БҚО әкімі тұрғындарды қол алысудан бас тартуға шақырды

Батыс Қазақстан облысы коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бойынша «қызыл» аймаққа енді. БҚО әкімі Ғали Есқалиев тұрғындырды кейбір әдеттен бас тартуға шақырды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Адамдар әлі күнге дейін қол алысып амандасады. Ішкі саясат басқармасы профилактикалық жұмыстарды күшейтуі қажет. Біз кейбір әдеттен бас тартуымыз керек. Коронавируспен күресудің екі жолы бар: карантин және вакцина. Вакцина бәріне жетпейді. Қазақстан жыл ішінде 6 миллион адамға вакцина салуды жоспарлап отыр. Вакцина КВИ-ді тез жұқтыруы ықтимал адамдарға салынады. Шектеу шараларын жыл соңына дейін қалдыруға тура келуі мүмкін», — деді ол шұғыл штабтың отырысында.

Айта кетейік, 21 қаңтарда БҚО-да 55 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды. Пандемия басынан бері аймақта коронавирустан 175 адам, пневмониядан 264 адам қайтыс болды.

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...

Заявление главного исполнительного директора Kazakh Tourism Development Е. Еркинбаева

В социальных сетях распространяется видеозапись с вырубленными деревьями, которая...

Заң – баршаға ортақ: құқықтық мәдениет – қоғам тұрақтылығының негізі

Құқықтық мемлекет құру тек заңдарды қабылдаумен шектелмейді. Оның басты...

Мемлекеттік қызметтегі әдеп – кәсіби мәдениеттің негізі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін...