Бұршақ пен көктайғақ. Алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

«Қазгидромет» синоптиктері 25-28 наурыз аралығына ауа райын болжады. Ақпарат бойынша, Қазақстанда екі циклон бірігеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Біздің ел аумағында Жерорта теңізі мен Солтүстік-Батыс аймақтарынан екі циклон бірігеді. Олар республиканың басым бөлігінде ауа райын анықтайды.

Олардың келуімен барлық өңірлерде жауын-шашын, кей жерлерде қатты көктайғақ, бұрқасын күтіледі, еліміздің оңтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін, сондай-ақ ауа температурасының аздаған жоғарылауы болжанады», — делінген хабарламада.

Бұған дейін Нұр-Сұлтанда бір тәулікте жауған қар айлық нормадан асып түскені хабарланған болатын.

Территория новых увлечений и побед 

Два новых государственных комплекса TANYM ART и TANYM SPORT...

Под единым шаныраком

ВЕКТОР ИСТОРИЧЕСКОГО РАЗВИТИЯ КАЗАХСТАНА НЕИЗМЕННО ОПИРАЕТСЯ НА ЕГО ФУНДАМЕНТАЛЬНЫЕ...

Не карать, а помогать 

В ПОСЛЕДНИЕ ГОДЫ ПРАВООХРАНИТЕЛЬНАЯ СИСТЕМА КАЗАХСТАНА ПЕРЕЖИВАЕТ СУЩЕСТВЕННУЮ ТРАНСФОРМАЦИЮ,...

Судьялар Одағына 30 жыл

Судьялар Одағы 1996 жылғы алғашқы сеъзінде өз жұмысын бастаған,...

В канун Дня Республики Президент наградил граждан, внесших личный вклад в развитие страны

В преддверии Дня Республики президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев подписал...