерді кінәлі ету мақсаты тұрғанын аңғару қиын емес. Статистикаға сенсек, өткен жылы осы санаттағы көліктердің қатысуымен 1 854 жол апаты тіркелген. Соның салдарынан 132 адам көз жұмып, 500-ден астамы жарақат алыпты. Бұдан бөлек, жылдамдықты асыру, жол белгілерін сақтамау сияқты 90 мыңнан астам тәртіп бұзушылық орын болып, айыппұлдың жалпы сомасы 1,1 млрд теңгеден асқан көрінеді. Негізінен мұндай көліктер еліміздің батыс өңірінде көбірек кездеседі екен. Мәселен Ақтөбеде тіркеуге қойылмаған 16 мыңнан астам шетелдік көлік бар екен. Олардың дені Ресей Федерациясы, қалғаны Армения мен Қырғыз елдерінен әкелінген. Сол секілді Батыс Қазақстан облысы аумағында 42 мыңнан астам шетелдік нөмірлі көлік бар.

Ала қойды бөле қырқу қажет пе?

 

Көлік жүргізушілерінің бірі кедендік рәсімдеу құнын тым қымбатсынса, енді бірі тіпті «Еуро-4» стандартына сәйкес келмегендіктен көлігін мүлдем тіркете де алмайтынына наразы. Шыны керек, елімізде 2009 жылғы түгілі, 1990 жылдан келе жатқан ескі көлік өте көп. Алайда көліктің жылы мен жағдайына, құны мен құжатына қарамастан түсініспеушіліктер аз туындамайды. Жүргізушілердің бірі Ерболат Мұсағалиев 2009 жылы шыққан көлікті Армениядан өткен жылы әкелген. Ол Армения Еуразия экономикалық одағына кіргендіктен кедендік тазарту болмайды деп ойлаған. Енді тиісті орындар «Еуро-4» стандартына сәйкес келмейді деп таныған меншігін не істейтінін білмей отыр. «Тым болмағанда былтыр айтқанда ғой. Менің көлігім 2009 жылы шыққан. Кедендік рәсімдеу құны өте қымбат болса да өткен жылы тіркеліп үлгеретін едім» — дейді Ерболат.

Тағы бір көлік жүргізушісі Самат Ебжасаров: «тіркеу үшін Еуро-4 талабына сай болуы керек деп жатыр. Яғни шыққанына 7 жыл, ISOFIX балалар орындығын бекіту жүйесі, шұғыл қызмет шақыру «ЭВАК» SOS  батырмасы болмаса тіркей алмайсың. Алайда салондағы су жаңа ресейлік ВАЗ-да SOS батырмасы сияқты жүйелер жоқ, сонда да оларды елге кіргізіп отыр. Ал армениялық, қырғызстандық көліктер жаңағы ВАЗ-дан әлдеқайда қауіпсіз әрі сапалы болса да жоғарыдағы талапты, яғни «аспандағы айды сұрап» отыр. Тіркеуге рұқсат берсе, бәрі тіркейді. Көлік жүргізушілері тіркеуге қарсы емес. Тек қалтаға қатты салмақ түсірмеудің ретін келтірсе болғаны» дейді.

Осы сөздің жаны бар. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналистерге берген сұхбатында «Еуразиялық экономикалық одақта жаңа жылға дейін Армения мен Қырғызстанның көлікті кеденнен өткізу кезінде жеңілдік болған. Бірақ қазақстандықтар осы жеңілдікті пайдаланып, көлікті шетелде сатып алса да, тіркеуге қоймай жүрді. Енді, ол көліктерді тіркеуге қою үшін Қазақстан аумағынан шығып, 30 күннен кейін қайтадан кіру керек. Бұл талап тек Армения мен Қырғызстаннан келген көліктерге ғана қатысты. Ресейлік көліктерге қатысты емес. Негізі, Қазақстанға кіретін барлық көліктер кеденнен ЕАЭО-ның ортақ тәртібі бойынша өтуі тиіс. Ал Армения мен Қырғызстанға 2020 жылға дейін жеңілдік жасалған. Демек, ондай жеңілдік осы екі елдің азаматтарына берілген болатын. Олар уақытша кіріп, емін-еркін жүруге мүмкіндік алған. Ал қазақстандықтар көлік сатып алса, кедендік тазартуды бірден толығымен жасауға міндетті. Енді, біз әкімшілендіруді бастап, осы тәртіп бұзушылықтарға қатысты шара қолданатын боламыз. Көлікті толығымен кедендік тазартудан өткізу керек, я болмаса, Қазақстаннан тыс жерге шығару қажет. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексте бұл ережені сақтамаған жүргізушілердің жауапкершілігі жазылған, көлікті айыппұл тұрағына қоюға дейінгі шаралар бар. Ал көлік иесіне айыппұл салынады» дейді министр орынбасары.

Осы орайда айта кетер жайт, жақында ғана Өзбекстанға барып саяхаттап келген блогерлердің бірі Назым Космосбек әлеуметтік желіде «Ташкенттің бар жұрты өзінен шығатын отандық, жаңа көліктерде жүр. Оның қасында біздің халқымыз ескі көліктермен жүр ме дедім?! » деп жазба қалдырыпты. Расында да автосалоннан су жаңа көлік алуды қалтасы көтермейтін, ал жылы салыстырмалы түрде жаңа, бағасы арзан көрші елдің көлігін мінгісі келгендер сан түрлі кедергіге ұшырайтын біздің еліміздегі жүргізушілер мұңын кім ұғар екен?!

 

Қалдыбай ДҮЙСЕМБАЕВ

 

 

 

Бақытжан Байжановқа тағылған айыптаудың бірі алып тасталды

Бүгін Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысында екінші сотталушы Бақытжан Байжанов тағылған айыптардың бірі бойынша ресми түрде ақталды.

Тағы бір резонанс тудырған сот тікелей эфирде көрсетіледі

Қарағандыда жедел жәрдем көлігі жүргізушісінің соққыға жығылу дерегі бойынша сот процесі тікелей эфирде көрсетіледі. Бұл туралы Жоғарғы сотта мәлім болды

Елімізде күнбағыс майы арзандады

Биылғы бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша, елімізде 194,4 мың тонна өсімдік майы өндірілген, бұл бір жыл бұрынғыдан 13,4 пайызға артық.

Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан энергия жүйелерін біріктіреді

Каспий теңізінің түбімен энергетикалық кабель тарту жобасы: Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Энергетика министрлігінің басшылары меморандумға қол қойды.

Мамырда ауа райы қандай болады?

Синоптиктер мамыр айында ауа райы қандай болатынын айтты.